1994 жылғы 11 желтоқсанда Ресейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин "Шешенстанда қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету шаралары" жарлығына қол қойып, Ресей қарулы күштері Шешенстанға кірді. Өз-өзін жариялап алған Ичеркия Шешен республикасы Мәскеу жұмсаған әскерге қарулы қарсылық көрсетті. Бірінші шешен соғысы осылай басталды.
Екі жылдан соң, 1996 жылғы 31 тамызда Хасавюртте қарсылас екі тарап "бейбіт келісімге" қол қойды. Мәскеу әскері Шешенстаннан шегінді. Бірінші шешен соғысы кезінде Ресей бес мыңнан астам жауынгерінен айрылды, мыңдаған адам мүгедек болып қалды. Ал Шешенстан тарапынан қанша адам қырылғаны жайлы әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Құқық қорғаушылардың есебі бойынша, 25 мыңнан 30 мыңға дейін адам мерт болған.
Бірінші шешен соғысы қалай басталып еді?
![1994 жылы желтоқсанда Ресей президенті Борис Ельцин мен өз-өзін жариялап алған Ичкерия Шешен республикасының жетекшісі Жохар Дудаев келіссөз жүргізіп жатқан. Мәскеу "ешқандай әскери іс-қимыл болмайды" деп ескертсе де, Грозный маңына Ресей әскері жиналып тұрған еді. Шешенстан да шабуыл бола қалған жағдайда тойтарыс беруге қамданды. 11 желтоқсан 1994 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/fda3ca50-40d0-42c7-a588-672e40fc88f5_w1024_q10_s.jpg)
1
1994 жылы желтоқсанда Ресей президенті Борис Ельцин мен өз-өзін жариялап алған Ичкерия Шешен республикасының жетекшісі Жохар Дудаев келіссөз жүргізіп жатқан. Мәскеу "ешқандай әскери іс-қимыл болмайды" деп ескертсе де, Грозный маңына Ресей әскері жиналып тұрған еді. Шешенстан да шабуыл бола қалған жағдайда тойтарыс беруге қамданды. 11 желтоқсан 1994 жыл
![Шешенстан аумағына кіретін маңда тұрған ресейлік жауынгерлер мен әскери техника. 22 желтоқсан 1994 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c3255668-cad9-4d1a-8734-245b4b13e558_cx0_cy36_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Шешенстан аумағына кіретін маңда тұрған ресейлік жауынгерлер мен әскери техника. 22 желтоқсан 1994 жыл
![Ресей президенті Борис Ельцин (сол жақта) мен Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдин Шешенстан туралы құжат талқыланған үкімет отырысында. Мәскеу, 27 желтоқсан 1994 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/08310465-009e-4ac6-bb35-2d64d410ac16_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Ресей президенті Борис Ельцин (сол жақта) мен Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдин Шешенстан туралы құжат талқыланған үкімет отырысында. Мәскеу, 27 желтоқсан 1994 жыл
![1994 жылғы 31 желтоқсанда Ресей Грозныйды басып алуға талпыныс жасады. Бірақ операция сәтсіз аяқталып, ресейлік мың жарымға жуық жауынгер мерт болды. Жергілікті мыңдаған бейбіт тұрғын хабар-ошарсыз кетті](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/fe033da0-d3a2-4abc-a84d-d5edc2ed8f80_w1024_q10_s.jpg)
4
1994 жылғы 31 желтоқсанда Ресей Грозныйды басып алуға талпыныс жасады. Бірақ операция сәтсіз аяқталып, ресейлік мың жарымға жуық жауынгер мерт болды. Жергілікті мыңдаған бейбіт тұрғын хабар-ошарсыз кетті
![Ресей күшт күштерінің толассыз атқылауынан қирап-бүлінген Грозный қаласының орталығындағы көшеде пианино ойнап отырған шешен сарбазы. Соғыстың алғашқы күндері көп үйге бомба түсті не өртенді. 22 желтоқсан 1994 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/49fe3c2a-96f4-4b17-927b-bd63727568ff_w1024_q10_s.jpg)
5
Ресей күшт күштерінің толассыз атқылауынан қирап-бүлінген Грозный қаласының орталығындағы көшеде пианино ойнап отырған шешен сарбазы. Соғыстың алғашқы күндері көп үйге бомба түсті не өртенді. 22 желтоқсан 1994 жыл
![Ресей әскері Грозныйды нысана етіп, толассыз зымыран жаудырып жатыр. Шешенстан жағынан қаза тапқандар мен жараланғандар өте көп. Екі шешен сарбазы жараланған адамды қала орталығынан алып шығып келеді. 25 желтоқсан 1994 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c5ce5d41-3181-4d53-a488-7c501599f899_w1024_q10_s.jpg)
6
Ресей әскері Грозныйды нысана етіп, толассыз зымыран жаудырып жатыр. Шешенстан жағынан қаза тапқандар мен жараланғандар өте көп. Екі шешен сарбазы жараланған адамды қала орталығынан алып шығып келеді. 25 желтоқсан 1994 жыл
![Ресей күштері Шешенстанға әуеден шабуыл жасады. Олар Грозный әуежайын Шешенстанға кірмей тұрып бомбалады. Шешенстан әскерінде ұшақ болған жоқ. 29 желтоқсан 1994 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6a860cae-cd13-47dd-80aa-28eb67c8cc18_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
7
Ресей күштері Шешенстанға әуеден шабуыл жасады. Олар Грозный әуежайын Шешенстанға кірмей тұрып бомбалады. Шешенстан әскерінде ұшақ болған жоқ. 29 желтоқсан 1994 жыл
