Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қырғызстанмен шекаралас аймақта Сортөбе ауылы бар. Бұл жерде дүнгендер тұрады. Олар Сортөбеге 19 ғасырдың соңында қоныс тепкен. Бұл ауылдағы үйлену той дүнген дәстүріне сай өтеді. Тойдың шығыны - он мың доллар шамасында. Бірақ дүнгендер үйлену тойына асаба мен мейрамхана жалдамайды. Той қалыңдықтың және күйеу жігіттің үйінде өтеді.
Қазақстандағы дүнгендердің үйлену тойы
![Дүнгендер 18-20 жаста үйленеді. Сортөбеліктердің айтуынша, 24 жастан асқан қыздарға тұрмысқа шығу қиын. Мына суреттегі тұрмысқа шығып жатқан қалыңдық Роза - 18 жаста, ал күйеу жігіт Шафур - 24 жаста. Шафур Қытайда білім алған, қазір мұнай компаниясында аудармашы болып жұмыс істейді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fedbab4e-088d-4b30-8704-8fbe6e8f0918_w1024_q10_s.jpg)
1
Дүнгендер 18-20 жаста үйленеді. Сортөбеліктердің айтуынша, 24 жастан асқан қыздарға тұрмысқа шығу қиын. Мына суреттегі тұрмысқа шығып жатқан қалыңдық Роза - 18 жаста, ал күйеу жігіт Шафур - 24 жаста. Шафур Қытайда білім алған, қазір мұнай компаниясында аудармашы болып жұмыс істейді.
![Үйлену тойы екі аптаға созылады. Бұл уақыт ішінде жігіт пен қыздың туысқандары бір-біріне қонаққа барып, танысады. Дүнгендер бұл екі тараптың арасын жақындатады деп санайды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b4723d4a-9c2a-41df-919e-882c7b744bc8_w1024_q10_s.jpg)
2
Үйлену тойы екі аптаға созылады. Бұл уақыт ішінде жігіт пен қыздың туысқандары бір-біріне қонаққа барып, танысады. Дүнгендер бұл екі тараптың арасын жақындатады деп санайды.
![Той таңғы сегізде басталып, түскі екіде аяқталады. Тойда қонақтарға ет, сәбіз, ішек-қарын қосылған дүнгендердің ұлттық тағамы - орце беріледі. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/83203a30-d949-43db-93aa-e8398b09d3e8_w1024_q10_s.jpg)
3
Той таңғы сегізде басталып, түскі екіде аяқталады. Тойда қонақтарға ет, сәбіз, ішек-қарын қосылған дүнгендердің ұлттық тағамы - орце беріледі.
![Қалыңдықты тойға дайындау сәті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e412bcfa-8e0e-4df6-b3ce-319d09f90fe3_w1024_q10_s.jpg)
4
Қалыңдықты тойға дайындау сәті.
![Қалыңдықтың шашын өру дәстүрі дүнгендерде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Шаш сәндеу бір сағаттай уақыт алады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/dfbc4ff1-1285-4479-ac99-1d41bba1c4e0_w1024_q10_s.jpg)
5
Қалыңдықтың шашын өру дәстүрі дүнгендерде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Шаш сәндеу бір сағаттай уақыт алады.
![Қалыңдықтың сәнделген шашына гүл және әшекей тағады. Бұрынғы заманда жағдайы жақсы отбасылардың қызы басына күмістен жасалған әшекей тағатын. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7f40ea62-7ef3-47bd-a0da-886204a1a832_w1024_q10_s.jpg)
6
Қалыңдықтың сәнделген шашына гүл және әшекей тағады. Бұрынғы заманда жағдайы жақсы отбасылардың қызы басына күмістен жасалған әшекей тағатын.
![Қалыңдықтың көйлегі. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c95bc6e4-07cc-414c-9be1-19b2fafa6627_w1024_q10_s.jpg)
7
Қалыңдықтың көйлегі.
![Дүнген дәстүріне сай, қалыңдықтың жасауы аулаға қойылады. Әр зат гүлмен және қызыл таспамен безендіріледі. Жасау ішінде ас үй жабдықтары, көрпе-жастық, тоңазытқыш, кір жуатын машина, газ плитка бар. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6ea90890-9151-4e16-b525-84216445d754_w1024_q10_s.jpg)
8
Дүнген дәстүріне сай, қалыңдықтың жасауы аулаға қойылады. Әр зат гүлмен және қызыл таспамен безендіріледі. Жасау ішінде ас үй жабдықтары, көрпе-жастық, тоңазытқыш, кір жуатын машина, газ плитка бар.
![Қыз жақ жасауды күйеу жігіттің шаңырағына той өтетін күннен бір күн бұрын әкеледі. Шафурдың әкесі Гащим Джинлир келініне беретін алтын әшекейді ұстап тұр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ce4f90b1-0f95-42da-bd06-46fd6772fa00_w1024_q10_s.jpg)
9
Қыз жақ жасауды күйеу жігіттің шаңырағына той өтетін күннен бір күн бұрын әкеледі. Шафурдың әкесі Гащим Джинлир келініне беретін алтын әшекейді ұстап тұр.
