Қысқы Олимпиада ойындарына жаппай дайындық жүріп жатқан Сочи қаласы маңындағы Лазаревский ауданы тұрғындары 2012 жылы маусымда ресми түрде жабылған бұрынғы тұрмыс қалдықтарын жинайтын орынға әлі күнге дейін, кейде түнделетіп қоқыс төгілетінін айтып, наразылық білдіреді. Теңізге құятын Бихта өзені суының түсі де тау болып үйіліп, шіріп жатқан қоқыс салдарынан қарақошқыл тартып өзгерген. (Фото авторы – Аббас Атилай, Азаттықтың Әзербайжан қызметі)
Сочи маңындағы қоқыс
![Уч-Дере ауылының жанындағы қоқыс үйілген тұстан Бихта өзені ағады. Бұл жердегі полигон совет кезінде ашылған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f419b913-362a-41f7-b760-734948cdbd9b_w1024_q10_s.jpg)
1
Уч-Дере ауылының жанындағы қоқыс үйілген тұстан Бихта өзені ағады. Бұл жердегі полигон совет кезінде ашылған.
![Полигонның дәл жанында үш елді мекен – Уч-Дере, Лоо және Атарбеково ауылдары орналасқан.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c92efaff-dbe9-4631-a828-704b57086033_w1024_q10_s.jpg)
2
Полигонның дәл жанында үш елді мекен – Уч-Дере, Лоо және Атарбеково ауылдары орналасқан.
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/78318696-dde0-46ae-851c-f7ece8ef9f8e_w1024_q10_s.jpg)
3
![Қоқыс жатқан жердегі шалшық су.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/482152ab-848d-48a5-9706-efe5acaa37d2_w1024_q10_s.jpg)
4
Қоқыс жатқан жердегі шалшық су.
![Бұл жерге қоқыс төгуге қарсы азаматтық белсенділік танытып жүрген Рита Кравченко қоқыс-қалдықты заңсыз төгу әлі күнге дейін тыйылмай отырғанын айтады. Соның салдарынан Бихта өзені ластанып, ол құятын теңізге шомылуды да қойдық дейді Уч-Дере ауылының тұрғыны.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5705132f-5e3b-4d4b-a185-1fd770b13f40_w1024_q10_s.jpg)
5
Бұл жерге қоқыс төгуге қарсы азаматтық белсенділік танытып жүрген Рита Кравченко қоқыс-қалдықты заңсыз төгу әлі күнге дейін тыйылмай отырғанын айтады. Соның салдарынан Бихта өзені ластанып, ол құятын теңізге шомылуды да қойдық дейді Уч-Дере ауылының тұрғыны.
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f848766a-d0f4-433b-ba77-9541b4ae32ae_w1024_q10_s.jpg)
6
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5b74da70-ef8c-4910-bdf7-9888f56a9a6d_w1024_q10_s.jpg)
7
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/cfd72bcf-d51b-4dd6-a961-9c4f933a2b63_w1024_q10_s.jpg)
8
![Үйілген қоқыс қазір шіріп жатыр. Тұрғындар одан айналаға тарайтын бу улы деп қауіптенеді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/90717339-2afc-40d8-975d-3ed201f6dddd_w1024_q10_s.jpg)
9
Үйілген қоқыс қазір шіріп жатыр. Тұрғындар одан айналаға тарайтын бу улы деп қауіптенеді.
![Уч-Дере ауылының іргесіндегі тоғай.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/585a4c5d-fc05-436c-9718-5d833c9ce1bb_w1024_q10_s.jpg)
10
Уч-Дере ауылының іргесіндегі тоғай.
![Рита Кравченко қоқыс жатқан маңдағы бұлақ суын көрсетіп тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e9ccc640-83e0-493a-9dec-22cf172d724a_w1024_q10_s.jpg)
11
Рита Кравченко қоқыс жатқан маңдағы бұлақ суын көрсетіп тұр.
![Уч-Дере ауылының маңындағы көл. Бұрын бұл маңда түрлі жеміс ағаштары өсетін бақ болған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a139dfe3-80fa-45ad-b81f-3d5e11a7f865_w1024_q10_s.jpg)
12
Уч-Дере ауылының маңындағы көл. Бұрын бұл маңда түрлі жеміс ағаштары өсетін бақ болған.