Мамырдың 25-сі күні Парижде татар мен башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі - сабантой өтті. Франция астанасында сабантой өткізу туралы келісім Париж мэрі Анн Идальго биыл ақпанда Қазанға сапармен барған кезде жасалған. Сабантой мерекесі Эйфель мұнарасы алдында, Марс алаңында ұйымдастырылды.
Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің фотогалереясы.
Париждегі сабантой мерекесі
![Сабантой мерекесі нақты бір күнге байланбаған. Әдетте бұл мейрамды мамырдың соңынан маусымның соңына дейінгі аралықта тойлайды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8ae69ca7-ccab-410d-a627-5b0b974ef610_w1024_q10_s.jpg)
1
Сабантой мерекесі нақты бір күнге байланбаған. Әдетте бұл мейрамды мамырдың соңынан маусымның соңына дейінгі аралықта тойлайды.
![Сабантой тарихы ерте заманнан бастау алады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дәстүр жер өңдеумен байланысты, халық бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3389d341-de25-4958-9016-204c618b1322_w1024_q10_s.jpg)
2
Сабантой тарихы ерте заманнан бастау алады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дәстүр жер өңдеумен байланысты, халық бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған.
![Сабантой - Жер-Анадан мол өнім тілеген халықтың арман-мұратынан туындаған мереке.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/18195909-fb71-4c67-a6d5-c8fadd103ca0_w1024_q10_s.jpg)
3
Сабантой - Жер-Анадан мол өнім тілеген халықтың арман-мұратынан туындаған мереке.
![Сабантой кезінде түрлі ұлттық ойындардан жарыстар да өтеді. Оған әркім қатысып, бақ сынай алады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a993cc02-0bc8-462f-b48a-f5bf5d61823d_w1024_q10_s.jpg)
4
Сабантой кезінде түрлі ұлттық ойындардан жарыстар да өтеді. Оған әркім қатысып, бақ сынай алады.
![Ресей федерациясы құрамындағы Татарстанда бұл мерекеге мемлекеттік мәртебе берілген. Башқұртстанда да бұл мейрамды бүкіл халық болып тойлайды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9286ba03-f40a-49aa-9367-1081a9438dba_w1024_q10_s.jpg)
5
Ресей федерациясы құрамындағы Татарстанда бұл мерекеге мемлекеттік мәртебе берілген. Башқұртстанда да бұл мейрамды бүкіл халық болып тойлайды.
![Сабантой әуелі ауылдар мен қалаларда өтеді, ал соңында Татарстан мен Башқұртстан астаналары Қазан және Уфа қалаларында ұлан-асыр тойға ұласады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6e87d4a5-cfac-4e36-9586-2ddd32b07dca_w1024_q10_s.jpg)
6
Сабантой әуелі ауылдар мен қалаларда өтеді, ал соңында Татарстан мен Башқұртстан астаналары Қазан және Уфа қалаларында ұлан-асыр тойға ұласады.
![Ресейдің өзге де өңірлерінде және шетелдерде тұратын татар мен башқұрт диаспоралары да сабантойды атап өтеді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1ca444cb-d95b-4968-9d0c-e20933d80c03_w1024_q10_s.jpg)
7
Ресейдің өзге де өңірлерінде және шетелдерде тұратын татар мен башқұрт диаспоралары да сабантойды атап өтеді.
![Ресей құрамындағы Татарстан республикасы үкіметінің сабантойды ЮНЕСКО ұйымының бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енгізуге тырысып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/dceb930f-67ac-4c2e-a0a1-8ff0633109cb_w1024_q10_s.jpg)
8
Ресей құрамындағы Татарстан республикасы үкіметінің сабантойды ЮНЕСКО ұйымының бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енгізуге тырысып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған.
![Әдетте қалаларда сабантой үлкен алаңдарда ұйымдастырылады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cd7dca1f-d3b8-4de1-afba-8b6a4c68b53e_w1024_q10_s.jpg)
9
Әдетте қалаларда сабантой үлкен алаңдарда ұйымдастырылады.
![Ауылды жерлерде тұрғындар сабантой мерекесі күні қонаққа келген туған-туыс, дос-жаранды құшақ жая қарсы алып, дастарханға тәтті-дәмдінің бәрін салады. Жұрт мерекеге алдын ала дайындалып, үйлерін жөндеп, әктеп, қадірлі меймандарға арнап ас әзірлейді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/73b1cf83-fc24-4434-a287-ef675fc188d9_w1024_q10_s.jpg)
10
Ауылды жерлерде тұрғындар сабантой мерекесі күні қонаққа келген туған-туыс, дос-жаранды құшақ жая қарсы алып, дастарханға тәтті-дәмдінің бәрін салады. Жұрт мерекеге алдын ала дайындалып, үйлерін жөндеп, әктеп, қадірлі меймандарға арнап ас әзірлейді.
