Биыл жаздан күзге дейін халықаралық көрме өткен Астанадағы EXPO көрмесі қалашығы аумағында қазір адам қарасы аз. Мұндағы орталық нысандардың бірі - "Нұр Әлем" сферасында енді болашақ энергиясының мұражайы жұмыс істейді. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткеннен бері мұндағы жағдай өзгермеген.
"EXPO мұрасы"
![EXPO аумағына кіретін жерде қазір енді ұзын-сонар кезек жоқ, бұрынғыдай күшейтілген қауіпсіздік шарасы да сезілмейді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c8d9f6b0-f8a7-4e8d-9ca5-4e147a3ceda9_w1024_q10_s.jpg)
1
EXPO аумағына кіретін жерде қазір енді ұзын-сонар кезек жоқ, бұрынғыдай күшейтілген қауіпсіздік шарасы да сезілмейді.
![Мұндағы орталық нысан - "Нұр Әлем" енді болашақ энергиясының мұражайына айналған. Ересектер үшін кіру билетінің бағасы 1500 теңге. Мектеп оқушылары, студенттер мен зейнеткерлерге арналған билет бағасы одан арзанырақ.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/078ab3be-95fb-4d53-b064-3dbc2b6d2f04_w1024_q10_s.jpg)
2
Мұндағы орталық нысан - "Нұр Әлем" енді болашақ энергиясының мұражайына айналған. Ересектер үшін кіру билетінің бағасы 1500 теңге. Мектеп оқушылары, студенттер мен зейнеткерлерге арналған билет бағасы одан арзанырақ.
![EXPO территориясында «туристік аймақтың» ашылуы іс жүзінде орталық ғимараттың есігін ашуды білдіретін болып шықты. Болашақ энергиясының мұражайы қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткелі бері мұндағы жағдай еш өзгермеген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/24ee8c62-8cdc-4844-bde4-45ec05d65cfa_w1024_q10_s.jpg)
3
EXPO территориясында «туристік аймақтың» ашылуы іс жүзінде орталық ғимараттың есігін ашуды білдіретін болып шықты. Болашақ энергиясының мұражайы қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткелі бері мұндағы жағдай еш өзгермеген.
!["Әйнек көпірдің" үстінен бір-бірін жетектеп және жақтаудан ұстап, баяу қадам басып кетіп бара жатқан отбасы мүшелері.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6cb47652-e61c-4da3-a223-c0af185208fe_w1024_q10_s.jpg)
4
"Әйнек көпірдің" үстінен бір-бірін жетектеп және жақтаудан ұстап, баяу қадам басып кетіп бара жатқан отбасы мүшелері.
![У выхода c объекта «Нур Алем» все еще продают сувениры с тематикой EXPO. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4c3071d9-0894-413a-a8e3-1e1fef91f038_w1024_q10_s.jpg)
5
У выхода c объекта «Нур Алем» все еще продают сувениры с тематикой EXPO.
![Павильондардың көбі жабық тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/23646550-9788-42ef-8660-99968eb27b7a_w1024_q10_s.jpg)
6
Павильондардың көбі жабық тұр.
![Кей павильондарды құрылыс компанияларының плакаттарымен қоршап тастаған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ebb55dc5-9db8-46ae-b100-53608b2c65df_w1024_q10_s.jpg)
7
Кей павильондарды құрылыс компанияларының плакаттарымен қоршап тастаған.
![EXPO аумағында мұз айдыны 11 қарашада ашылады деп жоспарланған. Бірақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, "ауа райына байланысты" оны кейінге қалдырған. Бұл мұз айдынында "елдің бас шыршасы" орнатылады деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының коммерция департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/189b50f4-7a70-4585-be99-3ca5317fc4b4_w1024_q10_s.jpg)
8
EXPO аумағында мұз айдыны 11 қарашада ашылады деп жоспарланған. Бірақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, "ауа райына байланысты" оны кейінге қалдырған. Бұл мұз айдынында "елдің бас шыршасы" орнатылады деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының коммерция департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.
