Бір миллионнан астам халық тұратын Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы. Мегаполис орталығындағы ғимараттар совет заманында салынған. Ол кезде Алматы Қазақ ССР-інің әкімшілік орталығы және одақтағы ең жасыл қалалардың бірі болған еді. Қала ғимараттары қазір қалай өзгерді?
Сол жақтағы суреттер Орталық мемлекеттік кино-құжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынды. Суреттің сипаттамасы мен түсірілген датасы архивтің сайтындағыдай көрсетілді. Оң жақтағы суреттер 2020 жылы шілдеде түсірілген.
Алматы: Бұрын және қазір. Қала қалай өзгерді?
Бұрын
![Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы спорт сарайы. Сол жақтағы сурет 1978 жылы түсірілген. Спорт сарайы 1967 жылы салынған. Архитекторы - Владимир Кацев. Нысан спорт жарыстары, көрме, жәрмеңке мен түрлі кештер өтетін орын ретінде салынған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң атауы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы болып өзгерді. 2011 жылы Алматыда өткен қысқы Азия ойындары қарсаңында кешен толық жөндеуден өтті.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4a143dab-f0a7-4caa-b46f-ab620892d6ed_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - Sports Palace named after Baluan Sholak in Almaty. July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d473834b-32a0-4ef7-9cd3-efddd8e5f780_w1024_n_q10_s.png)
Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы спорт сарайы. Сол жақтағы сурет 1978 жылы түсірілген. Спорт сарайы 1967 жылы салынған. Архитекторы - Владимир Кацев. Нысан спорт жарыстары, көрме, жәрмеңке мен түрлі кештер өтетін орын ретінде салынған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң атауы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы болып өзгерді. 2011 жылы Алматыда өткен қысқы Азия ойындары қарсаңында кешен толық жөндеуден өтті.
Бұрын
![1960 жылдардағы "Алатау" кинотеатры (сол жақта). 780 орындық кинотеатр 1960 жылы салынды. 1980 жылдың өзінде 890 мың көрермен келген. Совет одағы құлаған соң иесі бірнеше рет ауысты. 2015 жылы белсенділер мен қала тұрғындарының қарсылығына қарамастан кинотеатрды сүріп, орнына McDonald’s (оң жақта) фаст-фуд желісі ресторанын салды. Қазақстандағы McDonald’s желісінің иесі – бизнесмен Қайрат Боранбаев. Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың (президенттіктен кетсе де билікке әлі ықпал етіп отыр) үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/51765975-a539-40b6-9e13-fc66aae4c70d_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - McDonald’s restaurant on the site of the demolished "Alatau" cinema.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/52ef7126-b215-4b4c-8785-a75050a1df20_w1024_n_q10_s.png)
1960 жылдардағы "Алатау" кинотеатры (сол жақта). 780 орындық кинотеатр 1960 жылы салынды. 1980 жылдың өзінде 890 мың көрермен келген. Совет одағы құлаған соң иесі бірнеше рет ауысты. 2015 жылы белсенділер мен қала тұрғындарының қарсылығына қарамастан кинотеатрды сүріп, орнына McDonald’s (оң жақта) фаст-фуд желісі ресторанын салды. Қазақстандағы McDonald’s желісінің иесі – бизнесмен Қайрат Боранбаев. Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың (президенттіктен кетсе де билікке әлі ықпал етіп отыр) үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы.
Бұрын
![Үкімет үйі маңында совет көсемі Владимир Ленинге қойылған ескерткіш. Сурет 1964 жылы түсірілген. Ескерткіш авторы – мәскеулік мүсінші Евгений Вучетич. Ескерткіш енді салынып жатқан Үкімет үйі маңындағы (қазір Қазақ-Британ техникалық университетінің ғимараты) Гүлдер алаңына (кейін Ленин алаңы деп өзгерген) қойылған еді. Ескерткіш 1957 жылы 6 қарашада ашылды. 1990 жылдардың басында ескерткішті "Сарыарқа" кинотеатры артындағы скверге көшірді. 1997 жылы Лениннің ескерткішінің орнына Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға ескерткіш қойылды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3826ca9e-ea5b-47b5-8e5c-1f8c16924c26_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - Monument to Manshuk Mametova and Aliya Moldagulova, Heroes of the Soviet Union who died in World War II. Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/0b67dd91-ceb9-4383-a4ea-84316e4f0456_w1024_n_q10_s.png)
Үкімет үйі маңында совет көсемі Владимир Ленинге қойылған ескерткіш. Сурет 1964 жылы түсірілген. Ескерткіш авторы – мәскеулік мүсінші Евгений Вучетич. Ескерткіш енді салынып жатқан Үкімет үйі маңындағы (қазір Қазақ-Британ техникалық университетінің ғимараты) Гүлдер алаңына (кейін Ленин алаңы деп өзгерген) қойылған еді. Ескерткіш 1957 жылы 6 қарашада ашылды. 1990 жылдардың басында ескерткішті "Сарыарқа" кинотеатры артындағы скверге көшірді. 1997 жылы Лениннің ескерткішінің орнына Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға ескерткіш қойылды.
