Концертке Чехия, Мексика, Дания, АҚШ және өзге елдерден жанкүйерлер жиналды.
"Өнерін тамашалау үшін Қазақстанға келдік". 30 мың көрермен қатысқан Димаштың Алматыдағы концерті қалай өтті?
![Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті. 23 қыркүйек 2022 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-27d1-08da9d8ffb68_w1024_q10_s.jpg)
1
Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті. 23 қыркүйек 2022 жыл.
![Димаштың Алматыдағы концертіне Қазақстанның өзге өңірлерін айтпағанда әлемнің көптеген елінен жанкүйерлер жиналды. 30 мың адамды сыйдырту үшін концерт орталық стадионда өтті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-1ed3-08da9d8feb9b_w1024_q10_s.jpg)
2
Димаштың Алматыдағы концертіне Қазақстанның өзге өңірлерін айтпағанда әлемнің көптеген елінен жанкүйерлер жиналды. 30 мың адамды сыйдырту үшін концерт орталық стадионда өтті.
![Стадион сыртына концерт баннері мен Димаштың картоннан жасалған суреті қойылды. Концерт басталмай тұрып жұрт сол жерге барып, суретке түсіп жатты. Бірнеше баннердің маңында ондаған адамнан құралған кезек пайда болды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09850000-0aff-0242-d5ab-08da9d8fea2b_w1024_q10_s.jpg)
3
Стадион сыртына концерт баннері мен Димаштың картоннан жасалған суреті қойылды. Концерт басталмай тұрып жұрт сол жерге барып, суретке түсіп жатты. Бірнеше баннердің маңында ондаған адамнан құралған кезек пайда болды.
![Димаштың "картон сұлбасының" жанында суретке түсіп жатқан әйел. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09850000-0aff-0242-accb-08da9d8fd746_w1024_q10_s.jpg)
4
Димаштың "картон сұлбасының" жанында суретке түсіп жатқан әйел.
![Стадионға кіреберісте күзетшілер әрбір көрерменді мұқият тексеріп, кіргізіп жатты. Көп кешікпей бұл жерде концертке алып кіруге болмайтын пластик бөтелкеден құралған қалдықтар үйіліп қалды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0c530000-0aff-0242-e8d3-08da9d8fd72b_w1024_q10_s.jpg)
5
Стадионға кіреберісте күзетшілер әрбір көрерменді мұқият тексеріп, кіргізіп жатты. Көп кешікпей бұл жерде концертке алып кіруге болмайтын пластик бөтелкеден құралған қалдықтар үйіліп қалды.
![Стадионда полицейлер мен арнайы жасақ өкілдері көп болды. Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Заппаров концертте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,5 мың қызметкер жұмылдырылады деп мәлімдеген. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0c530000-0aff-0242-6d5e-08da9d8fd760_w1024_q10_s.jpg)
6
Стадионда полицейлер мен арнайы жасақ өкілдері көп болды. Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Заппаров концертте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,5 мың қызметкер жұмылдырылады деп мәлімдеген.
![Стадион алдында қаз-қатар тұрған полиция КамАЗ-дары. Жұрт Димаштың картоннан жасалған сұлбасымен қатар полиция көліктерінің жанында да суретке түсіп жатты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-999e-08da9d8fe261_w1024_q10_s.jpg)
7
Стадион алдында қаз-қатар тұрған полиция КамАЗ-дары. Жұрт Димаштың картоннан жасалған сұлбасымен қатар полиция көліктерінің жанында да суретке түсіп жатты.
![Стадион маңында өрт сөндіруші көліктер де байқалды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0c530000-0aff-0242-086f-08da9d8fe2de_w1024_q10_s.jpg)
8
Стадион маңында өрт сөндіруші көліктер де байқалды.