![Өнерпаздар мен спорттық ойындарға қоса жүртшылық сабантой мерекесі кезінде қолөнер шеберлерінің өнімдерін де тамашалай алады. Суретте: Париждің Марс алаңындағы татар ұлттық аяқ киім үлгілері.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/86753ae2-460b-4d01-9110-2f7af718ab0b_w1024_q10_s.jpg)
11
Өнерпаздар мен спорттық ойындарға қоса жүртшылық сабантой мерекесі кезінде қолөнер шеберлерінің өнімдерін де тамашалай алады.
Суретте: Париждің Марс алаңындағы татар ұлттық аяқ киім үлгілері.
Суретте: Париждің Марс алаңындағы татар ұлттық аяқ киім үлгілері.
![Париждегі сабантойдан көрініс.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cea907e4-44d6-429f-9a8e-c93068f190f0_w1024_q10_s.jpg)
12
Париждегі сабантойдан көрініс.
![Сабантой мерекесіне кәсіпқой әншілер және бишілермен бірге әуесқойлар да қатысып, өнерлерін көрсетеді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/619adb35-db1b-4c16-9002-377ecdd558ff_w1024_q10_s.jpg)
13
Сабантой мерекесіне кәсіпқой әншілер және бишілермен бірге әуесқойлар да қатысып, өнерлерін көрсетеді.
![Ұлттық және спорттық ойындарға жас та, кәрі де қатыса алады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/047d4de9-da9b-4143-8f6d-45c7d6c8cfb6_w1024_q10_s.jpg)
14
Ұлттық және спорттық ойындарға жас та, кәрі де қатыса алады.
![Татарлар үшін сабантой үлкен мереке болғандықтан оған алдын ала дайындалады. Мерекелік шараларды ақсақалдар басқарады, олар тойдың өту тәртібін белгілейді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0b965024-4270-4d17-91b3-6362e193e22f_w1024_q10_s.jpg)
15
Татарлар үшін сабантой үлкен мереке болғандықтан оған алдын ала дайындалады. Мерекелік шараларды ақсақалдар басқарады, олар тойдың өту тәртібін белгілейді.
![Сабантой – халықтың ана тілі мен төл мәдениетінің мерекесі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ffebe385-d03f-4775-b23f-7a47f7c708f4_w1024_q10_s.jpg)
16
Сабантой – халықтың ана тілі мен төл мәдениетінің мерекесі.
![Таңертең басталған сабантой мейрамы кеш батқанша жалғасты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/23d5bef7-edca-43c9-bacf-091102457e39_w1024_q10_s.jpg)
17
Таңертең басталған сабантой мейрамы кеш батқанша жалғасты.
![Париждегі сабантойға Татарстаннан келген делегация мүшелерінің көбі ұлттық киім киген.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b859b0aa-502a-4d29-af70-702284facf9a_w1024_q10_s.jpg)
18
Париждегі сабантойға Татарстаннан келген делегация мүшелерінің көбі ұлттық киім киген.
![Татарстаннан келген өнерпаз Эйфель мұнарасы жанындағы сахнада ән салып тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c8149011-0302-45fa-83cc-accee45e7c2c_w1024_q10_s.jpg)
19
Татарстаннан келген өнерпаз Эйфель мұнарасы жанындағы сахнада ән салып тұр.
![Париждегі сабантойды тамашалап тұрған көрермендер.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a206400b-793a-411d-bfff-2432a1dc957a_w1024_q10_s.jpg)
20
Париждегі сабантойды тамашалап тұрған көрермендер.
![Париж тұрғындары мен қала қонақтары Татарстаннан барған 200-ге жуық өнерпаздың концерттік бағдарламасын күні бойы тамашалады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/235c5e72-2412-4e7d-a033-3bb1a9ed4389_w1024_q10_s.jpg)
21
Париж тұрғындары мен қала қонақтары Татарстаннан барған 200-ге жуық өнерпаздың концерттік бағдарламасын күні бойы тамашалады.
![Эйфель мұнарасы алдындағы алаңда өткен сабантойға жиналған адамдар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/52a2aad2-ecd8-4cc3-87d3-526f4dff2a54_w1024_q10_s.jpg)
22
Эйфель мұнарасы алдындағы алаңда өткен сабантойға жиналған адамдар.
![БАҚ өкілі Париждегі сабантойға ұлттық киіммен келген әйелдермен әңгімелесіп тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b1b580b5-1290-4a3d-9792-1360d03b1315_w1024_q10_s.jpg)
23
БАҚ өкілі Париждегі сабантойға ұлттық киіммен келген әйелдермен әңгімелесіп тұр.