Ирандағы көп алдында қылмыскерді дарға тарту жазаларының бірі орындалмай қалды. Өйткені соңғы сәтте қылмыскердің қолынан ұлы өлген әйел оған кешірім жасады. Жәбірленушінің туыстары мойнына тұзақ ілінген қылмыскер тұрған орындықты құлатуы керек еді. Оның орнына ұлы өлген әйел келіп жәбірленушінің бетінен шапалақпен тартып жіберді де, "кешірдім" деп мәлімдеді. Бұл оқиғаны Иранның жартылай ресми ISNA агенттігі фотоға түсірген.
Ирандық соңғы сәтте дарға тартылмай қалды
![Біләл есімді жазаланушы 7 жыл бұрын 17 жастағы Абдолла есімді жас жігітті өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген еді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/61b82039-a2f5-49d9-926b-0eb3b7756a40_w1024_q10_s.jpg)
1
Біләл есімді жазаланушы 7 жыл бұрын 17 жастағы Абдолла есімді жас жігітті өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген еді.
![Дарға тарту күніне бір тәулік қалғанда Біләлдің анасы баласы аман қалады деген барлық үмітінің желге ұшқанын айтқан.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b35daaed-a792-48a9-a136-7e2b9eaa3a96_w1024_q10_s.jpg)
2
Дарға тарту күніне бір тәулік қалғанда Біләлдің анасы баласы аман қалады деген барлық үмітінің желге ұшқанын айтқан.
![Мазендаран уәлаятындағы Нұр қаласында дарға тарту жазалау шарасын көруге жиналған жұрт.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/16952a1b-021e-40b7-ac5e-05e64569f697_w1024_q10_s.jpg)
3
Мазендаран уәлаятындағы Нұр қаласында дарға тарту жазалау шарасын көруге жиналған жұрт.
![Жәбірленушінің отбасы мүшелеріне дарға тартылушы тұрған орындықты жұлқа тартып алуға рұқсат етіледі. Жергілікті шариғат бойынша бұл әрекет "қисас" деп аталады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c35a9789-01e6-48c2-85ef-cbf103a97c39_w1024_q10_s.jpg)
4
Жәбірленушінің отбасы мүшелеріне дарға тартылушы тұрған орындықты жұлқа тартып алуға рұқсат етіледі. Жергілікті шариғат бойынша бұл әрекет "қисас" деп аталады.
![Дарға тартылатын Біләлдің туыстары жылап тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b54e5687-927a-422f-a51b-984843bfface_w1024_q10_s.jpg)
5
Дарға тартылатын Біләлдің туыстары жылап тұр.
![Марқұм жәбірленушінің туыстары дар түбінде тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c092200c-6652-4d63-9497-ce180ae9d832_w1024_q10_s.jpg)
6
Марқұм жәбірленушінің туыстары дар түбінде тұр.
![Шешуші сәтте марқұм жәбірленушінің анасы Біләлді шапалақпен тартып жіберді де, кешірім берді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1bbda55d-adae-4081-b73c-f92618d136a2_w1024_q10_s.jpg)
7
Шешуші сәтте марқұм жәбірленушінің анасы Біләлді шапалақпен тартып жіберді де, кешірім берді.
![Кешірім беру тұтқынды өлім жазасынан құтқарып қалатын соңғы амал. Біләлдің туыстары оның мойнынан дар тұзағын шешіп алып жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/62991266-fae9-45da-80f9-1521aa88a674_w1024_q10_s.jpg)
8
Кешірім беру тұтқынды өлім жазасынан құтқарып қалатын соңғы амал. Біләлдің туыстары оның мойнынан дар тұзағын шешіп алып жатыр.
![Қауіпсіздік қызметінің өкілі марқұм жәбірленушінің әкесі Абдулғани Хусейнзадеге рақмет айтты.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/691c6d77-e78d-4149-ad0a-a0d3f8d9bb6b_w1024_q10_s.jpg)
9
Қауіпсіздік қызметінің өкілі марқұм жәбірленушінің әкесі Абдулғани Хусейнзадеге рақмет айтты.
![Тірі қалған Біләлдің анасы (сол жақта) мен марқұм жәбірленуші Абдолланың анасы қосыла жылап тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d152bddf-41df-4237-8311-ea4e3b7df18f_w1024_q10_s.jpg)
10
Тірі қалған Біләлдің анасы (сол жақта) мен марқұм жәбірленуші Абдолланың анасы қосыла жылап тұр.
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b91d7149-ac38-4441-bd76-d12d77f88e94_w1024_q10_s.jpg)
11
![Біләлдің туыстары марқұм Абдолланың әкесіне алғыс жаудырып жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/49e3a19a-b921-43cc-8446-1d7f11bc6378_w1024_q10_s.jpg)
12
Біләлдің туыстары марқұм Абдолланың әкесіне алғыс жаудырып жатыр.
![Біләлдің туыстары қуаныштан жылап тұр. Кешірім алғанмен ол әлі бірден босатылмайды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1e7b4aa9-a692-41bd-b40d-84af2899834c_w1024_q10_s.jpg)
13
Біләлдің туыстары қуаныштан жылап тұр. Кешірім алғанмен ол әлі бірден босатылмайды.
![Марқұм Абдолланың әке-шешесі мен қарындасы үйлеріне келді. Жақында олардың 11 жастағы тағы бір ұлы мотоциклден құлап өлген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/810c45a7-b367-4a7a-89b0-77b8c10349ea_w1024_q10_s.jpg)
14
Марқұм Абдолланың әке-шешесі мен қарындасы үйлеріне келді. Жақында олардың 11 жастағы тағы бір ұлы мотоциклден құлап өлген.
![Әке-шешесі Абдолланың зиратына келіп тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/705cb4a0-429c-42ab-aa80-991dd21197cc_w1024_q10_s.jpg)
15
Әке-шешесі Абдолланың зиратына келіп тұр.