Ислам ынтымақтастығы ұйымының "Ислам мәдениеті астаналары" халықаралық жобасы аясында биыл ислам әлемінің үш астанасының бірі ретінде Алматы жарияланған. Бұл оқиға түрлі шаралар арқылы атқарылады. 14 қыркүйек күні концерт форматында мұсылман биі фестивалі өтті. Оған Әзербайжан, Египет, Қазақстан мен Қырғызстан бишілер тобы, басқа да өнер ұжымдары, әншілер қатысты.
Мұсылман биі
![Фестивальді Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі ашты. Алдыңғы қатарда – домбырашы Нүркен Әшіров пен қомызшы Перизат Ибраева (Қырғызстан). Олар "Күй тартыс" жасады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6099423a-08aa-4099-90c1-bb24cb86fd62_w1024_q10_s.jpg)
1
Фестивальді Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі ашты. Алдыңғы қатарда – домбырашы Нүркен Әшіров пен қомызшы Перизат Ибраева (Қырғызстан). Олар "Күй тартыс" жасады.
!["Гүлдер" эстрада-би ансамблі "Арулар шеруі" биін орындап жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9b1c8de8-a282-43c3-92cc-1569ea9a14ec_w1024_q10_s.jpg)
2
"Гүлдер" эстрада-би ансамблі "Арулар шеруі" биін орындап жатыр.
![Халықаралық байқаулар лауреаты, композитор Ұлықбек Исаков (Өзбекстан) «Ёшлигимиз» әнін шырқады. Ол екі елде де (Қазақстан мен Өзбекстан) тұрып, жұмыс істейді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/976a6ee7-4299-42d4-ac3b-929735dec4df_w1024_q10_s.jpg)
3
Халықаралық байқаулар лауреаты, композитор Ұлықбек Исаков (Өзбекстан) «Ёшлигимиз» әнін шырқады. Ол екі елде де (Қазақстан мен Өзбекстан) тұрып, жұмыс істейді.
![Фикрет Амиров атындағы Әзербайжан ән және би мемлекеттік ансамблінің сахнаға шыққан сәті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7576c669-3acb-48d7-a642-8eabeba37d8b_w1024_q10_s.jpg)
4
Фикрет Амиров атындағы Әзербайжан ән және би мемлекеттік ансамблінің сахнаға шыққан сәті.
![Әзербайжан бишілерінің орындауындағы «Узундара» биі. Бұл биді Әзербайжанда негізінен үйлену тойларында билейді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a6c0880f-ec87-4f52-8d9b-5ecc37075c9a_w1024_q10_s.jpg)
5
Әзербайжан бишілерінің орындауындағы «Узундара» биі. Бұл биді Әзербайжанда негізінен үйлену тойларында билейді.
![Тәжік әншісі Ситора Назарова. Ол 1993 жылдан бері Алматыда тұрады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/42050b8a-e122-4ed6-b9bb-e0af7a7b9ee8_w1024_q10_s.jpg)
6
Тәжік әншісі Ситора Назарова. Ол 1993 жылдан бері Алматыда тұрады.
![Қырғызстаннан келген «Береке» би ансамблі. Олар қырғыздың «Датқайым» ұлттық биін орындады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8dfcdb06-706d-40cd-b24f-8e4f7615edac_w1024_q10_s.jpg)
7
Қырғызстаннан келген «Береке» би ансамблі. Олар қырғыздың «Датқайым» ұлттық биін орындады.
![Қырғыз қыздарының екінші биі «Ханбике» аталды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/11b926dd-ae91-4f76-96b2-c2dd26d377f5_w1024_q10_s.jpg)
8
Қырғыз қыздарының екінші биі «Ханбике» аталды.
![Египеттік ұжымның ерлер ғана орындайтын дәруіштер биі - «Таннура». ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7f444911-054a-46c8-ae40-458b7d76661f_w1024_q10_s.jpg)
9
Египеттік ұжымның ерлер ғана орындайтын дәруіштер биі - «Таннура».
![Египет бишілерінің өнері жұртты таңырқатты. Олардың киімінің салмағы 30 килограмнан асады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/15633b7a-dad7-4577-9b73-3d12d59ea22e_w1024_q10_s.jpg)
10
Египет бишілерінің өнері жұртты таңырқатты. Олардың киімінің салмағы 30 килограмнан асады.
![Египет бишілері көрермен арасына да барып қайтты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d323618b-8e6d-4010-ac9e-c7e6edb47fc9_w1024_q10_s.jpg)
11
Египет бишілері көрермен арасына да барып қайтты.
![Концертте қазақ композиторы Ескендір Хасанғалиев "Атамекен" әнін айтты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1535fc6b-aa87-49ec-9c43-fe4b715d30de_w1024_q10_s.jpg)
12
Концертте қазақ композиторы Ескендір Хасанғалиев "Атамекен" әнін айтты.