Евгений Жовтистің ісі
![Евгений Жовтис, адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл. - Евгений Жовтис көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылып, төрт жылға сотталды. Жол апаты 2009 жылы 26 шілдеде шамамен 22 сағат 30 минутта Қараой-Алматы жолында тіркелді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bdd76353-b4e9-4cf3-baa3-c107115934fb_w1024_q10_s.jpg)
1
Евгений Жовтис, адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл. - Евгений Жовтис көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылып, төрт жылға сотталды. Жол апаты 2009 жылы 26 шілдеде шамамен 22 сағат 30 минутта Қараой-Алматы жолында тіркелді.
![Жол апатынан қаза болған Қанат Молдабаевтың әпкесі Толқын Құдабекова және оның адвокаты Марат Қабылов сот залында. - Алматы облысының 35 жасар тұрғыны Қанат Молдабаев апат тіркелген орында қаза болды. Жовтисті қорғаушылардың мәліметі бойынша, марқұмның анасы оған кінә тақпаған және қарсы іс қозғамауын сұраған. Бірақ Қанат Молдабаевтың әпкесі және әкесі жағынан туған-туыстары сотта Евгений Жовтистің қылмыстық жаза тартуын талап етті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ff43278a-68be-46ce-a546-02773736cd9b_w1024_q10_s.jpg)
2
Жол апатынан қаза болған Қанат Молдабаевтың әпкесі Толқын Құдабекова және оның адвокаты Марат Қабылов сот залында. - Алматы облысының 35 жасар тұрғыны Қанат Молдабаев апат тіркелген орында қаза болды. Жовтисті қорғаушылардың мәліметі бойынша, марқұмның анасы оған кінә тақпаған және қарсы іс қозғамауын сұраған. Бірақ Қанат Молдабаевтың әпкесі және әкесі жағынан туған-туыстары сотта Евгений Жовтистің қылмыстық жаза тартуын талап етті.
![Жол полициясы марқұм Қанат Молдабаевтың анасы келе жатқан көлікті тексерді. - Полиция марқұмның анасы Райхан Молдабаева (солдан - екінші) мен адам құқығын қорғаушы Роза Ақылбекова (сол жақтан үшінші) ұстап жібермеуге тырысты. Алматы облысы, 20 қазан 2009 жыл. Сол күні Талдықорғандағы Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Жовтистің үкіміне шағымды қарап жатқан болатын. Бақылаушылардың Азаттық радиосына хабарлауынша, сотта Райхан Молдабаеваның айыпталушы Жовтиске кешірім беруін сұрағандығына қарамастан апелляциялық алқаның төрағасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0a041084-397d-41b2-a076-4acd72ea35f3_w1024_q10_s.jpg)
3
Жол полициясы марқұм Қанат Молдабаевтың анасы келе жатқан көлікті тексерді. - Полиция марқұмның анасы Райхан Молдабаева (солдан - екінші) мен адам құқығын қорғаушы Роза Ақылбекова (сол жақтан үшінші) ұстап жібермеуге тырысты. Алматы облысы, 20 қазан 2009 жыл. Сол күні Талдықорғандағы Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Жовтистің үкіміне шағымды қарап жатқан болатын. Бақылаушылардың Азаттық радиосына хабарлауынша, сотта Райхан Молдабаеваның айыпталушы Жовтиске кешірім беруін сұрағандығына қарамастан апелляциялық алқаның төрағасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
![Айыпталушы Жовтис және оның қорғаушылары. - Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис (сол жақта), оның адвокаты Виталий Воронов (ортада) және қоғамдық қорғаушысы Вероника Ткаченко (оң жақта) Балқаш аудандық сотында. Алматы облысының Бақанас ауылы, 2 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8345d378-8f77-48bb-afbf-9a6203eabc3e_w1024_q10_s.jpg)
4
Айыпталушы Жовтис және оның қорғаушылары. - Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис (сол жақта), оның адвокаты Виталий Воронов (ортада) және қоғамдық қорғаушысы Вероника Ткаченко (оң жақта) Балқаш аудандық сотында. Алматы облысының Бақанас ауылы, 2 қыркүйек 2009 жыл.
