26 қарашада Алматыда қоғам белсенділері мен туыстары Арон Атабекті жерледі. Жұртшылық саяси тұтқын, диссидент, ақынды ақтық сапарға марқұмның қарындасы Рәзия Нұтышеваның үйінен шығарып салды.
Арон Атабекті Алматыда жерледі
![Журналист, азаматтық белсенді Рысбек Сәрсенбай саяси диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында сөйлеп тұр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/00ef0000-0a00-0242-cb31-08d9b0d50cef_w1024_q10_s.jpg)
26
Журналист, азаматтық белсенді Рысбек Сәрсенбай саяси диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында сөйлеп тұр.
![Саясаткер Балташ Тұрсымбаев Атабектің жаназа асында сөйлеп тұр. Оң жақта отырған - белсенді Бесжан Төлеубекұлы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/05320000-0a00-0242-1399-08d9b0d49716_w1024_q10_s.jpg)
27
Саясаткер Балташ Тұрсымбаев Атабектің жаназа асында сөйлеп тұр. Оң жақта отырған - белсенді Бесжан Төлеубекұлы.
![1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң өлім жазасына кесіліп, кейін сот үкімі 20 жыл түрме жазасына алмастырылған, 7 жыл абақтыда отырып шыққан Мырзақұл Әбдіқұлов саяси диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында отыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/05320000-0a00-0242-f6d4-08d9b0d7bbf5_w1024_q10_s.jpg)
28
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң өлім жазасына кесіліп, кейін сот үкімі 20 жыл түрме жазасына алмастырылған, 7 жыл абақтыда отырып шыққан Мырзақұл Әбдіқұлов саяси диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында отыр.
![Сәуле Сәдуақасова (микрофонмен сөйлеп тұр), Әсия Бақаева (оң жақтан екінші) және өзге бірнеше белсенді саяси диссидент, ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға астанадан Алматыға арнайы келген.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/05320000-0a00-0242-7dce-08d9b0e33962_w1024_q10_s.jpg)
29
Сәуле Сәдуақасова (микрофонмен сөйлеп тұр), Әсия Бақаева (оң жақтан екінші) және өзге бірнеше белсенді саяси диссидент, ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға астанадан Алматыға арнайы келген.
![Cаяси тұтқын, диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында сөйлегендерді смартфонға түсіріп отырған адамдар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/00ef0000-0a00-0242-ddc1-08d9b2ead7ba_w1024_q10_s.jpg)
30
Cаяси тұтқын, диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында сөйлегендерді смартфонға түсіріп отырған адамдар.
ПІКІРЛЕР