Сенбі, 12 наурыз күні Нұр-Сұлтанда әйелдер құқығын қорғауға шақыратын митинг өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – ел астанасында биліктің мақұлдауымен өткен алғашқы феминистік жиын. Оған жүздеген адам қатысты.
"Мықты еркек теңдіктен қорықпайды". Астанада феминистер митингі өтті
![Митинг Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы саябақта өтті. Ортаға арнайы конструкция қойылмағандықтан, қатысушылар осылай топтасуға мәжбүр болды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-574f-08da041c1ddf_w1024_q10_s.jpg)
1
Митинг Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы саябақта өтті. Ортаға арнайы конструкция қойылмағандықтан, қатысушылар осылай топтасуға мәжбүр болды.
![Феминистер қазақтың кей сөзі әйелді қорлайды деп санайды. "Менструацияның" қазақ тіліне "етеккір" деп аударылуы қате дейді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/08700000-0a00-0242-1963-08da041c6e38_w1024_q10_s.jpg)
2
Феминистер қазақтың кей сөзі әйелді қорлайды деп санайды. "Менструацияның" қазақ тіліне "етеккір" деп аударылуы қате дейді.
![Феминистік жиындарды жиі айтылатын талап - әйелге саясатқа араласуға мүмкіндік беру.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02330000-0aff-0242-594a-08da041c7e1d_w1024_q10_s.jpg)
3
Феминистік жиындарды жиі айтылатын талап - әйелге саясатқа араласуға мүмкіндік беру.
![Мына азамат Қазақстанда 9,8 миллион әйел бола тұра, министр не облыс әкімі қызметінде тек бір ғана әйел отырғанын, мәжілістегі 107 депутаттың тек 28-і ғана әйел екенін айтады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02330000-0aff-0242-5d28-08da041c7aef_w1024_q10_s.jpg)
4
Мына азамат Қазақстанда 9,8 миллион әйел бола тұра, министр не облыс әкімі қызметінде тек бір ғана әйел отырғанын, мәжілістегі 107 депутаттың тек 28-і ғана әйел екенін айтады.
!["Әйел шешім қабылданатын жердің бәрінде болуы керек" дейді мына қыз. Суреттегі адам америкалық судья Рут Бейдер Гинзбургке ұқсайды. Гинзбург – АҚШ Жоғарғы сотының судьясы атанған екінші әйел. Ерлер қауымынан тұратын заң саласында үлкен белестерді бағындырған Гинзбург әйел құқығы үшін күрестің символына айналған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-3027-08da041c64cf_w1024_q10_s.jpg)
5
"Әйел шешім қабылданатын жердің бәрінде болуы керек" дейді мына қыз. Суреттегі адам америкалық судья Рут Бейдер Гинзбургке ұқсайды. Гинзбург – АҚШ Жоғарғы сотының судьясы атанған екінші әйел. Ерлер қауымынан тұратын заң саласында үлкен белестерді бағындырған Гинзбург әйел құқығы үшін күрестің символына айналған.
![Митинг қатысушыларының көбі айтар сөзі плакатқа жазып әкелсе, мына қыз ұранын смартфонындағы суфлер-қосымшамен көрсетті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-c6fd-08da041c289e_w1024_q10_s.jpg)
6
Митинг қатысушыларының көбі айтар сөзі плакатқа жазып әкелсе, мына қыз ұранын смартфонындағы суфлер-қосымшамен көрсетті.
!["Сүйікті әйел ұя салып қана қоймай, ұшуды да үйренгісі келеді" дейді митингінің мына бір қатысушысы. Төрт жыл бұрын, 16 жасында қатерлік ісік ауруына шалдығып, жеңіп шыққанын айтты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-4829-08da041c2e61_w1024_q10_s.jpg)
7
"Сүйікті әйел ұя салып қана қоймай, ұшуды да үйренгісі келеді" дейді митингінің мына бір қатысушысы. Төрт жыл бұрын, 16 жасында қатерлік ісік ауруына шалдығып, жеңіп шыққанын айтты.
!["Әйел азаматтың бәріне қауіпсіздік" дейді мына әйел.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-8b37-08da041c5a38_w1024_q10_s.jpg)
8
"Әйел азаматтың бәріне қауіпсіздік" дейді мына әйел.
