Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті. Бұған дейін жергілікті билік осы жерде азаматтардың шағымдарын қабылдайтынын айтып, "Ашық есік күнін" өткізетінін хабарлаған еді. Наразы топ биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастыруды, баспана алуды жеңілдетуді және өзге де әлеуметтік мәселелерді айтты. "Әкім келсін" деп айғайлаған наразы топтың ашуы үдей бастаған соң, түске таман көп балалы аналармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді. Жұрт алдында сөйлеген әкім биліктің көп балалы аналардың мәселелерін қарастырып жатқанын айтқан. Азаттық жиыннан түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Астанадағы көп балалы аналар наразылығы
![Таңертеңгі сағат 10-нан кейін шағымдануға келген азаматтар қатары көбейе түсті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6a7d7fdb-34bb-423b-bbe8-909bc3c26e84_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Таңертеңгі сағат 10-нан кейін шағымдануға келген азаматтар қатары көбейе түсті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
![Наразы топ "әкім" деп айғайлап, қала әкімінің келуін талап етті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/15ec4cb1-7cae-42b8-b774-fb29fe9a9aeb_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Наразы топ "әкім" деп айғайлап, қала әкімінің келуін талап етті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
![Әлеуметтік мәселесін айтып, шағымданып тұрған аналар. Олардың бірі мемлекет тарабынан берілетін жәрдемақының аздығын айтса, бірі баспана мәселесін көтерді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5cd58376-528c-4ccd-bdd1-2fbfa66380af_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Әлеуметтік мәселесін айтып, шағымданып тұрған аналар. Олардың бірі мемлекет тарабынан берілетін жәрдемақының аздығын айтса, бірі баспана мәселесін көтерді.
![Жергілікті билікке арызын жазбаша жеткізуге тырысып жатқан тұрғындар. Астана, 15 ақпан 2019 жыл](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/16340731-0220-4c15-87d9-15380a83064f_cx0_cy3_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Жергілікті билікке арызын жазбаша жеткізуге тырысып жатқан тұрғындар. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
![Тұрғындар наразылығы үдеген соң жиналғандармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f909c57b-25e4-49cb-8c0e-ff1ccf444a73_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
Тұрғындар наразылығы үдеген соң жиналғандармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді
![Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов "Аудан әкімдіктері көп балалы аналардың шағымын жинап жатыр"](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/530b6fc9-a9f4-46ab-8fb8-56ec02c26d0f_w1024_q10_s.jpg)
7
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов "Аудан әкімдіктері көп балалы аналардың шағымын жинап жатыр"
![Қала әкіміне шағымын жеткізгісі келгендер көп болды](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7c4dcc19-a12c-4d5e-b40a-5fbf4163ee5e_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
Қала әкіміне шағымын жеткізгісі келгендер көп болды
![Қала әкімінің сөзінен кейін тұрғындардың наразылығы басылған жоқ. Олар өздеріне микрофон беруді талап етті. Ал жергілікті билік өкілдері оларды тыныштандыруға тырысты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a10e1f07-f95d-46fa-b8c7-cfff6ae00958_w1024_q10_s.jpg)
9
Қала әкімінің сөзінен кейін тұрғындардың наразылығы басылған жоқ. Олар өздеріне микрофон беруді талап етті. Ал жергілікті билік өкілдері оларды тыныштандыруға тырысты.
![Залда отырған тұрғындар](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e38d8464-fe80-4e02-9f4f-e386715e8ee6_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
Залда отырған тұрғындар
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9c7a36c8-3445-4bdd-a7b6-8bb7e9bfde08_cx0_cy11_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
11
![Залда отырған аналар](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c519337f-bdc6-4967-83a3-06a6c1cd9b63_cx0_cy13_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
12
Залда отырған аналар
![Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналардың кейбірі сахнаға жақындап, шағымдарын жеткізді](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5e66bebf-1616-49b0-9ddc-0c476615afe9_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
13
Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналардың кейбірі сахнаға жақындап, шағымдарын жеткізді
![Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналар](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a391991f-cefd-4c59-9829-dfd22d9f409d_cx0_cy12_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
14
Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналар
![Шағымданып тұрған ана. Астана, 15 ақпан 2019 жыл](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b4c0052a-4a78-40b7-b354-76a601d37d52_cx0_cy16_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
15
Шағымданып тұрған ана. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
![Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов концерт залының фойесінде тұрғындар шағымын тыңдап отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fb3a0c67-9e64-49ac-9a3e-b7f0e1f94854_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
16
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов концерт залының фойесінде тұрғындар шағымын тыңдап отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
![Жергілікті билік өкілдері Астана тұрғындарының шағымдарын тыңдап отыр](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6a6e1b69-f1c3-45b1-9bd6-04f7a525f28a_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
17
Жергілікті билік өкілдері Астана тұрғындарының шағымдарын тыңдап отыр
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f161d487-bfba-4a11-a5fb-606fb24c803e_cx0_cy4_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
18
ПІКІРЛЕР