31 мамыр күні Алматыдағы "Көкжайлауды қорғайық" тобы мен бірнеше үкіметтік емес ұйым Көкжайлауда халықаралық балаларды қорғау күніне орай шара өткізді. Бұл шараға әлеуметтік желі арқылы шақырушылар Көкжайлаудың табиғатына бей-жай қарамайтын адамдар балаларын ерте келіп, бұл маңды тау шаңғысы курортын салудан қорғау шарасын қолдауды сұраған. Болашақ курортқа баратын жол мен электр станциясы құрылысы басталып кеткен.
Көкжайлауды қолдауға балалар да қатысты
![Үлкенді-кішілі ондаған адам таңғы жаңбырға қарамастан тауға бет алды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3e9c9441-a479-4de1-bb00-8c75d3a65c3e_w1024_q10_s.jpg)
1
Үлкенді-кішілі ондаған адам таңғы жаңбырға қарамастан тауға бет алды.
![Көкжайлауға жету үшін 5 километр жол жүру керек.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e4240836-37b4-4ae1-8e3c-ba5a43dc16a5_w1024_q10_s.jpg)
2
Көкжайлауға жету үшін 5 километр жол жүру керек.
![Бірер сағаттан кейін жұрт Көкжайлаудың шығыс тұсына жетті. Ол маңда демалып жатқан саяхатшылар да бұл акцияға куә болды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/845ff256-67ef-4390-89e6-5a1fa722dc23_w1024_q10_s.jpg)
3
Бірер сағаттан кейін жұрт Көкжайлаудың шығыс тұсына жетті. Ол маңда демалып жатқан саяхатшылар да бұл акцияға куә болды.
![Акцияны ұйымдастырушылар балаларға шар таратты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fafed351-6df4-45d4-b4da-ebc29ceb670e_w1024_q10_s.jpg)
4
Акцияны ұйымдастырушылар балаларға шар таратты.
![Құрылыс кезінде оталуы мүмкін деген шыршаға «Kok-Zhailau-SOS» деген жазу ілінген жіп тартылды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8587d8c0-6318-4805-9b0e-5b9cd67eb742_w1024_q10_s.jpg)
5
Құрылыс кезінде оталуы мүмкін деген шыршаға «Kok-Zhailau-SOS» деген жазу ілінген жіп тартылды.
![Жиналған жұртқа "Көкжайлауды қорғайық" тобының логотипі бар қағаз таратты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d97de10e-cf9f-47a5-af91-fe9dcfc05a2f_w1024_q10_s.jpg)
6
Жиналған жұртқа "Көкжайлауды қорғайық" тобының логотипі бар қағаз таратты.
![Оны шатырдың маңдайшасына да жапсырып қойды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/62d2d794-f916-48b9-bc18-31ae11c19061_w1024_q10_s.jpg)
7
Оны шатырдың маңдайшасына да жапсырып қойды.
![Шараға келгендер демалып жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8ebabc6b-9a01-4c4b-8a39-3620813ce3cd_w1024_q10_s.jpg)
8
Шараға келгендер демалып жатыр.
![Акцияға қатысушылардың арасында "Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов те болды. Ол ұлы мен немересін ерте келді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/001a3842-440c-465f-a4c3-009cb948ad60_w1024_q10_s.jpg)
9
Акцияға қатысушылардың арасында "Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов те болды. Ол ұлы мен немересін ерте келді.
!["Көкжайлауды қорғайық" қозғалысының белсендісі Салтанат Сарыбаева палау басып жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/333e22c7-3775-437f-a138-062c7bf1a465_w1024_q10_s.jpg)
10
"Көкжайлауды қорғайық" қозғалысының белсендісі Салтанат Сарыбаева палау басып жатыр.
![Тамақ ішіп отырған белсенділер.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/84906a22-7e1a-4a7e-b862-66027bd94240_w1024_q10_s.jpg)
11
Тамақ ішіп отырған белсенділер.
!["Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов жұртты Көкжайлауға тағы да келуге, Астанаға хат жазуға шақырды. Ол келер жолы құрал-сайман ала келіп, 2011 жылы құлаған ағаштардан "рухани ғибадатхана" салу жайлы ұсыныс айтты. Ол идеяны қолдаушылар көп болмады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fe8c34b3-8ee1-40bb-b744-23e383433509_w1024_q10_s.jpg)
12
"Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов жұртты Көкжайлауға тағы да келуге, Астанаға хат жазуға шақырды. Ол келер жолы құрал-сайман ала келіп, 2011 жылы құлаған ағаштардан "рухани ғибадатхана" салу жайлы ұсыныс айтты. Ол идеяны қолдаушылар көп болмады.
![Акцияға қатысушылар суретке түсіп тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8e6b218b-303a-4975-a180-f7d70745ab6d_w1024_q10_s.jpg)
13
Акцияға қатысушылар суретке түсіп тұр.
![«Kok-Zhailau-SOS» деген шарды ұшырып жібермек болып еді, ол ұша алмады. Сондықтан шарды жиналған жұртқа таратып беріп, жазуы бар плакатты ел көретін жерге ілмек болды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9d6f3cfa-c50f-4780-b964-e0fa9b4661a8_w1024_q10_s.jpg)
14
«Kok-Zhailau-SOS» деген шарды ұшырып жібермек болып еді, ол ұша алмады. Сондықтан шарды жиналған жұртқа таратып беріп, жазуы бар плакатты ел көретін жерге ілмек болды.