!["Менің денем – менің таңдауым". Бұл сөз – феминизм қозғалысының танымал ұранына айналған. Батыс елдерінде аборт жасауды қолдайтын жиындарда жиі айтылады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/08700000-0a00-0242-a4f7-08da041c11b1_w1024_q10_s.jpg)
9
"Менің денем – менің таңдауым". Бұл сөз – феминизм қозғалысының танымал ұранына айналған. Батыс елдерінде аборт жасауды қолдайтын жиындарда жиі айтылады.
![Митингіге жүздеген адам келді. Көбі – жас қыз. Күн ашық болды, бірақ аяз қысып тұрды. Ауа температурасы -10 градус шамасында.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-9b30-08da041c66cf_w1024_q10_s.jpg)
10
Митингіге жүздеген адам келді. Көбі – жас қыз. Күн ашық болды, бірақ аяз қысып тұрды. Ауа температурасы -10 градус шамасында.
!["Әйел жезөкше секілді киінбейді, еркектің өзінің ойында зорлау пиғылы бар" деген мына митингші қоғамда зорлық-зомбылық көрсетуші еркекті ақтап алуға деген талпынысты айыптайды. Қыз зорланса, кінәні сол қыздың өзіне жабу – әсіре патриархал қоғамдар үшін қалыпты нәрсе. "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген мақалды да осы мақсатта пайдаланып жатады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-e58c-08da041c7861_w1024_q10_s.jpg)
11
"Әйел жезөкше секілді киінбейді, еркектің өзінің ойында зорлау пиғылы бар" деген мына митингші қоғамда зорлық-зомбылық көрсетуші еркекті ақтап алуға деген талпынысты айыптайды. Қыз зорланса, кінәні сол қыздың өзіне жабу – әсіре патриархал қоғамдар үшін қалыпты нәрсе. "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген мақалды да осы мақсатта пайдаланып жатады.
!["Мықты еркек теңдіктен қорықпайды" дейді мына бір жігіт.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/08700000-0a00-0242-0ad4-08da041c609a_w1024_q10_s.jpg)
12
"Мықты еркек теңдіктен қорықпайды" дейді мына бір жігіт.
![Феминистер жиынына ер азаматтар да келді. Олар да әйел құқығын қорғауға шақыратын плакаттар ұстап жүрді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/08700000-0a00-0242-0980-08da041c34a4_w1024_q10_s.jpg)
13
Феминистер жиынына ер азаматтар да келді. Олар да әйел құқығын қорғауға шақыратын плакаттар ұстап жүрді.
![Өзің оңтүстік өңірдің тумасы ретінде таныстырған мына жігіт "оңтүстіктің жігіті де теңдікті қолдайды" дейді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/08700000-0a00-0242-b953-08da041c2e73_w1024_q10_s.jpg)
14
Өзің оңтүстік өңірдің тумасы ретінде таныстырған мына жігіт "оңтүстіктің жігіті де теңдікті қолдайды" дейді.
![Митингіде Ресей басқыншылығына тап болған Украинаны қолдаушылар да кездесті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-bd5e-08da041c426a_w1024_q10_s.jpg)
15
Митингіде Ресей басқыншылығына тап болған Украинаны қолдаушылар да кездесті.
!["Билікке әйелдер келсе, Украина аман болар ма еді?" дейді митингшілердің бірі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-0027-08da041c441a_w1024_q10_s.jpg)
16
"Билікке әйелдер келсе, Украина аман болар ма еді?" дейді митингшілердің бірі.
![Бейбіт жиынға бүлдіршін қызды да алып келіпті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-7d56-08da041c4c95_w1024_q10_s.jpg)
17
Бейбіт жиынға бүлдіршін қызды да алып келіпті.
![Қоғамда феминистерді қазақ дәстүріне қайшы құндылықтарды насихаттайды деп айыптайтындар да бар. Бірақ әйел құқығын қорғаушылар, дәстүрдің қайбір тұсы адам құқығын таптар болса, ол дәстүрді өзгерту керек деп санайды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02220000-0aff-0242-47e7-08da041c1dd5_w1024_q10_s.jpg)
18
Қоғамда феминистерді қазақ дәстүріне қайшы құндылықтарды насихаттайды деп айыптайтындар да бар. Бірақ әйел құқығын қорғаушылар, дәстүрдің қайбір тұсы адам құқығын таптар болса, ол дәстүрді өзгерту керек деп санайды.
ПІКІРЛЕР