Астанада 9 мамырды қалай атап өтті?
Астанада 9 мамыр Жеңіс күні тұрғындар мен дипломатиялық өкілдер Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.
![Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға келгендер арасында Ауған соғысына қатысқандар мен Чернобыль апатынан кейін сонда жұмыс істегендер бар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-2efa-08dc70002e6f_w1024_q10_s.jpg)
1
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға келгендер арасында Ауған соғысына қатысқандар мен Чернобыль апатынан кейін сонда жұмыс істегендер бар.
![Қазір Астанада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жеті ардагер ғана қалған. Ал Ауған соғысының ардагерлері олардың "ізбасарына" айналғандай. Оларға балалар гүл беріп, "жеңіс үшін" алғыс айтып жатты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-2f1b-08dc700a7724_w1024_q10_s.jpg)
2
Қазір Астанада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жеті ардагер ғана қалған. Ал Ауған соғысының ардагерлері олардың "ізбасарына" айналғандай. Оларға балалар гүл беріп, "жеңіс үшін" алғыс айтып жатты.
![Ауған соғысына барғандар Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға құран бағыштап тұр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-2dcb-08dc70038155_w1024_q10_s.jpg)
3
Ауған соғысына барғандар Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға құран бағыштап тұр.
![Мәңгілік алау маңында жалаушалар мен советтік символикалары бар бас киімдер сатып жүргендер бар. Кейін дипломатиялық делегациялар келеді деп полиция сауда сатып жүргендерді басқа жаққа жіберді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-7b44-08dc70038162_w1024_q10_s.jpg)
4
Мәңгілік алау маңында жалаушалар мен советтік символикалары бар бас киімдер сатып жүргендер бар. Кейін дипломатиялық делегациялар келеді деп полиция сауда сатып жүргендерді басқа жаққа жіберді.
![Ресми гүл қою рәсімі алдында каратэші балалар машықтарын көрсетті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-0560-08dc7003815c_w1024_q10_s.jpg)
5
Ресми гүл қою рәсімі алдында каратэші балалар машықтарын көрсетті.
![Мерекеде советтік әскери форма киген адамдар көп болды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-0035-08dc70009e9b_w1024_q10_s.jpg)
6
Мерекеде советтік әскери форма киген адамдар көп болды.
![Әскери форма киген балалар да көп жүрді. Қазақстанда жұрт Украинада соғыс болып жатқанда және Ресей 9 мамырды пропагандаға пайдаланатын кезде балаларға әскери киім кигізу қаншалықты дұрыс деген мәселені жиі талқылайды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-a8b6-08dc700080c5_w1024_q10_s.jpg)
7
Әскери форма киген балалар да көп жүрді. Қазақстанда жұрт Украинада соғыс болып жатқанда және Ресей 9 мамырды пропагандаға пайдаланатын кезде балаларға әскери киім кигізу қаншалықты дұрыс деген мәселені жиі талқылайды.
![Гүл қоюға келе жатқан бала. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-ff14-08dc700078cc_w1024_q10_s.jpg)
8
Гүл қоюға келе жатқан бала.
![Ескерткіш алдында суретке түсіп жатқан балалар. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-59cf-08dc700c47c8_w1024_q10_s.jpg)
9
Ескерткіш алдында суретке түсіп жатқан балалар.
![Қазақстанда биыл "Мәңгілік полк" шарасы ұйымдастырылмаса да, кейбір адам ескерткіш маңына соғысқа қатысқан туыстарының суретін алып келді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-24d4-08dc70005009_w1024_q10_s.jpg)
10
Қазақстанда биыл "Мәңгілік полк" шарасы ұйымдастырылмаса да, кейбір адам ескерткіш маңына соғысқа қатысқан туыстарының суретін алып келді.
![Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туысының фотосын ұстап тұрған әйел.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-7838-08dc70005b0e_w1024_q10_s.jpg)
11
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туысының фотосын ұстап тұрған әйел.
![Георгиев лентасы мен жалау ұстаған ер адам. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-fe7e-08dc70005aeb_w1024_q10_s.jpg)
12
Георгиев лентасы мен жалау ұстаған ер адам.
![Мәңгілік алау алдында ән салып тұрған жұрт. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-34f7-08dc700086bb_w1024_q10_s.jpg)
13
Мәңгілік алау алдында ән салып тұрған жұрт.
![Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан дипломаттары да алауға гүл шоқтарын қойды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-3e74-08dc7000ad45_w1024_q10_s.jpg)
14
Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан дипломаттары да алауға гүл шоқтарын қойды.
![Ресейдің әскери-теңіз флотының формасын киген ер адам гүл қоюға келді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-1d67-08dc700085c0_w1024_q10_s.jpg)
15
Ресейдің әскери-теңіз флотының формасын киген ер адам гүл қоюға келді.
![Жеңістің 79-жылдығына арналған велошеруге келгендер. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-f4bd-08dc70010cbf_w1024_q10_s.jpg)
16
Жеңістің 79-жылдығына арналған велошеруге келгендер.
![Мәңгілік алау маңы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-89ec-08dc7000a18b_w1024_q10_s.jpg)
17
Мәңгілік алау маңы.
![Қызыл тумен кетіп бара жатқан көлік. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-f06e-08dc7009e40c_w1024_q10_s.jpg)
18
Қызыл тумен кетіп бара жатқан көлік.