Ақпанның 15-күні Пхенчхандағы қысқы олимпиадада Қазақстан спортшылары жүлде ала алмады. Қазақстандық биатлоншылар мен шаңғышылардың нәтижелері төмен болғаны соншалық алғашқы қырық спортшының қатарына ене алмады. Қазақстан бір қола медальмен жалпы есепте 19-орында тұр. Қола медальды фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева иеленген.
Шаңғышылар үшін сәтсіз күн
![Пхенчхан ойындарында фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен Ақмаржан Қалмурзаева финалға шыға алмады. Ол акробатикалық сальто айналып, қарға түскен кезде құлап жарысты ерте аяқтады. 15 ақпан 2018 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/317b3439-0f73-4b2e-89aa-2e2918105720_w1024_q10_s.jpg)
1
Пхенчхан ойындарында фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен Ақмаржан Қалмурзаева финалға шыға алмады. Ол акробатикалық сальто айналып, қарға түскен кезде құлап жарысты ерте аяқтады. 15 ақпан 2018 жыл.
![Фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен тағы бір қазақстандық Аяна Жолдас та құлап қалды. 15 ақпан 2018 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03fa7447-be67-46bf-a8e4-60146b9dd56a_w1024_q10_s.jpg)
2
Фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен тағы бір қазақстандық Аяна Жолдас та құлап қалды. 15 ақпан 2018 жыл.
![Екі командаласы құлаған соң Маржан Ақжігіт қиындық деңгейі оңай сальто секірді. Ол да финалға шыға алмады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2a525941-28b9-49d4-8604-386fabef3b0c_w1024_q10_s.jpg)
3
Екі командаласы құлаған соң Маржан Ақжігіт қиындық деңгейі оңай сальто секірді. Ол да финалға шыға алмады.
![Акробатикада сынға түскен Жанбота Алдабергенова 13-орын алып, финалдан тыс қалды. Шешуші финалға 12 спортшы өтті. 15 ақпан 2018 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ad237819-98d6-4b84-84aa-8f30aaea503f_w1024_q10_s.jpg)
4
Акробатикада сынға түскен Жанбота Алдабергенова 13-орын алып, финалдан тыс қалды. Шешуші финалға 12 спортшы өтті. 15 ақпан 2018 жыл.
![Биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыста Қазақстан құрамасының лидері Галина Вишневская ату кезінде үш рет мүлт кетіп, 45-орын алды. Ол "Пхенчхан Олимпиадасында үздік алтылыққа енуді жоспарлайтынын" айтқан. Бірақ мақсаты орындалмады. 15 ақпан 2018 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f3a9ef05-9e62-4f69-8af6-9a251e14bb50_w1024_q10_s.jpg)
5
Биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыста Қазақстан құрамасының лидері Галина Вишневская ату кезінде үш рет мүлт кетіп, 45-орын алды. Ол "Пхенчхан Олимпиадасында үздік алтылыққа енуді жоспарлайтынын" айтқан. Бірақ мақсаты орындалмады. 15 ақпан 2018 жыл.
![Галинва Вишневская жарыс біткен соң көңіл-күйі болмай, журналистерге сұхбат беруден бас тартты. 15 ақпан 2018 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5cb748fc-0751-4411-8bfa-b01bc42b9be9_w1024_q10_s.jpg)
6
Галинва Вишневская жарыс біткен соң көңіл-күйі болмай, журналистерге сұхбат беруден бас тартты. 15 ақпан 2018 жыл.
![Қазақстандық тағы бір биатлоншы Ольга Полторанина ату кезеңінде нысанаға екі рет тигізе алмады. Нәтижесінде 46-орынмен шектелді. 15 ақпан 2018 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f2238d24-9bad-4da9-9897-b70977cf5772_w1024_q10_s.jpg)
7
Қазақстандық тағы бір биатлоншы Ольга Полторанина ату кезеңінде нысанаға екі рет тигізе алмады. Нәтижесінде 46-орынмен шектелді. 15 ақпан 2018 жыл.
![Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев 39-орын алды. Ол чилилік Хенрик Вон Аппен (34) және андораллық Хуан Вердуге (37) есе жіберді. 15 ақпан 2018 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/26c7507b-1605-4ceb-b4c4-f4e6a61211e1_w1024_q10_s.jpg)
8
Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев 39-орын алды. Ол чилилік Хенрик Вон Аппен (34) және андораллық Хуан Вердуге (37) есе жіберді. 15 ақпан 2018 жыл.
![Тау шаңғысынан әйелдер арасындағы жарысқа қатысқан Мария Григорова 51-орын алды. 15 ақпан 2018 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/bd4ac26c-c901-4f9c-be50-8f531b523b74_w1024_q10_s.jpg)
9
Тау шаңғысынан әйелдер арасындағы жарысқа қатысқан Мария Григорова 51-орын алды. 15 ақпан 2018 жыл.
![Шаңғымен жүгіруде әйелдер арасында 10 шақырымға еркін әдіспен жүгіруде қазақстандық Валерия Тюленова 47-орынмен шектелді. 15 ақпан 2018 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/9f469623-2e24-4977-b4df-a8fbcccc0d7b_w1024_q10_s.jpg)
10
Шаңғымен жүгіруде әйелдер арасында 10 шақырымға еркін әдіспен жүгіруде қазақстандық Валерия Тюленова 47-орынмен шектелді. 15 ақпан 2018 жыл.
![Ал Елена Коломина мәреге 63-болып келді. 15 ақпан 2018 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2c3122aa-856e-48c8-83b2-3f23755b48ca_w1024_q10_s.jpg)
11
Ал Елена Коломина мәреге 63-болып келді. 15 ақпан 2018 жыл.