АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп митинг кезінде жараланды. Оқиға қалай болды?
АҚШ-тың бұрынғы президенті және республикалық партия атынан алдағы президенті сайлауына қатысатын Дональд Трамп 13 шілдеде Пенсильвания штатында сайлауалды митинг кезіндегі оқиға кезінде жараланды. Оқиға қастандық ретінде тергеліп жатыр.
![Оқиға Питтсбургтен шамамен 50 шақырым жердегі Батлердегі митингіде Трамп жақтастарының алдында сөз сөйлеп жатқан кезде болды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-50b3-08dca394c735_w1024_q10_s.jpg)
1
Оқиға Питтсбургтен шамамен 50 шақырым жердегі Батлердегі митингіде Трамп жақтастарының алдында сөз сөйлеп жатқан кезде болды.
![Митингіге жиналған Трамптың жақтастары. 13 шілде 2024 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-8464-08dca394c681_w1024_q10_s.jpg)
2
Митингіге жиналған Трамптың жақтастары. 13 шілде 2024 жыл.
![Кенеттен оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-baab-08dca394d2c3_w1024_q10_s.jpg)
3
Кенеттен оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен.
![АҚШ қауіпсіздік қызметі мергенді оқиға орнында атып өлтірген. Билік "қастандық жасады" деген күдікпен 20 жастағы жігіттің аты-жөнін анықтады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0a00-0242-2e1b-08dca394d1f7_w1024_q10_s.jpg)
4
АҚШ қауіпсіздік қызметі мергенді оқиға орнында атып өлтірген. Билік "қастандық жасады" деген күдікпен 20 жастағы жігіттің аты-жөнін анықтады.
![Полиция снайперлері жауап оқ атқан. Дереккөзге сүйенген New York Post-тің жазуынша, шабуылшы Трамп сөйлеген митингіден шамамен 130 метр жерде орналасқан өнеркәсіп ғимаратының төбесінде болған. Ол оқ атып, нәтижесінде Трамп құлағынан жараланған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0a00-0242-3a28-08dca394d195_w1024_q10_s.jpg)
5
Полиция снайперлері жауап оқ атқан. Дереккөзге сүйенген New York Post-тің жазуынша, шабуылшы Трамп сөйлеген митингіден шамамен 130 метр жерде орналасқан өнеркәсіп ғимаратының төбесінде болған. Ол оқ атып, нәтижесінде Трамп құлағынан жараланған.
![Трампты қауіпсіздік қызметі мінберден алып кетпек болған кезде бұрынғы президент қолын көтеріп "күресіңіз, күресіңіз" деп айқайлады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-a00f-08dca394dabd_w1024_q10_s.jpg)
6
Трампты қауіпсіздік қызметі мінберден алып кетпек болған кезде бұрынғы президент қолын көтеріп "күресіңіз, күресіңіз" деп айқайлады.
![Қауіпсіздік қызметі Дональд Трампты көлікке апара жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-ca78-08dca394c734_w1024_q10_s.jpg)
7
Қауіпсіздік қызметі Дональд Трампты көлікке апара жатыр.
![Трамптың оң құлағы мен бетінде қан көрінді. Қауіпсіздік қызметі оны көлікке отырғызып, шара орнынан алып кетті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-d52e-08dca394b68c_w1024_q10_s.jpg)
8
Трамптың оң құлағы мен бетінде қан көрінді. Қауіпсіздік қызметі оны көлікке отырғызып, шара орнынан алып кетті.
![Шабуылшы 20 жастағы Томас Мэтью Круксты қауіпсіздік қызметі атып өлтірген. Бұған қоса, митингіге қатысқан бір адамға оқ тиіп, мерт болған. Тағы екі адам ауыр жараланған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-cd10-08dca394b68b_w1024_q10_s.jpg)
9
Шабуылшы 20 жастағы Томас Мэтью Круксты қауіпсіздік қызметі атып өлтірген. Бұған қоса, митингіге қатысқан бір адамға оқ тиіп, мерт болған. Тағы екі адам ауыр жараланған.
![ФБР атысты "қастандық" ретінде тергеп жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0a00-0242-618d-08dca394cf8b_w1024_q10_s.jpg)
10
ФБР атысты "қастандық" ретінде тергеп жатыр.