![EXPO территориясындағы қазіргі заманғы өнер орталығында "52 күннен кейін" деп аталатын көрме өтіп жатыр. EXPO-дан соң 52 күн өткенде осы жобаны ойлап шығарған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a9499c96-0dfb-407d-af60-d35efcfb1048_w1024_q10_s.jpg)
9
EXPO территориясындағы қазіргі заманғы өнер орталығында "52 күннен кейін" деп аталатын көрме өтіп жатыр. EXPO-дан соң 52 күн өткенде осы жобаны ойлап шығарған.
![Мұражай гиді Қазақстанның ұлттық ұланы қызметкерлеріне ресейлік фотограф Юрий Пальмин түсірген суреттерде бейнеленген Алматының советтік модернистік архитектурасы туралы әңгімелеп тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d44b3c13-3d96-4b8a-9731-1b1dde58b0a0_w1024_q10_s.jpg)
10
Мұражай гиді Қазақстанның ұлттық ұланы қызметкерлеріне ресейлік фотограф Юрий Пальмин түсірген суреттерде бейнеленген Алматының советтік модернистік архитектурасы туралы әңгімелеп тұр.
![Қазақстандық дизайнер әрі суретші Дархан Рухолла қазіргі заманғы өнер орталығы зертханасында "Жаралу" деп аталатын картинасын салып жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2c571033-2e7e-44a5-919d-8f5ccc1a1cb5_w1024_q10_s.jpg)
11
Қазақстандық дизайнер әрі суретші Дархан Рухолла қазіргі заманғы өнер орталығы зертханасында "Жаралу" деп аталатын картинасын салып жатыр.
![Суретшілер мен көрермендер көк түске боялған бұрышта әңгімелесіп отыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d0b8a6bd-b945-4089-94a9-9de8edb943d5_w1024_q10_s.jpg)
12
Суретшілер мен көрермендер көк түске боялған бұрышта әңгімелесіп отыр.
![Қазіргі заманғы өнер орталығындағы бөлмелердің бірінде.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/9a00ed52-d352-4692-aefc-954fab7e0610_w1024_q10_s.jpg)
13
Қазіргі заманғы өнер орталығындағы бөлмелердің бірінде.
![Қазіргі заманғы өнер орталығында балалар мен ересектер үшін шығармашылық дәрістер, семинарлар өткізіледі. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c42370ff-f13e-423f-b1b8-ef3d49fdfe2e_w1024_q10_s.jpg)
14
Қазіргі заманғы өнер орталығында балалар мен ересектер үшін шығармашылық дәрістер, семинарлар өткізіледі.
![EXPO территориясында сонымен бірге тақырыптық павильон жұмыс істеуі тиіс болатын, бірақ біз барған күні павильон есігі жабық тұрды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4f8cdd36-f075-4489-af77-6e2e5f0ee72b_w1024_q10_s.jpg)
15
EXPO территориясында сонымен бірге тақырыптық павильон жұмыс істеуі тиіс болатын, бірақ біз барған күні павильон есігі жабық тұрды.
![EXPO территориясында "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Болашақ энергиясы" халықаралық орталығы және IT-стартап халықаралық саябағы ашылады деп жоспарланған. Бірақ, әзірше тек мұз айдыны төңірегінде ғана дайындық жұмыстары байқалады. Өзге павильондардың маңында қар тазалаушылардан басқа ешкім көрінбейді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/061c62d7-c0b2-47a8-a204-74b23ee28be3_w1024_q10_s.jpg)
16
EXPO территориясында "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Болашақ энергиясы" халықаралық орталығы және IT-стартап халықаралық саябағы ашылады деп жоспарланған. Бірақ, әзірше тек мұз айдыны төңірегінде ғана дайындық жұмыстары байқалады. Өзге павильондардың маңында қар тазалаушылардан басқа ешкім көрінбейді.