![Дүнген ұлттық киімін киген әйел. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/58e1ed89-a5e3-480f-aa44-7999e2fc6195_w1024_q10_s.jpg)
10
Дүнген ұлттық киімін киген әйел.
![Бүкіл той әр үйдің ауласында өтеді. Той жасаушы жақтың туысқандары мен көршілері қызмет көрсетеді. Тойда ерлер мен әйелдер бөлек отырады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3ad582b1-b818-4b8c-9c9f-89e0f8496731_w1024_q10_s.jpg)
11
Бүкіл той әр үйдің ауласында өтеді. Той жасаушы жақтың туысқандары мен көршілері қызмет көрсетеді. Тойда ерлер мен әйелдер бөлек отырады.
![Қонақтарға арналған палау көшеде үлкен қазанда дайындалады. Палауды әдетте, ер адамдар басады. Өзбек палауынан ерекшелігі - дүнген палауына ет көп қосылады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2921efd4-01c4-460c-9c1e-e5ca95783767_w1024_q10_s.jpg)
12
Қонақтарға арналған палау көшеде үлкен қазанда дайындалады. Палауды әдетте, ер адамдар басады. Өзбек палауынан ерекшелігі - дүнген палауына ет көп қосылады.
![Палауды үстелге қояр алдында үстіне ірі кесек ет салынады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/842e65b0-1ea1-4805-b1a6-beb3256bdaa1_w1024_q10_s.jpg)
13
Палауды үстелге қояр алдында үстіне ірі кесек ет салынады.
![Дүнген халқының шашуларында теңге емес, Қырғызстанның ақшасы - сом қойылады, себебі Қырғызстан бұл елді мекенге өте жақын орналасқан. Мұндай шашу әдетте, қалыңдықтың үйінде тойға бір күн қалғанда жасалады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7b9e6e37-9759-4c17-b0a0-ca1e42c026e6_w1024_q10_s.jpg)
14
Дүнген халқының шашуларында теңге емес, Қырғызстанның ақшасы - сом қойылады, себебі Қырғызстан бұл елді мекенге өте жақын орналасқан. Мұндай шашу әдетте, қалыңдықтың үйінде тойға бір күн қалғанда жасалады.
![Тойға бір күн қалғанда күйеу жігіттің үйінде кішкентай Мұхаммедтің сүндет тойы аталып өтті. Мұхаммед - Шафурдың туған жиені. Бұл оқиғаның құрметіне түрлі тағамдардан құралған дәмді щи әзірленді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4cceefca-ba8f-4299-8b2f-cfb4d93d1593_w1024_q10_s.jpg)
15
Тойға бір күн қалғанда күйеу жігіттің үйінде кішкентай Мұхаммедтің сүндет тойы аталып өтті. Мұхаммед - Шафурдың туған жиені. Бұл оқиғаның құрметіне түрлі тағамдардан құралған дәмді щи әзірленді.
![Дүнген щиі тек қадірлі адамдарға ғана беріледі: әуелі баланың шешесі жағынан келген қонақтарды сыйлайды. Олардан кейін үстелге баланың әкесі жағынан келген қонақтар шақырылады. - Мұндай щи тек бізде ғана - Қордай ауданында ғана дайындалады. Дүнген щиі ыстық, ащы, тәтті тағамдардан құралады. Тағамдар комплектациясы 13-тен басталып, 18, 24, 28 дейін созыла береді. Бәрі қонақтар саны мен үй иесіні жағдайына байланысты, - дейді қонақтардың бірі Роза Буларова.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/82223935-7833-4495-a653-e3c40642a5bf_w1024_q10_s.jpg)
16
Дүнген щиі тек қадірлі адамдарға ғана беріледі: әуелі баланың шешесі жағынан келген қонақтарды сыйлайды. Олардан кейін үстелге баланың әкесі жағынан келген қонақтар шақырылады.
- Мұндай щи тек бізде ғана - Қордай ауданында ғана дайындалады. Дүнген щиі ыстық, ащы, тәтті тағамдардан құралады. Тағамдар комплектациясы 13-тен басталып, 18, 24, 28 дейін созыла береді. Бәрі қонақтар саны мен үй иесіні жағдайына байланысты, - дейді қонақтардың бірі Роза Буларова.
- Мұндай щи тек бізде ғана - Қордай ауданында ғана дайындалады. Дүнген щиі ыстық, ащы, тәтті тағамдардан құралады. Тағамдар комплектациясы 13-тен басталып, 18, 24, 28 дейін созыла береді. Бәрі қонақтар саны мен үй иесіні жағдайына байланысты, - дейді қонақтардың бірі Роза Буларова.