![Адвокат Виталий Воронов. - Сотта Жовтисті адвокат Виталий Воронов қорғады. Воронов 1999 жылы оппозиция көсемі Әкежан Қажыгелдинмен қарым-қатынасын күрт үзгендігімен де көпшілікке жақсы танымал. Алайда бұл жағдай бірқатар қоғамдық орталардың Вороновты қайта қабылдауына кедергі болған жоқ. 2003 жылы ол Сергей Дувановты қорғады, сот тәуелсіз журналисті қылмыстық жазамен үш жарым жылға түрмеге жапқан еді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6c372464-6cff-4028-9243-fa05ac31e0b6_w1024_q10_s.jpg)
5
Адвокат Виталий Воронов. - Сотта Жовтисті адвокат Виталий Воронов қорғады. Воронов 1999 жылы оппозиция көсемі Әкежан Қажыгелдинмен қарым-қатынасын күрт үзгендігімен де көпшілікке жақсы танымал. Алайда бұл жағдай бірқатар қоғамдық орталардың Вороновты қайта қабылдауына кедергі болған жоқ. 2003 жылы ол Сергей Дувановты қорғады, сот тәуелсіз журналисті қылмыстық жазамен үш жарым жылға түрмеге жапқан еді.
![Журналистер, саясаткерлер, адам құқығын қорғаушылар және дипломаттар Балқаш аудандық сотының алдында тұр. - Евгений Жовтистің ісін жергілікті адам құқығын қорғаушылармен қатар ЕҚЫҰ, Норвегиядағы Хельсинки комитеті, «Хьюман Райтс Вотч», сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания және Германия елшіліктерінің өкілдері жіті бақылады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d3d8aa16-d540-415d-9b46-430924eadb45_w1024_q10_s.jpg)
6
Журналистер, саясаткерлер, адам құқығын қорғаушылар және дипломаттар Балқаш аудандық сотының алдында тұр. - Евгений Жовтистің ісін жергілікті адам құқығын қорғаушылармен қатар ЕҚЫҰ, Норвегиядағы Хельсинки комитеті, «Хьюман Райтс Вотч», сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания және Германия елшіліктерінің өкілдері жіті бақылады.
![Балқаш аудандық сотының залында. Бақанас, 2 қыркүйек 2009 жыл. - Журналистер, саясаткерлер, адам құқығын қорғаушылар және дипломаттар Жовтис ісін бақылап отыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b82ae5a8-744e-47f5-8ece-80da029735e7_w1024_q10_s.jpg)
7
Балқаш аудандық сотының залында. Бақанас, 2 қыркүйек 2009 жыл. - Журналистер, саясаткерлер, адам құқығын қорғаушылар және дипломаттар Жовтис ісін бақылап отыр.
![Жовтис ісі бойынша прокурор Алтай Жәнібеков журналистермен сөйлесіп тұр. - Мемлекеттік айыптаушы Алтай Жәнібеков журналистерге сот мәжілісі кезінде тыныштық сақтау керектігін ескертіп тұр. Бақанас, 2 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8d32ce89-eb02-4452-a8de-2eb24b5d1679_w1024_q10_s.jpg)
8
Жовтис ісі бойынша прокурор Алтай Жәнібеков журналистермен сөйлесіп тұр. - Мемлекеттік айыптаушы Алтай Жәнібеков журналистерге сот мәжілісі кезінде тыныштық сақтау керектігін ескертіп тұр. Бақанас, 2 қыркүйек 2009 жыл.
![Жовтис ісі бойынша судья Чолан Толкунов. - Балқаш аудандық сотының судьясы Чолан Толкунов адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің ісін екі күннің ішінде қарап үлгеріп, түрме жазасын шығарды. Бақанас, 2 өыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bd6e20c1-9b96-427c-bc6e-cf185e9a6610_w1024_q10_s.jpg)
9
Жовтис ісі бойынша судья Чолан Толкунов. - Балқаш аудандық сотының судьясы Чолан Толкунов адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің ісін екі күннің ішінде қарап үлгеріп, түрме жазасын шығарды. Бақанас, 2 өыркүйек 2009 жыл.
![Евгений Жовтиске үкім шығарылған күн. - Айыпталушы Евгений Жовтис (сол жақта), оның адвокаты Виталий Воронов, қоғамдық қорғаушылары Вера Ткаченко және Дос Көшім сот залында айыптау үкімін тыңдап тұр. Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d06c5e78-fdb9-4e07-90f5-318b1add758b_w1024_q10_s.jpg)
10
Евгений Жовтиске үкім шығарылған күн. - Айыпталушы Евгений Жовтис (сол жақта), оның адвокаты Виталий Воронов, қоғамдық қорғаушылары Вера Ткаченко және Дос Көшім сот залында айыптау үкімін тыңдап тұр. Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл.
![Жовтисті сот залында тұтқындау. - Полиция қызметкерлері қазақстандық адам құқығын қорғаушыны сот залында тұтқындап жатыр. Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл. Сурет "Свобода слова" газетінен алынды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/feb64de9-01aa-4c92-89e4-44fec25ed8a3_w1024_q10_s.jpg)
11
Жовтисті сот залында тұтқындау. - Полиция қызметкерлері қазақстандық адам құқығын қорғаушыны сот залында тұтқындап жатыр. Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл. Сурет "Свобода слова" газетінен алынды.