![Словакия және Чехиядан келген Димаштың жанкүйерлері. "Оның өнерін тамашалау үшін Қазақстанға келдік" деді олар. "Қазақстанда Димаштың концерті өтетінін естігеннен кейін бірден билет сатып алдық. Ал оның Еуропадағы бірде-бір концертін жіберген жоқпыз" деді жанкүйерлер. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-4fd7-08da9d8fd749_w1024_q10_s.jpg)
9
Словакия және Чехиядан келген Димаштың жанкүйерлері. "Оның өнерін тамашалау үшін Қазақстанға келдік" деді олар.
"Қазақстанда Димаштың концерті өтетінін естігеннен кейін бірден билет сатып алдық. Ал оның Еуропадағы бірде-бір концертін жіберген жоқпыз" деді жанкүйерлер.
"Қазақстанда Димаштың концерті өтетінін естігеннен кейін бірден билет сатып алдық. Ал оның Еуропадағы бірде-бір концертін жіберген жоқпыз" деді жанкүйерлер.
![Димаш концертіне жиналған көрермендер. Концерттің уақытында басталуына кейбір қазақстандық көрермендер таңғалды, көбі кешкі сағат 9-ға қарай келген еді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-bca2-08da9d99da6e_w1024_q10_s.jpg)
10
Димаш концертіне жиналған көрермендер. Концерттің уақытында басталуына кейбір қазақстандық көрермендер таңғалды, көбі кешкі сағат 9-ға қарай келген еді.
![Әнші өнерін биноклмен тамашалап тұрған көрермендер. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-70dc-08da9d8feb98_cx0_cy4_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
11
Әнші өнерін биноклмен тамашалап тұрған көрермендер.
![Димаш концертін стадион конструкцясының төбесінен – тоғыз қабаттық үйдің биіктігіндей жерден бастады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09850000-0aff-0242-ed6b-08da9d99da47_w1024_q10_s.jpg)
12
Димаш концертін стадион конструкцясының төбесінен – тоғыз қабаттық үйдің биіктігіндей жерден бастады.
![Әнші конструкциядан қауіпсіздік арқанның көмегімен түсті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-049e-08da9d8ff551_w1024_q10_s.jpg)
13
Әнші конструкциядан қауіпсіздік арқанның көмегімен түсті.
![Димаш Құдайбергеннің сахнаға түскен сәті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-3133-08da9d8ff597_w1024_q10_s.jpg)
14
Димаш Құдайбергеннің сахнаға түскен сәті.
![Димаш Құдайберген.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-26cb-08da9d900140_w1024_q10_s.jpg)
15
Димаш Құдайберген.
![Димаштың сахнада пайда болу мәнері бір сәт Майкл Джексонды еске салды. Әнші жұрт алдына көзтартарлық қимылмен, ашық түсті киімдермен шықты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-6876-08da9d8ff7f7_w1024_q10_s.jpg)
16
Димаштың сахнада пайда болу мәнері бір сәт Майкл Джексонды еске салды. Әнші жұрт алдына көзтартарлық қимылмен, ашық түсті киімдермен шықты.
![Концертте өнер көрсеткен бишілердің бірі. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-6b22-08da9d9000ca_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
17
Концертте өнер көрсеткен бишілердің бірі.
![Димаш қазақстандық көрермендермен – қазақша, шетелден келген жанкүйерлерімен ағылшынша тілдесті. Ол туған елі Қазақстанда өнер көрсетуге бақытты екенін жеткізді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-b987-08da9d9009fd_w1024_q10_s.jpg)
18
Димаш қазақстандық көрермендермен – қазақша, шетелден келген жанкүйерлерімен ағылшынша тілдесті. Ол туған елі Қазақстанда өнер көрсетуге бақытты екенін жеткізді.
![Желіде интернет қолданушылар Димаштың дауысы стадион маңы ғана емес, одан алшақ жатқан аудандарға естіліп жатқанын, дауысы "аспанды жарды" деп жазды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09870000-0aff-0242-9e15-08da9d90073e_cx0_cy18_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
19
Желіде интернет қолданушылар Димаштың дауысы стадион маңы ғана емес, одан алшақ жатқан аудандарға естіліп жатқанын, дауысы "аспанды жарды" деп жазды.