Фестиваль шаңғы курорты «Ақбұлақта» болды. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста Іле Алатауы жатты. Солтүстіктен Талғар қаласы көрініп тұрды. Бұл жерлерден бұрын Жібек Жолы өткен. Фестиваль үшін көп киіз үйлер тігілді. Олар ауыл-ауыл болып орналасты. Бір ауыл - шеберлер, бір ауыл - ұсталар, батырлар ауылы, құсбегілер ауылы, аңшылар ауылы да болды.
Алатау баурайындағы «Ұлы дала рухы»
Алматы облысында - Алматыдан 25 километр жерде, 27 және 28 тамыз күндері «Ұлы дала рухы» халықаралық этникалық мәдениет фестивалі өтті.
![«Ұлы дала рухы» фестивалі қонақтарының шеруі. Оны қазақстандықтар бастап келді, одан кейін венгрлер, Словакия садақшылары, ресейліктер мен Эквадордан келген екі үндіс жүріп өтті. Фестивальге қатысушылар арасында Украина өкілдері де болды. Билеттерде Түркия және Қырғызстан өкілдері болатыны көрсетілгенімен, олар алғашқы күні көрінбеді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/35781288-7a6a-479a-84c3-ec94ee694b2b_w1024_q10_s.jpg)
1
«Ұлы дала рухы» фестивалі қонақтарының шеруі. Оны қазақстандықтар бастап келді, одан кейін венгрлер, Словакия садақшылары, ресейліктер мен Эквадордан келген екі үндіс жүріп өтті. Фестивальге қатысушылар арасында Украина өкілдері де болды. Билеттерде Түркия және Қырғызстан өкілдері болатыны көрсетілгенімен, олар алғашқы күні көрінбеді.
![Фестивальдің ең қызықты сәттерінің бірі Nomad Stunts каскадерлер тобының өнері болды. Топ 2000 жылы құрылған. Атпен акробатика көрсететін топта қазір 44 кәсіби каскадер және 30 үйретілген ат бар. Nomad Stunts каскадерлері 35 кинофильмге түскен.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8e3275c9-89c8-4b00-a375-c546d27bbf74_w1024_q10_s.jpg)
2
Фестивальдің ең қызықты сәттерінің бірі Nomad Stunts каскадерлер тобының өнері болды. Топ 2000 жылы құрылған. Атпен акробатика көрсететін топта қазір 44 кәсіби каскадер және 30 үйретілген ат бар. Nomad Stunts каскадерлері 35 кинофильмге түскен.
![Nomad Stunts каскадерлері сегіз түрлі өнер көрсетеді. Соның ішінде ең негізгісі - ат құлағында ойнау. Суретте: ат үстінде жасалатын трюктің бірі. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/aa9388cb-5650-4dc1-a6e0-0ad3ba5d3fcc_w1024_q10_s.jpg)
3
Nomad Stunts каскадерлері сегіз түрлі өнер көрсетеді. Соның ішінде ең негізгісі - ат құлағында ойнау. Суретте: ат үстінде жасалатын трюктің бірі.
![Венгрия шабандоздары дәстүрлі әскери өнерлерін көрсетті. Олар атпен шауып келе жатып, асқабақтарды кесті, садақ атты, қылышпен жерден қызыл дөңгелектерді іліп әкетіп жұртты тамсантты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ac1a6696-72e2-4bec-a0eb-d5e59300379c_w1024_q10_s.jpg)
4
Венгрия шабандоздары дәстүрлі әскери өнерлерін көрсетті. Олар атпен шауып келе жатып, асқабақтарды кесті, садақ атты, қылышпен жерден қызыл дөңгелектерді іліп әкетіп жұртты тамсантты.
