1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ ССР-інде алғаш рет президент қызметі енгізілді. Жоғары Кеңес бұл қызметке сол кезде республика компартиясын басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда елде алғаш рет жалпыхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен президент сайлауында жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Содан бері ол бұл қызметке тағы төрт мәрте сайланды. Ол сайлаулардың барлығы мерзімінен бұрын өтті. Қазақстанды 1989 жылдан бастап отыз жылға жуық үздіксіз басқарған Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда халыққа биліктен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаевтың биліктегі 30 жылы
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
![2016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты. Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2d1c77ac-53ba-4f97-a2a2-04ebe1fea35d_w1024_q10_s.jpg)
26
2016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты.
Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған. 
Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған. 
![Назарбаев Бірлік күні мерекесінде жүр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d7949cb4-99e4-44ae-935d-f77254a32ad3_w1024_q10_s.jpg)
27
Назарбаев Бірлік күні мерекесінде жүр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
![2017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ca383c79-7d6c-4e55-ae22-0acbb7b52191_w1024_q10_s.jpg)
28
2017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады.
![2019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e3a9de4c-8c49-4f4a-931a-fe2d12a10d99_cx0_cy25_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
29
2019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.