![Евгений Жовтиске сот залында кісен салынды. - Полиция қызметкерлері Евгений Жовтисті қолына кісен салып сот залынан алып кетті. Сурет "Свобода слова" газетінен алынды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/768cbe51-9413-4e95-a183-2d68e30abf49_w1024_q10_s.jpg)
12
Евгений Жовтиске сот залында кісен салынды. - Полиция қызметкерлері Евгений Жовтисті қолына кісен салып сот залынан алып кетті. Сурет "Свобода слова" газетінен алынды.
![Евгений Жовтистің адвокаты мен қоғамдық қорғаушылар сот үкімі шыққаннан кейін баспасөз мәжілісін өткізді. - Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Воронов (сол жақта), Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина (ортада) және Жовтистің қоғамдық қорғаушысы Вера Ткаченко (сол жақта). Алматы, 4 қыркүйек 2009 жыл. Олар Жовтисті қорғау құқығының өрескел бұзылғандығы туралы мәлімдеді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2f1ba0f0-0fef-4dbf-8c5d-3674bf5f256e_w1024_q10_s.jpg)
13
Евгений Жовтистің адвокаты мен қоғамдық қорғаушылар сот үкімі шыққаннан кейін баспасөз мәжілісін өткізді. - Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Воронов (сол жақта), Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина (ортада) және Жовтистің қоғамдық қорғаушысы Вера Ткаченко (сол жақта). Алматы, 4 қыркүйек 2009 жыл. Олар Жовтисті қорғау құқығының өрескел бұзылғандығы туралы мәлімдеді.
![Жовтистің адвокаты Виталий Воронов. - Адвокат Виталий Воронов журналистерге Евгения Жовтистің көлігінің жол апатына ұшырау сәтінің сызбасын көрсетті. Алматы, 4 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e03fa0d2-12de-49e1-ae9c-3c6733c9fb62_w1024_q10_s.jpg)
14
Жовтистің адвокаты Виталий Воронов. - Адвокат Виталий Воронов журналистерге Евгения Жовтистің көлігінің жол апатына ұшырау сәтінің сызбасын көрсетті. Алматы, 4 қыркүйек 2009 жыл.
![Жовтистің қоғамдық қорғаушысы Дос Көшім. - "Ұлт тағдыры" қоғамдық қозғалысының төрағасы Дос Көшім адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің қоғамдық қорғаушысы болды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/26c2a83c-bcdb-4712-8a4d-07227487e739_w1024_q10_s.jpg)
15
Жовтистің қоғамдық қорғаушысы Дос Көшім. - "Ұлт тағдыры" қоғамдық қозғалысының төрағасы Дос Көшім адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің қоғамдық қорғаушысы болды.
![Жовтистің қоғамдық қорғаушысы Вера Ткаченко. - Құқықтық саясатты зерттеу орталығының директоры Вера Ткаченко адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің қоғамдық қорғаушысы болды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0cd90b77-94a6-467a-9ecc-564d8e3b418d_w1024_q10_s.jpg)
16
Жовтистің қоғамдық қорғаушысы Вера Ткаченко. - Құқықтық саясатты зерттеу орталығының директоры Вера Ткаченко адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің қоғамдық қорғаушысы болды.
![Саясаттанушы Виктор Ковтуновский адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиске шығарылған сот үкіміне наразылық білдіріп тұр. - Саясаттанушы Виктор Ковтуновский қолына "Бүгін - Жовтис, ертең -сен!" деп жазылған плакатты ұстап Алматыдағы Арбатқа шықты. Алматы, 9 қыркүйек 2009 жыл. Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро қызметкерлері түсірген сурет.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a134c7a1-63d5-43f4-94f5-2712f1a864b3_w1024_q10_s.jpg)
17
Саясаттанушы Виктор Ковтуновский адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиске шығарылған сот үкіміне наразылық білдіріп тұр. - Саясаттанушы Виктор Ковтуновский қолына "Бүгін - Жовтис, ертең -сен!" деп жазылған плакатты ұстап Алматыдағы Арбатқа шықты. Алматы, 9 қыркүйек 2009 жыл. Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро қызметкерлері түсірген сурет.
![Варшавада Жовтисті қолдау акция өтті. - Польшаның Балли Мажец бастаған азаматтық қоғам белсенділері Варшавадағы қазақстандық елшіліктің алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Варшава, 15 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02620191-edbf-4217-8c37-41ab206babdc_w1024_q10_s.jpg)
18
Варшавада Жовтисті қолдау акция өтті. - Польшаның Балли Мажец бастаған азаматтық қоғам белсенділері Варшавадағы қазақстандық елшіліктің алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Варшава, 15 қыркүйек 2009 жыл.
