18 қазанда жазда болған "Ақтөбе оқиғасына" күдікті адамдардың соты басталды. Бұл адамдар 2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасады деген күдікке ілінген. "Ақтөбе оқиғасы" кезіндегі шабуылдарда ресми мәлімет бойынша жеті адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуыл жасады деген ондаған адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Соттың жабық өтетіні хабарланды.
Ақтөбеде шабуыл жасағандар соты
![Сот өтетін ғимараттың күзеті күшейтіліп, қоршауға алынған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/844d31cf-adb0-402f-a11d-6f1344abb3a5_w1024_q10_s.jpg)
1
Сот өтетін ғимараттың күзеті күшейтіліп, қоршауға алынған.
![Сот ғимаратының жанындағы үйлердің төбесінде автоматпен снайперлер тұрды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2ec1ab78-152d-43ff-8291-d20b883fe92e_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Сот ғимаратының жанындағы үйлердің төбесінде автоматпен снайперлер тұрды.
![Істі Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e36a238e-f6a5-460b-8eaf-2a0e8abc6a59_w1024_q10_s.jpg)
3
Істі Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
![Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Илиада Досова брифингте сотталушылардың сот отырысынан екі сағат бұрын күзетпен жеткізілгенін айтты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/57e12e8d-c7ec-43ae-a4e2-6c9472d99767_w1024_q10_s.jpg)
4
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Илиада Досова брифингте сотталушылардың сот отырысынан екі сағат бұрын күзетпен жеткізілгенін айтты.
![Сотталушылар саны - 29 адам. Олардың тоғызына билік "теракт" атаған шабуылға қатысты деген айып тағылған. 18 адамға "жасалғалы жатқан шабуыл туралы хабарламады, қылмысты жасырды" деген айып тағылған. Бұл іс бойынша куәлер саны - 48, жәбірленушілер - 88 адам. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/10cfa9a1-9205-4822-8f9c-41048da740d0_w1024_q10_s.jpg)
5
Сотталушылар саны - 29 адам. Олардың тоғызына билік "теракт" атаған шабуылға қатысты деген айып тағылған. 18 адамға "жасалғалы жатқан шабуыл туралы хабарламады, қылмысты жасырды" деген айып тағылған. Бұл іс бойынша куәлер саны - 48, жәбірленушілер - 88 адам.
![Сот ғимаратының астыңғы қабаты сот отырысы күні бойы өтетін болғандықтан, сотталушылардың тамақтануына, басқа да тұрмыстық қажеттеріне арналып қайта жабдықталған. Бұл қабатта сотталушыларды бақылайтын видеокамералар да орнатылған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c453f796-3c00-4bb7-b721-bbfe5b462776_w1024_q10_s.jpg)
6
Сот ғимаратының астыңғы қабаты сот отырысы күні бойы өтетін болғандықтан, сотталушылардың тамақтануына, басқа да тұрмыстық қажеттеріне арналып қайта жабдықталған. Бұл қабатта сотталушыларды бақылайтын видеокамералар да орнатылған.
![18 қазан күні, алдын ала сот тыңдауынан кейін судья Ахметқали Молдағалиев істің жабық режимде қаралатынын мәлімдеді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b383c9db-537e-4b9f-badc-1f849dc49522_w1024_q10_s.jpg)
7
18 қазан күні, алдын ала сот тыңдауынан кейін судья Ахметқали Молдағалиев істің жабық режимде қаралатынын мәлімдеді.
![Журналистер алдын ала тыңдауды сот ғимаратының басқа бөлмесіне қойылған монитордан бақылады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/133875a3-9605-400a-b9d0-b5c20131ef51_w1024_q10_s.jpg)
8
Журналистер алдын ала тыңдауды сот ғимаратының басқа бөлмесіне қойылған монитордан бақылады.
![Сот ғимаратына сотталушылардың туыстары да келді. Олар журналистермен сөйлесуден бас тартты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0b9bbe0e-e2ec-4e35-8f99-ed3b547de671_w1024_q10_s.jpg)
9
Сот ғимаратына сотталушылардың туыстары да келді. Олар журналистермен сөйлесуден бас тартты.