2015 жылы ақпан айында тұрғындарға есеп берген Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанадағы қалың түтінді көмір жағатын тұрғындардан көретінін айтқан болатын. Әкім сол жолы жұртқа көмір жағудан бас тартуға дайындалу жайын ескерткен еді. Алайда қар түсіп, күн суытқалы Астанада көмір саудасы қайта қызды.
Астанадағы көмір саудасы
![Астанадағы түтін. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/104e97db-95fa-43de-abab-4920043b893c_w1024_q10_s.jpg)
1
Астанадағы түтін.
![Көмір сатушылар «сауда жаман емес» дейді. Олардың сөзіне қарағанда, Астанада кейбір тұрғындар қыстай көмірді қаппен сатып алып жағады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/dc9e5581-bf0d-44d1-8783-a896b8b90a86_w1024_q10_s.jpg)
2
Көмір сатушылар «сауда жаман емес» дейді. Олардың сөзіне қарағанда, Астанада кейбір тұрғындар қыстай көмірді қаппен сатып алып жағады.
![Көмірді қапқа салып жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f116ad74-f793-441e-b736-ccf3b4d9a161_w1024_q10_s.jpg)
3
Көмірді қапқа салып жатыр.
![Астананың «Оңтүстік-шығыс» ауданында осындай контейнерлер көп. Қаппен көмір сату - саудагерге тиімді, алушыға шығын. Бірақ бірден тонналап алуға шамасы жетпегендер амалсыздан қаппен алады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/74de5647-6676-4cdd-a9d0-4f44b00fd434_w1024_q10_s.jpg)
4
Астананың «Оңтүстік-шығыс» ауданында осындай контейнерлер көп. Қаппен көмір сату - саудагерге тиімді, алушыға шығын. Бірақ бірден тонналап алуға шамасы жетпегендер амалсыздан қаппен алады.
![Сатуға әкелінген көмір. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c210e79a-1f7d-4076-8e91-a6eeda21fc88_w1024_q10_s.jpg)
5
Сатуға әкелінген көмір.
![Даладағы пешке көмір жағып, тамақ жасап жатқан аспаз.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/02f4f8a2-28aa-4395-a0c9-fa404f942c8f_w1024_q10_s.jpg)
6
Даладағы пешке көмір жағып, тамақ жасап жатқан аспаз.
![Көмір сатып тұрған саудагерлер аты-жөндерін айтқысы, жақын жерден суретке түскісі келмеді. Олардың сөзіне қарағанда, көмірдің тоннасы қазір 13 мың теңге. Олар «алушы былтырғыдай көп емес» дейді. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/13bb4452-31e4-484f-ab21-412530616f31_w1024_q10_s.jpg)
7
Көмір сатып тұрған саудагерлер аты-жөндерін айтқысы, жақын жерден суретке түскісі келмеді. Олардың сөзіне қарағанда, көмірдің тоннасы қазір 13 мың теңге. Олар «алушы былтырғыдай көп емес» дейді.
![Астана қаласының «Оңтүстік-шығыс» ауданындағы көшедегі көмір саудасы.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6e2dde8b-6e5f-409f-8173-e74143fb3ed9_w1024_q10_s.jpg)
8
Астана қаласының «Оңтүстік-шығыс» ауданындағы көшедегі көмір саудасы.
![Астананың сол жағалауындағы көрініс.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c0f6a184-202d-40e3-892d-ca376c540924_w1024_q10_s.jpg)
9
Астананың сол жағалауындағы көрініс.
![Көмір тасып жүрген адам. Тұрғындар үшін көмір – ең арзан отын. Себебі, Астанаға газ тартылмаған. Ал мазут, ғимарат жылытатын жанармай түрлері, электр қуаты көмірден қымбат.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/666aaf68-060b-4781-8d3b-2dff409057db_w1024_q10_s.jpg)
10
Көмір тасып жүрген адам. Тұрғындар үшін көмір – ең арзан отын. Себебі, Астанаға газ тартылмаған. Ал мазут, ғимарат жылытатын жанармай түрлері, электр қуаты көмірден қымбат.
![«Оңтүстік-шығыс» ауданынының кешкі көрінісі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d95c8f40-eef5-4e33-9542-9322760dcd65_w1024_q10_s.jpg)
11
«Оңтүстік-шығыс» ауданынының кешкі көрінісі.
![Астанадағы жер үйдің пеші. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f14d44dc-8134-4ca5-b8df-504b255f5feb_w1024_q10_s.jpg)
12
Астанадағы жер үйдің пеші.
![Түтін тек жер үйлерден шықпайды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/07badd22-7e67-43b3-8ad1-8c976ad87d8a_w1024_q10_s.jpg)
13
Түтін тек жер үйлерден шықпайды.
![Астана көшелерінен «көмір» деген жарнаманы жиі көруге болады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6d249d7b-a1ed-48b9-8838-a2d81989ecf8_w1024_q10_s.jpg)
14
Астана көшелерінен «көмір» деген жарнаманы жиі көруге болады.
![Қыста көмір жағатын жер үйдің ауласында тұрған лимузин көлігі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/331cce8f-c797-49da-9c69-eff1c31c44fc_w1024_q10_s.jpg)
15
Қыста көмір жағатын жер үйдің ауласында тұрған лимузин көлігі.
![Астананың түтіні. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/abea7a11-b7f4-46b6-8b59-2b18a619a23b_w1024_q10_s.jpg)
16
Астананың түтіні.