Православтар ауыз бекітетін қырық тәуліктің (Великий Пост) алғашқы аптасының соңғы күні Алматыда православтардың діни тағамдарының дәстүрлі фестивалі өткізіледі. Ақпанның 23-інде басталған ауыз бекіту алты апта бойы – Пасха мейрамына дейін жалғасады. Ауыз бекітудің мәні – тәубаға келу. Алматы, 1 наурыз 2015 жыл.
Діни тағамдар фестивалі
Алматыда православтардың діни тағам түрлеріне арналған дәстүрлі фестиваль өтті.
![Православ діни тағамдары фестиваліне қатысушылар самауырда қайнатылған шай ұсынды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d1b2702f-6381-4bbb-b20a-6b08090ab27d_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
Православ діни тағамдары фестиваліне қатысушылар самауырда қайнатылған шай ұсынды.
![Пасха мейрамы алдындағы ауыз бекіту (Великий Пост) кезіндегі православ діни тағамдар фестивалі Алматыдағы Никольский шіркеуі жанындағы ғимаратта осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқыда оған бес-алты храм қатысса, биылғы фестивальға 14 храм қатысты. Олардың арасында Алматы маңындағы елдімекендерден келгендер де бар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/175d8b3f-e0af-48f5-9d6a-94f4cc372914_w1024_q10_s.jpg)
2
Пасха мейрамы алдындағы ауыз бекіту (Великий Пост) кезіндегі православ діни тағамдар фестивалі Алматыдағы Никольский шіркеуі жанындағы ғимаратта осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқыда оған бес-алты храм қатысса, биылғы фестивальға 14 храм қатысты. Олардың арасында Алматы маңындағы елдімекендерден келгендер де бар.
![Кейбір храмдарда фестивальға арнайы дәм әзірлеген аспаздар бар, оларға шіркеуге келушілер де көмектескен. Фестивальға әр храмнан тағам әзірлеген бірнеше адамнан қатысты. Олар ас-дәмді алдын ала дайындап әкелді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/aba7ab56-43a1-4ce9-8ce6-118ca4ffa6d2_w1024_q10_s.jpg)
3
Кейбір храмдарда фестивальға арнайы дәм әзірлеген аспаздар бар, оларға шіркеуге келушілер де көмектескен. Фестивальға әр храмнан тағам әзірлеген бірнеше адамнан қатысты. Олар ас-дәмді алдын ала дайындап әкелді.
![Фестиваль қонақтары қырық күндік ауыз бекіту кезінде қандай тағам түрлерін ішіп-жеуге болатынымен танысты. Келушілердің бірі тағамды қалай дайындауды қағазға жазып әкеліпті, бәзбіреулер оны фотоға түсіріп алуды жөн көрді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a8860e29-c50f-4519-acdc-4e45366eaed9_w1024_q10_s.jpg)
4
Фестиваль қонақтары қырық күндік ауыз бекіту кезінде қандай тағам түрлерін ішіп-жеуге болатынымен танысты. Келушілердің бірі тағамды қалай дайындауды қағазға жазып әкеліпті, бәзбіреулер оны фотоға түсіріп алуды жөн көрді.
![Фестивальға әкелінген тағам түрлері. Үстелге бұршақ, көкөністен жасалған салат түрлері, қырыққабаттан дайындалған орама, картоп салынған самса, көкөніс котлеттері, жұмыртқа қоспай суға пісірілген құймақ қойылған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f0604138-95c5-4567-86a7-7dbe950a150e_w1024_q10_s.jpg)
5
Фестивальға әкелінген тағам түрлері. Үстелге бұршақ, көкөністен жасалған салат түрлері, қырыққабаттан дайындалған орама, картоп салынған самса, көкөніс котлеттері, жұмыртқа қоспай суға пісірілген құймақ қойылған.
![Діни тағамдар фестиваліне қатысушы монах әйел.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/dcff6316-9eec-412f-b7b7-d8ee2516c988_w1024_q10_s.jpg)
6
Діни тағамдар фестиваліне қатысушы монах әйел.
![Жидектен жасалған сусын құйып жатқан әйел.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/06fff127-efa3-4d3f-870b-452e32091e1d_w1024_q10_s.jpg)
7
Жидектен жасалған сусын құйып жатқан әйел.
![Фестивальға қатысушы әзірлеген тағам түрлері үшін марапатталған сәті түсірілген фотосуретті көрсетіп тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4e458f46-2eb3-496f-92b8-4bd58d08fc7a_w1024_q10_s.jpg)
8
Фестивальға қатысушы әзірлеген тағам түрлері үшін марапатталған сәті түсірілген фотосуретті көрсетіп тұр.
![Қасиетті Құдай-Ана ғибадатханасы бұл фестивальға жеміс-жидектен өрнектеп дайындалған «Жұмақ бағы» тағамын әкеліпті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e4eb9e33-c3d2-4c19-9c4b-1dadc94785b9_w1024_q10_s.jpg)
9
Қасиетті Құдай-Ана ғибадатханасы бұл фестивальға жеміс-жидектен өрнектеп дайындалған «Жұмақ бағы» тағамын әкеліпті.
![Шіркеуге келушілердің бірі Алматыдағы Никольский соборының священнигі Вячеслав Пугачевқа дәм ұсынып жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6069f931-bffc-4e5b-843e-cfb41594df84_w1024_q10_s.jpg)
10
Шіркеуге келушілердің бірі Алматыдағы Никольский соборының священнигі Вячеслав Пугачевқа дәм ұсынып жатыр.