Апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб бейсенбіде екі мектеп, балабақша мен балалар үйін қосқанда оннан астам нысанға құбырларды қайта жалғау үшін жылу беру уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Жергілікті белсенділер Екібастұз жылу жүйесіндегі апат қаланың инфрақұрылымы қараусыз қалғанын көрсетті деп санайды. Осы аптаның ортасында Екібастұзға барған Азаттық тілшісі түсірген суреттерді ұсынамыз.
Екібастұз: төтенше режим аяқталғанмен жағдай жақсарып кеткен жоқ
![Екібастұздағы ЖЭО-ның бұрынғы инженері Сергей Соколов: "Гидравлика мен жылу режимі егіз тәрізді қатар сақталуы тиіс. Бірақ бұл жүйе бізде мүлде бұзылған. Қалада жылу жүйесіне әртүрлі қосымша тұтыну көздері жоспарсыз, қалай болса солай қосылады. Оның бәрін ретке келтіру үшін бұл мәселеге үкімет араласуы керек" дейді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/034d0000-0aff-0242-19bd-08dad9709109_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
26
Екібастұздағы ЖЭО-ның бұрынғы инженері Сергей Соколов: "Гидравлика мен жылу режимі егіз тәрізді қатар сақталуы тиіс. Бірақ бұл жүйе бізде мүлде бұзылған. Қалада жылу жүйесіне әртүрлі қосымша тұтыну көздері жоспарсыз, қалай болса солай қосылады. Оның бәрін ретке келтіру үшін бұл мәселеге үкімет араласуы керек" дейді.
ПІКІРЛЕР