Украинада 88 мың тонна қару-жарақ тұрған қоймада жарылыс болды. Әскерилердің сөзінше, жарылыс 9 қазанда жергілікті уақыт бойынша түнгі 3:30-да басталған. Бір сағаттан соң радиусы 30 шақырым болатын аумақтың әуе кеңістігі жабылған. Темір жол, көлік қозғалысы тоқтаған.
Билік қойма маңында орналасқан 30 елді мекеннен шамамен 19 мың азаматты эвакуациялау қажеттігін айтты. Жарылыс салдарынан пайда болған ыстың кесірінен 63 адамға медициналық көмек көрсетілген. Азаттықтың Украин қызметінің фотогалереясы.
Қару-жарақ қоймасындағы жарылыс
![Қару-жарақ қоймалары Киевтен шамамен 200 шақырым жердегі Ичня қаласынан төрт шақырым жерде орналасқан. Ичня қаласының өзінде шамамен 11 мың адам тұрады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ef556697-a56e-42af-9c6d-bd568d1333e6_w1024_q10_s.jpg)
1
Қару-жарақ қоймалары Киевтен шамамен 200 шақырым жердегі Ичня қаласынан төрт шақырым жерде орналасқан. Ичня қаласының өзінде шамамен 11 мың адам тұрады.
![Қару-жарақ қоймасына жақын жерде жолда қалдырып кеткен ескі көлік ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ebfef238-f9aa-4470-8f41-a44a78d97765_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Қару-жарақ қоймасына жақын жерде жолда қалдырып кеткен ескі көлік
![Украинаның қарулы күштерінің бас штабы бес қойманың өртеніп жатқанын хабарлады. Әзірге, себебі белгісіз. Зардап шеккендер туралы да дерек жоқ ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/77c83c5a-334e-43fc-99f4-c7b5ce05fe53_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Украинаның қарулы күштерінің бас штабы бес қойманың өртеніп жатқанын хабарлады. Әзірге, себебі белгісіз. Зардап шеккендер туралы да дерек жоқ
![Эвакуация кезінде немересімен тұрған егде әйел ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cda73d7c-02f7-4a41-b83e-5c651278c22b_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Эвакуация кезінде немересімен тұрған егде әйел
![Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6d142169-af09-4dec-b77b-21d35463c729_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/50e8cb9f-93e2-4779-b0d8-aa22676ef8e0_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
![52 жастағы Валентина Петренко күшті жарылыс салдарынан терезесі шағылған үйінен қарап тұр. Оның үйі қоймаға жақын орналасқан Дружба ауылында. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/45909c9e-7b7e-4261-bd26-6e932f588e9b_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
7
52 жастағы Валентина Петренко күшті жарылыс салдарынан терезесі шағылған үйінен қарап тұр. Оның үйі қоймаға жақын орналасқан Дружба ауылында.
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/96f85b96-709e-4809-9095-ec3a3a46919a_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
ПІКІРЛЕР