Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Австро-Венгрия империясы армиясының қатарында болған Александр Винербергер 1915 жылы орыс әскерінің тұтқынына түскен. Содан 1934 жылға дейін Ресейде болған ол Совет Одағында жарылғыш заттар инженері ретінде химиялық зауыттар салуға қатысады. 1933 жылы Харьковте зауыт директоры болып тағайындалған Винербергер советтік Украинадағы ашаршылық қасіретіне куә болады. Ол «Лайка» фотоаппаратымен «Голодомор» қасіретінен жүздеген сурет түсірген. Суреттердің астындағы сипаттамаларда ашаршылық туралы оның жазбалары келтірілді.
Австриялық тұтқын Украинада көрген ашаршылық
![Жүргіншілер көшеде жатқан жансыз дененің жанынан өтіп кетіп жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5ad202fb-b4f3-4133-ad82-ba06029c300c_w1024_q10_s.jpg)
1
Жүргіншілер көшеде жатқан жансыз дененің жанынан өтіп кетіп жатыр.
![Ол жылдары Украина тұрғындарына көшеде аштан өлгелі жатқан адамды көру әдеттегі жағдайға айналып кеткен еді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ef4229f6-37b8-40ed-a8be-7a9ef6af95f2_w1024_q10_s.jpg)
2
Ол жылдары Украина тұрғындарына көшеде аштан өлгелі жатқан адамды көру әдеттегі жағдайға айналып кеткен еді.
![Ашаршылық құрбаны жанында күнделікті тіршілік жайын сөз етіп тұрғандар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1e4a67d8-0388-476c-b00d-ae68077e9917_w1024_q10_s.jpg)
3
Ашаршылық құрбаны жанында күнделікті тіршілік жайын сөз етіп тұрғандар.
![Тек белгіленген тәртіппен ғана берілетін сүт алу үшін кезекте тұрғандар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/25646cb8-de01-4f55-a32c-c10de2ccbbdb_w1024_q10_s.jpg)
4
Тек белгіленген тәртіппен ғана берілетін сүт алу үшін кезекте тұрғандар.
![Харьковтың колхоз базарындағы сатушылар сүт құйылған шөлмектерді мықтап ұстап тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/441f96e5-8682-4e46-9ff8-646e663bb84f_w1024_q10_s.jpg)
5
Харьковтың колхоз базарындағы сатушылар сүт құйылған шөлмектерді мықтап ұстап тұр.
![Харьков көшелерінің бірінде жүргіншілер аштан өлген адамның мүрдесінің жанында тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/83962ec5-de94-4f58-8f8f-d313d247294e_w1024_q10_s.jpg)
6
Харьков көшелерінің бірінде жүргіншілер аштан өлген адамның мүрдесінің жанында тұр.
![Аштықтан титықтаған панасыз балалар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5bd61805-0e57-4ba6-b7e3-15c1b44e461b_w1024_q10_s.jpg)
7
Аштықтан титықтаған панасыз балалар.
![Ашаршылық кезінде көптеген украиндықтар үй-мекенін тастап, азық іздеп босып кетті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/78ae526b-f7d5-4bef-a52b-024769040991_w1024_q10_s.jpg)
8
Ашаршылық кезінде көптеген украиндықтар үй-мекенін тастап, азық іздеп босып кетті.
![Қараусыз балалар үсті-бастарын биттен тазалап отыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6487f558-0e45-4c1d-8a3e-3a0ab600a2ac_w1024_q10_s.jpg)
9
Қараусыз балалар үсті-бастарын биттен тазалап отыр.
![Аштықтан халі бітіп көшеде құлап қалған баланың қасынан жұрт өтіп жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f1e5d88a-85c5-4bfa-9584-f4bfbe605115_cx0_cy0_cw92_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
Аштықтан халі бітіп көшеде құлап қалған баланың қасынан жұрт өтіп жатыр.
![Аштық пен жоқшылықтан титықтаған жұрт Харьковтағы іші қаңырап бос жатқан азық-түлік тарататын кооператив ғимаратының алдына жиналып тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/feffae8e-cdad-4f9d-937b-8d2798bc6bb3_w1024_q10_s.jpg)
11
Аштық пен жоқшылықтан титықтаған жұрт Харьковтағы іші қаңырап бос жатқан азық-түлік тарататын кооператив ғимаратының алдына жиналып тұр.
![Тротуарларда аштықтан өлгелі жатқан немесе қайтыс болғандардың денелері барған сайын көбейіп келеді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/48392173-7de7-4d3e-83da-93b8a8ef6291_w1024_q10_s.jpg)
12
Тротуарларда аштықтан өлгелі жатқан немесе қайтыс болғандардың денелері барған сайын көбейіп келеді.
![Бұл адамның мүрдесіне жұрт назар аударды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9443dd6d-dc8d-47b2-bfc5-5cc246fe9aeb_w1024_q10_s.jpg)
13
Бұл адамның мүрдесіне жұрт назар аударды.
![Ауылды жердегі мына плакатта: «Мұнда адам жерлеуге үзілді-кесілді тыйым салынады» деп жазылған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5ea1c065-aefd-4eed-8906-3cb755337dbe_w1024_q10_s.jpg)
14
Ауылды жердегі мына плакатта: «Мұнда адам жерлеуге үзілді-кесілді тыйым салынады» деп жазылған.
![Аштан өлгендерді әдетте ортақ молаға бірге көметін.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/57a0b3ce-5b6c-4b13-97cd-ffcd26f882bd_w1024_q10_s.jpg)
15
Аштан өлгендерді әдетте ортақ молаға бірге көметін.