Бұрын
![Үкімет үйі. 1950 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Құрылысы 1938 жылы басталып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тоқтаған. Кейін 1951 жылы жалғасып, 1957 жылы аяқталды (архив суретінде көрсетілген дата күмән туғызады). Бас архитекторы – Моспроект шеберханасында жұмыс істеген Борис Рубаненко. Ғимаратта Жоғарғы кеңес, Министрлер кеңесі, Қазақ ССР компартиясының орталық комитеті (1980 жылға дейін) отырды. 2001 жылдан бері Қазақ-Британ техникалық университетінің ғимараты.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5f434acf-f127-407d-bc32-73126d85ee43_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - Building of the Academy of Arts named after Zhurgenov. Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/190e12ba-6d88-42e9-a4d5-36184b830dbc_w1024_n_q10_s.png)
Үкімет үйі. 1950 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Құрылысы 1938 жылы басталып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тоқтаған. Кейін 1951 жылы жалғасып, 1957 жылы аяқталды (архив суретінде көрсетілген дата күмән туғызады). Бас архитекторы – Моспроект шеберханасында жұмыс істеген Борис Рубаненко. Ғимаратта Жоғарғы кеңес, Министрлер кеңесі, Қазақ ССР компартиясының орталық комитеті (1980 жылға дейін) отырды. 2001 жылдан бері Қазақ-Британ техникалық университетінің ғимараты.
Бұрын
![Үкімет ғимараты. 1947 жыл (сол жақта). Қазақ ССР халық комиссариатының алғашқы ғимараты 1934 жылы салынды. Архитекторлары – Коростин және Шевырев. Ғимаратта бірнеше ведомство отырды. Қазір бұл ғимаратта "Ocean Basket" желісінің рестораны орналасқан. 1980 жылдары ғимараттың Фурманов көшесі (қазір бұл көше елдің экс-президенті Назарбаевтың атымен аталады) жағындағы бөлігі өртеніп, тек Панфилов көшесі жағындағы бөлігі аман қалды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3cc20b71-2a03-4963-a7b6-0a2274c08df7_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - The part of the former building of the House of Ministers. Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/54a7a01e-6041-4d50-a32b-2f6555315434_w1024_n_q10_s.png)
Үкімет ғимараты. 1947 жыл (сол жақта). Қазақ ССР халық комиссариатының алғашқы ғимараты 1934 жылы салынды. Архитекторлары – Коростин және Шевырев. Ғимаратта бірнеше ведомство отырды. Қазір бұл ғимаратта "Ocean Basket" желісінің рестораны орналасқан. 1980 жылдары ғимараттың Фурманов көшесі (қазір бұл көше елдің экс-президенті Назарбаевтың атымен аталады) жағындағы бөлігі өртеніп, тек Панфилов көшесі жағындағы бөлігі аман қалды.
Бұрын
![Үкімет үйі ғимараты. 1947 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Қазақ ССР Халық комиссариаты кеңесі (үкімет) үйі 1928-1931 жылдары салынды. Жоба авторы – белгілі совет архитекторы Моисей Гинзбург. 1957 жылы қалада үкімет үйі жаңа жерге көшіп, Гинзбургтің ғимараты Қазақ мемлекеттік универститетінің оқу корпусына айналды. 1982 жылы мұнда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы көшіп келді. Бұл нысан совет кезеңінен қалған маңызды ескерткіш саналады. Бірақ бірнеше жөндеуден өткен ғимараттың бастапқы қалпы біраз өзгерген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f14accc1-4898-4070-8d8b-5c0956dc04cc_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - Part of the building of the former House of Ministers. Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4008da58-7466-458e-ace2-17faaa5bc626_w1024_n_q10_s.png)
Үкімет үйі ғимараты. 1947 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Қазақ ССР Халық комиссариаты кеңесі (үкімет) үйі 1928-1931 жылдары салынды. Жоба авторы – белгілі совет архитекторы Моисей Гинзбург. 1957 жылы қалада үкімет үйі жаңа жерге көшіп, Гинзбургтің ғимараты Қазақ мемлекеттік универститетінің оқу корпусына айналды. 1982 жылы мұнда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы көшіп келді. Бұл нысан совет кезеңінен қалған маңызды ескерткіш саналады. Бірақ бірнеше жөндеуден өткен ғимараттың бастапқы қалпы біраз өзгерген.
