28 наурызда Қабарда-Балқар республикасы тұрғындары балқарлардың жаңғыру күнін атап өтті. 1944 жылғы наурызда совет өкіметінің шешіммен Қазақстан мен Қырғызстанға күштеп жер аударылған балқар халқы тек 13 жылдан кейін атамекеніне қайта оралуға рұқсат алған. Ресей құрамындағы Қабарда-Балқар автономиялық республикасы президентінің 1994 жылғы 25 наурыздағы жарлығымен 28 наурыз - балқар халқының жаңғыру күні ретінде ресми мереке болып белгіленген. Азаттық Нальчиктегі мерекеден фотограф Ахмат Байса түсірген суреттерді ұсынады.
Балқарлардың жаңғыру күні
![Ұлттық киімдегі балқар қариялары мен жастары](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/add00621-165c-4afa-8211-213fd4c7a88c_w1024_q10_s.jpg)
1
Ұлттық киімдегі балқар қариялары мен жастары
![Қабарда-Балқар республикасы астанасы Нальчиктегі мереке](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/9d97918b-5089-4794-a946-f655dd42310a_w1024_q10_s.jpg)
2
Қабарда-Балқар республикасы астанасы Нальчиктегі мереке
![Мереке күні Нальчик көшесінде балқар туын көтерген автокөліктер көп кездесті](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d8cb9f6c-bee0-4ec8-8324-b37f5fdb217d_w1024_q10_s.jpg)
3
Мереке күні Нальчик көшесінде балқар туын көтерген автокөліктер көп кездесті
![Балқар халқының жаңғыру мейрамын тойлауға шыққандар](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/7c09decf-77a9-4294-9219-d7719bb1dabe_w1024_q10_s.jpg)
4
Балқар халқының жаңғыру мейрамын тойлауға шыққандар
![Балқардың ұлттық киіміндегі салт аттылар](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ecba71c2-8c5c-440e-8fb9-458d1659b258_w1024_q10_s.jpg)
5
Балқардың ұлттық киіміндегі салт аттылар
![Мереке кезінде тәртіпті бақылап жүрген полиция көліктері](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1d63c4e1-70ad-4795-a8fd-b17feb362a68_w1024_q10_s.jpg)
6
Мереке кезінде тәртіпті бақылап жүрген полиция көліктері
![Нальчик көшесіндегі мерекеден көрініс](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3fd0c264-3431-4818-97f4-46907f80da56_w1024_q10_s.jpg)
7
Нальчик көшесіндегі мерекеден көрініс
![Автокөлігіне балқар туын тағып алған жас қыз-келіншектер](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/8f8d8c06-781d-49e9-9d30-52a70ced5cbc_w1024_q10_s.jpg)
8
Автокөлігіне балқар туын тағып алған жас қыз-келіншектер