![Фестивальге Венгриядан үлкен топ келген. Оларды белгілі антрополог Андраш Биро (суретте) бастап келді. Ғалым қазақтар мен венгрлердің туыстығын 10 жылдан астам зерттеп келеді. Ол кезінде қазақтар мен венгрлердің ата-бабалары туыс болған дейді. Андраш Биро екі жылда бір рет ғұн-түркі құрылтайын өткізіп тұрады. Алғашқы құрылтай Қазақстанның Торғай қаласында 2007 жылы болған. Қалғандары Венгрияда өтіп келеді. Соңғы құрылтай екі апта бұрын ұйымдастырылды, оған 220 мың адам жиналған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ff120278-8da0-4060-98f3-19db389737a7_w1024_q10_s.jpg)
5
Фестивальге Венгриядан үлкен топ келген. Оларды белгілі антрополог Андраш Биро (суретте) бастап келді. Ғалым қазақтар мен венгрлердің туыстығын 10 жылдан астам зерттеп келеді. Ол кезінде қазақтар мен венгрлердің ата-бабалары туыс болған дейді. Андраш Биро екі жылда бір рет ғұн-түркі құрылтайын өткізіп тұрады. Алғашқы құрылтай Қазақстанның Торғай қаласында 2007 жылы болған. Қалғандары Венгрияда өтіп келеді. Соңғы құрылтай екі апта бұрын ұйымдастырылды, оған 220 мың адам жиналған.
![Ресейден тарихи оқиғаларды көрсетуге маманданған шағын топ келді. Олар қылышпен жекпе-жек жасап және әр замандағы сауыттарды киіп көрсетті. Суретте: Мәскеудегі «Серебряный волк» клубының мүшесі Денис Зверев (сол жақта). Ол 2-ғасырдағы түркі жауынгерінің сауытын киіп жүр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5139999b-41b2-4b46-8dc7-82d1668a12c6_w1024_q10_s.jpg)
6
Ресейден тарихи оқиғаларды көрсетуге маманданған шағын топ келді. Олар қылышпен жекпе-жек жасап және әр замандағы сауыттарды киіп көрсетті. Суретте: Мәскеудегі «Серебряный волк» клубының мүшесі Денис Зверев (сол жақта). Ол 2-ғасырдағы түркі жауынгерінің сауытын киіп жүр.
![Фестивальге келген қонақтар бұдан басқа да қызықтарды тамашалады. Аударыспақ, садақ ату, найза лақтыру. қыз қуу, т.б. ойындар көрсетілді. Суретте: қыз қуу. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ccf7a8f7-9fff-4a10-a1f8-8acc6ef1d6b3_w1024_q10_s.jpg)
7
Фестивальге келген қонақтар бұдан басқа да қызықтарды тамашалады. Аударыспақ, садақ ату, найза лақтыру. қыз қуу, т.б. ойындар көрсетілді. Суретте: қыз қуу.
![Nomad Stunts каскадерлері ат үстіндегі ұрыстың мысалын көрсетті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8462e16d-1fd0-4776-b815-e40cf9f32921_w1024_q10_s.jpg)
8
Nomad Stunts каскадерлері ат үстіндегі ұрыстың мысалын көрсетті.
![Ал мына бір шебердің кәсібі бейбіт. Ол білезік соғуды көрсетіп отыр. Мұнда қонақтар ағаш, сүйек оюды, саздан құмыра жасауды көріп қайтты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/307ac27c-9d15-45f0-9678-a2170c4ee794_w1024_q10_s.jpg)
9
Ал мына бір шебердің кәсібі бейбіт. Ол білезік соғуды көрсетіп отыр. Мұнда қонақтар ағаш, сүйек оюды, саздан құмыра жасауды көріп қайтты.
![Тазылар. Көшпенді тұрмыс кезінде тұқымы асыл тазыларды бай-бағландар ұстаған. Олар өте қымбат тұрған. Тіпті кейде қыздың қалың малына да беретін болған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8e165003-0de8-4c8a-9765-9e498d62f4af_w1024_q10_s.jpg)
10
Тазылар. Көшпенді тұрмыс кезінде тұқымы асыл тазыларды бай-бағландар ұстаған. Олар өте қымбат тұрған. Тіпті кейде қыздың қалың малына да беретін болған.