Бұрын
![Алматы қаласы теміржол вокзалының ғимараты. 1950 жыл (сол жақта). Верныйда (1921 жылға дейін қала осылай аталды) бұл ауданда зират болған. Құрылыс жүріп жатқан кезде зиратты тасқын шайып кетті. Ғимарат 1936-1939 жылдары салынды. Архитекторлары – Галкин мен Кудрявцев. 1977 жылы реконструкция жасалды. 2012 жылы толық жөндеуден өтті. Вокзалға келіп тірелетін көше атауы бірнеше рет өзгерді. Верный кезінде Старокладбищенская, 1933 жылы Сталин даңғылы, 1961 жылы Коммунистік даңғылы болды. Қазір Абылайхан даңғылы деп аталады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b79ffdcb-397a-46f5-ba10-5773c445423e_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - Railway station Almaty II. July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/aca3b311-b8cc-4e77-8247-003218abfc92_w1024_n_q10_s.png)
Алматы қаласы теміржол вокзалының ғимараты. 1950 жыл (сол жақта). Верныйда (1921 жылға дейін қала осылай аталды) бұл ауданда зират болған. Құрылыс жүріп жатқан кезде зиратты тасқын шайып кетті. Ғимарат 1936-1939 жылдары салынды. Архитекторлары – Галкин мен Кудрявцев. 1977 жылы реконструкция жасалды. 2012 жылы толық жөндеуден өтті. Вокзалға келіп тірелетін көше атауы бірнеше рет өзгерді. Верный кезінде Старокладбищенская, 1933 жылы Сталин даңғылы, 1961 жылы Коммунистік даңғылы болды. Қазір Абылайхан даңғылы деп аталады.
Бұрын
![Кеңестер үйі. 1965 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Қаладағы ең алғашқы 11 қабатты ғимарат құрылысы 1967 жылы салынып бітті. Сондықтан суреттегі дата қате болуы мүмкін. Ғимарат "Жобалау ұйымдарының үйі" ретінде салынған, бірақ кейін Алматы облыстық партия комитеті қоныстанды. Ғимараттың күннен қорғайтын жүйесі болды. Біраз уақыттан соң ол жүйе жұмыс істемей қалды. Қазіргі ғимарат сыртындағы панельдер – сол жүйеден қалған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2df9dced-4adc-4eb7-9efe-311a856228d7_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - The former building of the House of Soviets. Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4e4e6dbd-acbe-4753-9c10-03ca7770d35e_w1024_n_q10_s.png)
Кеңестер үйі. 1965 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Қаладағы ең алғашқы 11 қабатты ғимарат құрылысы 1967 жылы салынып бітті. Сондықтан суреттегі дата қате болуы мүмкін. Ғимарат "Жобалау ұйымдарының үйі" ретінде салынған, бірақ кейін Алматы облыстық партия комитеті қоныстанды. Ғимараттың күннен қорғайтын жүйесі болды. Біраз уақыттан соң ол жүйе жұмыс істемей қалды. Қазіргі ғимарат сыртындағы панельдер – сол жүйеден қалған.
Бұрын
![Ұн комбинатының мәдениет үйі. 1970 жылы түсірілген сурет (сол жақта). 1957 жылы салынған. Архитекторы белгісіз. Ғимарат алдында балет бишілерінің мүсіні мен фонтан болған. Қазір олар жоқ. Мәдениет үйінің атауы "Колос" болып өзгерген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b8243399-8c0d-4542-8ebe-ba3884a3e225_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - House of Culture "Kolos". Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a4918457-4d57-4a00-baa8-2d10e5245a7f_w1024_n_q10_s.png)
Ұн комбинатының мәдениет үйі. 1970 жылы түсірілген сурет (сол жақта). 1957 жылы салынған. Архитекторы белгісіз. Ғимарат алдында балет бишілерінің мүсіні мен фонтан болған. Қазір олар жоқ. Мәдениет үйінің атауы "Колос" болып өзгерген.
Бұрын
![Алматы қаласындағы №1 автокөлік жөндеу қауымдастығы ғимараты. 1977 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Ғимарат 1930 жылы құрылған аккумулятор станциясының базасында салынды. Зауыттың негізгі корпусын 1956 жылы салып бітті. Бұл қауымдастық автобөлшектерден бөлек архитектуралық тапсырыстар бойынша жұмыс істеді. Біраз жыл Алматының негізгі көрнекі нысаны болған "Қазақстан" қонақүйінің көпшілікке белгілі "тәжі" осында жасалған. Қазір тозып, жартылай бос тұрған ғимаратты шағын кәсіпкерлер пайдаланып отыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3eab6b38-5eae-4feb-b5d6-bd44ee24d529_w1024_n_q10_s.png)
Қазір
![Kazakhstan - Building of the former Alma-Ata auto repair association No. 1. Almaty, July 2020.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b7092f7d-a055-4d2e-ba42-3a03e465cf25_w1024_n_q10_s.png)
Алматы қаласындағы №1 автокөлік жөндеу қауымдастығы ғимараты. 1977 жылы түсірілген сурет (сол жақта). Ғимарат 1930 жылы құрылған аккумулятор станциясының базасында салынды. Зауыттың негізгі корпусын 1956 жылы салып бітті. Бұл қауымдастық автобөлшектерден бөлек архитектуралық тапсырыстар бойынша жұмыс істеді. Біраз жыл Алматының негізгі көрнекі нысаны болған "Қазақстан" қонақүйінің көпшілікке белгілі "тәжі" осында жасалған. Қазір тозып, жартылай бос тұрған ғимаратты шағын кәсіпкерлер пайдаланып отыр.
ПІКІРЛЕР