![Варшавадағы Жовтисті қолдау акциясы. - Поляк белсендісінің қолындағы плакатта Жовтисті босату талабы жазылған. Варшава, 15 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4d2d0494-3198-4a4c-87a5-9e68916f38ce_w1024_q10_s.jpg)
19
Варшавадағы Жовтисті қолдау акциясы. - Поляк белсендісінің қолындағы плакатта Жовтисті босату талабы жазылған. Варшава, 15 қыркүйек 2009 жыл.
![Бішкекте Жовтисті қолдау акциясы өтті. - Қырғыз адам құқығын қорғаушылар қазақстандық елшіліктің алдында Евгений Жовтисті қолдау акциясына шығып, оны босатуды талап етті. Бішкек, 16 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d1699bca-ccd4-43b9-9510-6409356b483b_w1024_q10_s.jpg)
20
Бішкекте Жовтисті қолдау акциясы өтті. - Қырғыз адам құқығын қорғаушылар қазақстандық елшіліктің алдында Евгений Жовтисті қолдау акциясына шығып, оны босатуды талап етті. Бішкек, 16 қыркүйек 2009 жыл.
![Тәуелсіз журналист Андрей Свиридов Жовтиске шығарылған үкімге наразылығын білдірді. - Андрей Свиридов қолына "Евгений Жовтис үшін әділетті сот талап едемін" деп жазылған плакат ұстап шықты. Алматының Арбаты, 16 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f7a46818-de7b-42b1-9344-eeab9f0778b5_w1024_q10_s.jpg)
21
Тәуелсіз журналист Андрей Свиридов Жовтиске шығарылған үкімге наразылығын білдірді. - Андрей Свиридов қолына "Евгений Жовтис үшін әділетті сот талап едемін" деп жазылған плакат ұстап шықты. Алматының Арбаты, 16 қыркүйек 2009 жыл.
![Тәуелсіз журналистер Сергей Дуванов пен Рысбек Сәрсенбай адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтисті босатуды талап етті. - Сергей Дуванов және Рысбек Сәрсенбай "Бүгін - Жовтис, ертең - Сен» акциясын жалғастырды. Алматының Арбаты, 23 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e6cdfc91-c343-45f7-8d22-763411b5f251_w1024_q10_s.jpg)
22
Тәуелсіз журналистер Сергей Дуванов пен Рысбек Сәрсенбай адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтисті босатуды талап етті. - Сергей Дуванов және Рысбек Сәрсенбай "Бүгін - Жовтис, ертең - Сен» акциясын жалғастырды. Алматының Арбаты, 23 қыркүйек 2009 жыл.
![Полиция Жовтисті қолдау акциясына бөгеп жасады. - Полиция қызметкері Жовтистің үкіміне қарсы көпшілік наразылық акциясын өткізу заңсыз деп мәлімдеді. Алматының Арбаты, 30 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/98bfe5e1-0830-48ee-9575-37f92e8a468b_w1024_q10_s.jpg)
23
Полиция Жовтисті қолдау акциясына бөгеп жасады. - Полиция қызметкері Жовтистің үкіміне қарсы көпшілік наразылық акциясын өткізу заңсыз деп мәлімдеді. Алматының Арбаты, 30 қыркүйек 2009 жыл.
![Полиция Жовтисті қолдау акциясына бөгеп жасады. - Жовтисті жақтаушы Ольга Оразбекова "Бүгін - Жовтис, ертең - Сен!" плакатын ұстап тұр, қасындағы полиция қызметкері одан акцияны тоқтатуын талап етті. Алматының Арбаты, 30 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ca01b64f-b150-47bb-bbd5-12dfb6418395_w1024_q10_s.jpg)
24
Полиция Жовтисті қолдау акциясына бөгеп жасады. - Жовтисті жақтаушы Ольга Оразбекова "Бүгін - Жовтис, ертең - Сен!" плакатын ұстап тұр, қасындағы полиция қызметкері одан акцияны тоқтатуын талап етті. Алматының Арбаты, 30 қыркүйек 2009 жыл.
![Жовтистің жақтаушыларын полиция көлігімен алып кетті. - Полиция Жовтистің жақтастарын ұстады. Осындай акцияларды өткізушілер рұқсат етілмеген митингтер ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Алматының Арбаты, 30 қыркүйек 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1e185baf-16ad-4592-a924-4b33de4a6dbc_w1024_q10_s.jpg)
25
Жовтистің жақтаушыларын полиция көлігімен алып кетті. - Полиция Жовтистің жақтастарын ұстады. Осындай акцияларды өткізушілер рұқсат етілмеген митингтер ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Алматының Арбаты, 30 қыркүйек 2009 жыл.