4 қазан күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия ойындары мәреге жетті. Қазақстан бұл жолғы Азиаданың 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медалін (жиыны 84 жүлде) иеленіп, жарысты жалпыкомандалық есепте 4-орында аяқтады. Азаттық Азия ойындарында чемпион және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары туралы фоторепортаж ұсынады.
Азия ойындары - 2014
![Қазақстандық Әділбек Ниязымбетов (сол жақта) 85 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e43597c7-65e6-46c2-a74b-68fc7b60ea7b_w1024_q10_s.jpg)
1
Қазақстандық Әділбек Ниязымбетов (сол жақта) 85 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
![Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов 69 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b59897a5-6a84-4e38-953b-20253ab1cbda_w1024_q10_s.jpg)
2
Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов 69 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
![Қазақ боксшысы Ілияс Сүлейменов Азия ойындарының чемпион атанды. 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Данияр Майлыбаев.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/066e2194-9caa-4bab-847b-0eb33446e4c5_w1024_q10_s.jpg)
3
Қазақ боксшысы Ілияс Сүлейменов Азия ойындарының чемпион атанды. 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Данияр Майлыбаев.
![Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (қызыл формада) 75 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/fef95b66-f1e9-4f97-be4c-84ef298f8b01_w1024_q10_s.jpg)
4
Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (қызыл формада) 75 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
![Қазақстан боксшысы Иван Дычко +91 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында күміс медаль алған. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e3d34881-6f33-4409-939a-4a7e731f8b94_w1024_q10_s.jpg)
5
Қазақстан боксшысы Иван Дычко +91 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында күміс медаль алған. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл
![Грек-рим күресінен 130 килограмда Нұрмахан Тінәлиев қарсыластарының барлығын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылғы Азия ойындарында да алтын алған еді. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Данияр Майлыбаев](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/7f3a6d51-51f7-44c1-b121-f2b2f5d52148_w1024_q10_s.jpg)
6
Грек-рим күресінен 130 килограмда Нұрмахан Тінәлиев қарсыластарының барлығын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылғы Азия ойындарында да алтын алған еді. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Данияр Майлыбаев
![Каратэден 68 килограмда Гузалия Гафурова финалда Линглинг Тангты 4:3 есебімен ұтып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/54361277-9cce-496c-b3db-1eaa36e96e46_w1024_q10_s.jpg)
7
Каратэден 68 килограмда Гузалия Гафурова финалда Линглинг Тангты 4:3 есебімен ұтып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
![Үш қарғып секіруде Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Инчхонда да алтын алды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да алтын медаль иеленген. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b652f3e9-a1ba-4158-babd-e8f7b5f12e6c_w1024_q10_s.jpg)
8
Үш қарғып секіруде Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Инчхонда да алтын алды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да алтын медаль иеленген. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов.
![Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде Азия ойындарының чемпион атанды. Ол 100 метрге жүгіруде қола медаль алған. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5a8bba25-16b4-4a68-928f-9eb446ace448_w1024_q10_s.jpg)
9
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде Азия ойындарының чемпион атанды. Ол 100 метрге жүгіруде қола медаль алған. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов
![Қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мукашева 800 метрге жүгіруде Азия ойындарының чемпион атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/021d9430-a302-4b33-a593-d8dbb5af6b9d_w1024_q10_s.jpg)
10
Қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мукашева 800 метрге жүгіруде Азия ойындарының чемпион атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов
![Жеңіл атлетика 4х100 метрге эстафетада Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль иеленді. Инчхон, 2 қазан 2014 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f2c172de-31c7-46b5-aaa8-8445472a7300_w1024_q10_s.jpg)
11
Жеңіл атлетика 4х100 метрге эстафетада Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль иеленді. Инчхон, 2 қазан 2014 жыл