![Ал бұл кезде Шафур қалыңдыққа баруға жинала бастады. Оның достары костюміне күйеу жігіттің арнайы белгісі саналатын қызыл және жасыл ленталарын тағуға көмектесті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/feb5e474-b80a-4e3f-ad18-92a3d51fea99_w1024_q10_s.jpg)
17
Ал бұл кезде Шафур қалыңдыққа баруға жинала бастады. Оның достары костюміне күйеу жігіттің арнайы белгісі саналатын қызыл және жасыл ленталарын тағуға көмектесті.
![Күйеу жігіттің ең жақын достарының ерекше міндеттері бар: олар мереке-думанның мүмкіндігінше көңілді өтуіне күш салуы керек. Тойда ән мен биден бөлек, жастар жағы бір-бірінің бетіне күйе жағып, жаңадан кесілген шыбықтармен бір-бірін сабап ойнайды. Тойдан кейін күйеу жігіт міндетті түрде дастархан жайып, тойға көмектескені үшін достарына алғыс айтуы керек.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/75cd2a19-7e06-4500-8fb0-d48cb1bfc758_w1024_q10_s.jpg)
18
Күйеу жігіттің ең жақын достарының ерекше міндеттері бар: олар мереке-думанның мүмкіндігінше көңілді өтуіне күш салуы керек. Тойда ән мен биден бөлек, жастар жағы бір-бірінің бетіне күйе жағып, жаңадан кесілген шыбықтармен бір-бірін сабап ойнайды. Тойдан кейін күйеу жігіт міндетті түрде дастархан жайып, тойға көмектескені үшін достарына алғыс айтуы керек.
![Қонақтар тойға сыйлықты ақшалай алып келеді. Сыйлық көлемі - екі мыңнан бес мың теңгеге дейін. Сыйлық көлемі және сыйлық берушінің есімі қағазға жазылады. Егер алдағы уақытта сыйлық беруші той жасай қалса, оларға да осынша көлемде ақша апарады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/03ccf29d-c397-4a10-be02-384bcde9f294_w1024_q10_s.jpg)
19
Қонақтар тойға сыйлықты ақшалай алып келеді. Сыйлық көлемі - екі мыңнан бес мың теңгеге дейін. Сыйлық көлемі және сыйлық берушінің есімі қағазға жазылады. Егер алдағы уақытта сыйлық беруші той жасай қалса, оларға да осынша көлемде ақша апарады.
![Жігіт жақтың жақындары келінді үйге әкелетін көлікті безендіріп жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/211b789b-33e9-48c2-b331-25a74712f6a2_w1024_q10_s.jpg)
20
Жігіт жақтың жақындары келінді үйге әкелетін көлікті безендіріп жатыр.
![Шафур достарымен Розаның үйіне келе жатыр. Дүнген дәстүрі бойынша, қалыңдықтың туысқандары қызыл орамалды бұлғағанда ғана жігіт болашақ жарының үйіне кіреді. Қалыңдықтың туысқандары күйеу жігітті сәлем салып қарсы алады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6689f638-95db-401b-b692-ba4f0c225989_w1024_q10_s.jpg)
21
Шафур достарымен Розаның үйіне келе жатыр. Дүнген дәстүрі бойынша, қалыңдықтың туысқандары қызыл орамалды бұлғағанда ғана жігіт болашақ жарының үйіне кіреді. Қалыңдықтың туысқандары күйеу жігітті сәлем салып қарсы алады.
![Қалыңдықтың үйінде молда неке қию рәсімін өткізеді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e870cf92-efc1-47c7-bc0c-a95e8ec48648_w1024_q10_s.jpg)
22
Қалыңдықтың үйінде молда неке қию рәсімін өткізеді.
![Қалыңдық үйінен шығарда бетін орамалмен жабады. Бір орамалды күйеу жігіт алып келеді, екінші орамалды қалыңдықтың анасы береді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e2ce782d-5065-448c-bb51-6acd87a381b7_w1024_q10_s.jpg)
23
Қалыңдық үйінен шығарда бетін орамалмен жабады. Бір орамалды күйеу жігіт алып келеді, екінші орамалды қалыңдықтың анасы береді.
![Дүнген дәстүрі бойынша қызды үйінен ағасы шығарып салады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6f761d4b-6632-45df-8bff-e1d754ee719d_w1024_q10_s.jpg)
24
Дүнген дәстүрі бойынша қызды үйінен ағасы шығарып салады.
![Қалыңдық жігіттің үйіне кіріп келе жатқан сәт. Оны шашумен (тәттілер, өрік, жаңғақ т.б) қарсы алады. Егер қалыңдық болашақта ұлды болам десе жаңғақ, қыз бала қаласа өрік жейді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d53a3b34-65ab-46d8-9b03-d0f3823079a0_w1024_q10_s.jpg)
25
Қалыңдық жігіттің үйіне кіріп келе жатқан сәт. Оны шашумен (тәттілер, өрік, жаңғақ т.б) қарсы алады. Егер қалыңдық болашақта ұлды болам десе жаңғақ, қыз бала қаласа өрік жейді.
ПІКІРЛЕР