![Өз-өзін жариялап алған Ичкерия Шешен республикасының жетекшісі, бұрынғы совет генералы Жохар Дудаев аймақтағы ауылдардың бірінде баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Ол Ресейден бейбіт халықты қырып-жоюды тоқтатуды талап етіп, Мәскеуді келіссөзге шақырды. 11 қаңтар 1995 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/52eee077-3d46-4ed5-8957-358feb5e506b_cx0_cy61_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
Өз-өзін жариялап алған Ичкерия Шешен республикасының жетекшісі, бұрынғы совет генералы Жохар Дудаев аймақтағы ауылдардың бірінде баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Ол Ресейден бейбіт халықты қырып-жоюды тоқтатуды талап етіп, Мәскеуді келіссөзге шақырды. 11 қаңтар 1995 жыл
![Ресей күштері Грозныйға әуеден соққы беруді үдетті. Президент сарайы да түгелдей қирады. Суретте шешен сарбаздары әуе шабуылынан бас сауғалап қашып барады. Грозный, 12 қаңтар 1995 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/fc9a34e8-4b8a-4a7c-9af9-851c4529a825_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
9
Ресей күштері Грозныйға әуеден соққы беруді үдетті. Президент сарайы да түгелдей қирады. Суретте шешен сарбаздары әуе шабуылынан бас сауғалап қашып барады. Грозный, 12 қаңтар 1995 жыл
![Ресей әскеріне қарсы қиян-кескі шайқас жүріп жатқан Грозныйдың орталығына қарай пулемет көтеріп кетіп бара жатқан шешен сарбазы. 17 қаңтар 1995 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c5d5a747-35a8-4199-b5c7-609d77db4393_w1024_q10_s.jpg)
10
Ресей әскеріне қарсы қиян-кескі шайқас жүріп жатқан Грозныйдың орталығына қарай пулемет көтеріп кетіп бара жатқан шешен сарбазы. 17 қаңтар 1995 жыл
11
Басы мен оң қолы жараланған үш жасар Ахмед Грозныйдан 25 шақырым қашық Урус-Мартан ауруханасында жатыр. Мәскеу бастаған екі шешен соғысында нақты қанша бала қаза тапқаны не зардап шеккені жөнінде ресми дерек жоқ. 18 қаңтар 1995 жыл
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal

12
Балалар – соғыстың қорғансыз құрбаны. Ресей армиясының бомбасы түскенде аяғынан айырылған сегіз жасар ұл бала Грозныйдың батыс жағындағы Урус-Мартан қаласындағы ауруханада жатыр. 18 қаңтар 1995 жыл

![Қыстың аязында қарша бораған оқ пен зымыран астында қалған үйін тастап қашып шыққан шешен отбасы. Грозный қаласында машина да, қоғамдық көлік те қалмаған. 20 қаңтар 1995 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/36aff2e8-9a34-4a91-8a2d-203d9e554322_w1024_q10_s.jpg)
13
Қыстың аязында қарша бораған оқ пен зымыран астында қалған үйін тастап қашып шыққан шешен отбасы. Грозный қаласында машина да, қоғамдық көлік те қалмаған. 20 қаңтар 1995 жыл
![Ерлі-зайыпты қариялар Ресей армиясы толассыз атқылап жатқан Грозныйдағы үйінен қолға ілінген затты ғана алып, бас сауғалап қашып барады. Қалада жарық, газ, су жоқ. Тамақ та қалмаған. 24 қаңтар 1995 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/83658f99-afd1-404a-8e05-061d246476a4_cx0_cy12_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
14
Ерлі-зайыпты қариялар Ресей армиясы толассыз атқылап жатқан Грозныйдағы үйінен қолға ілінген затты ғана алып, бас сауғалап қашып барады. Қалада жарық, газ, су жоқ. Тамақ та қалмаған. 24 қаңтар 1995 жыл
15
Ресей қарулы күштері зымыранмен атқылаған кезде Грозный көшесінде қаза тапқан бейбіт тұрғын. Жергілікті адамдардан құралған еріктілер тобы кезекті бомбалаудан кейін көше аралап, келесі бомба түскенше үлгерсе, қаза тапқандарды алып кетеді немесе жақын маңға апарып жерлейді. 24 қаңтар 1995 жыл
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Ресей қарулы күштері зымыранмен атқылаған кезде Грозный көшесінде қаза тапқан бейбіт тұрғын. Жергілікті адамдардан құралған еріктілер тобы кезекті бомбалаудан кейін көше аралап, келесі бомба түскенше үлгерсе, қаза тапқандарды алып кетеді немесе жақын маңға апарып жерлейді. 24 қаңтар 1995 жыл
Ресей қарулы күштері зымыранмен атқылаған кезде Грозный көшесінде қаза тапқан бейбіт тұрғын. Жергілікті адамдардан құралған еріктілер тобы кезекті бомбалаудан кейін көше аралап, келесі бомба түскенше үлгерсе, қаза тапқандарды алып кетеді немесе жақын маңға апарып жерлейді. 24 қаңтар 1995 жыл
![Қос снарядты иығына артып алып, Грозныйды толассыз атқылаған Ресей әскеріне қарсы соғыс жүріп жатқан жерге беттеген шешен азаматы. 26 қаңтар 1995 жыл](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/8f30e8ae-a18a-460d-b848-4817ca0d4288_w1024_q10_s.jpg)
16
Қос снарядты иығына артып алып, Грозныйды толассыз атқылаған Ресей әскеріне қарсы соғыс жүріп жатқан жерге беттеген шешен азаматы. 26 қаңтар 1995 жыл
ПІКІРЛЕР