Румыния астанасында түнгі клубта болған өрт құрбандарын еске алу шеруіне мыңдаған адам жиналды. Әу баста Бухарес аудандарының бірінің басшысына наразылық білдірмек болған наразылар онымен бірге елдің премьер-министрі де отставкаға кетуін талап етті. 3 қараша 2015 жыл.
Бухарестегі үкіметке қарсы шеру
![Қарашаның 3-і күні кешке Бухарестегі наразылық шеруіне өткен аптада қаладағы түнгі клубтардың бірінде көп адамның қазасына соқтырған өрт оқиғасы себеп болды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a8105785-9377-48f1-9dfc-098891847bf7_w1024_q10_s.jpg)
1
Қарашаның 3-і күні кешке Бухарестегі наразылық шеруіне өткен аптада қаладағы түнгі клубтардың бірінде көп адамның қазасына соқтырған өрт оқиғасы себеп болды.
![Қазанның 30-ы күні Бухарестегі Colectiv түнгі клубында шыққан өрт салдарынан 32 адам қаза тауып, 200-дей адам зардап шеккен еді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5e5e48c1-cc16-4539-bcbe-c8303cad96e7_w1024_q10_s.jpg)
2
Қазанның 30-ы күні Бухарестегі Colectiv түнгі клубында шыққан өрт салдарынан 32 адам қаза тауып, 200-дей адам зардап шеккен еді.
![Наразылық шеруі үкімет ғимараты орналасқан Жеңіс алаңында өтті. Наразылық шарасының өтетіні туралы жұртшылыққа Facebook әлеуметтік желісі арқылы алдын ала хабарланды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/de185e99-b082-4f3f-9326-1aa26e73db5b_w1024_q10_s.jpg)
3
Наразылық шеруі үкімет ғимараты орналасқан Жеңіс алаңында өтті. Наразылық шарасының өтетіні туралы жұртшылыққа Facebook әлеуметтік желісі арқылы алдын ала хабарланды.
![Бухаресте орталық көшелердің біріне жиналған адамдар.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/44a5f215-6789-4063-b468-5de4b19ad00d_w1024_q10_s.jpg)
4
Бухаресте орталық көшелердің біріне жиналған адамдар.
![Демонстранттар Colectiv түнгі клубының жұмыс істеуіне рұқсат берген Бухарестегі 4-аудан басшысы Кристиан Пиедоненің және онымен бірге Румыния премьер-министр Виктор Понта мен ішкі істер министрі Габриэль Опреаның отставкаға кетуін талап етті.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/9e482aea-853e-4933-8cd5-b9c9c4dc3732_w1024_q10_s.jpg)
5
Демонстранттар Colectiv түнгі клубының жұмыс істеуіне рұқсат берген Бухарестегі 4-аудан басшысы Кристиан Пиедоненің және онымен бірге Румыния премьер-министр Виктор Понта мен ішкі істер министрі Габриэль Опреаның отставкаға кетуін талап етті.
![Акцияға қатысушылардың бірі баспасөз құралына берген сұхбатында бүгінгі шара – өрт құрбандары рухына құрмет және «үкіметке, аудан мэрі мен апатқа себепкер жүйеге қарсылық» екенін айтқан.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1c25e25b-9150-46ff-bc24-e4b550ec2f55_w1024_q10_s.jpg)
6
Акцияға қатысушылардың бірі баспасөз құралына берген сұхбатында бүгінгі шара – өрт құрбандары рухына құрмет және «үкіметке, аудан мэрі мен апатқа себепкер жүйеге қарсылық» екенін айтқан.
![Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылар. 3 қараша 2015 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/21390f5b-9dfa-479c-ba0b-4ce667e77562_w1024_q10_s.jpg)
7
Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылар. 3 қараша 2015 жыл.
![Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылардың арасында жас азаматтар көп болды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d0becad7-1225-4f0b-9ebf-5bfe0d316d44_w1024_q10_s.jpg)
8
Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылардың арасында жас азаматтар көп болды.