2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтті. Облыста шұғыл штаб құрылып, Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аудандағы бірнеше ауылды су алған. Жергілікті билік бірнеше елді мекеннен 5 мыңнан астам адамды эвакуациялағанын хабарлады. Төтенше жағдай жарияланбай тұрып, кейбір тұрғындар ауылдардан өздері кеткен.
Мақтарал ауданындағы елді мекендерді су алды
![Тұрғындардың айтуынша, 2 мамырға қараған түнде дабыл қағылып, ауылды су басатыны туралы айтылған. Көбі тек құжаттарын алып үлгерген. Тіпті дәрі-дәрмек ала алмай қалған адамдар да болған. Дабыл қағып жүріп, су басқан елді мекендер арасында төтенше жағдай департаментінің екі маманы қалып қалған. Мына суретте сол мамандардың бірін құтқарып жатқаны көрінеді. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a643da49-6a24-4238-9e1d-6301f8a448b6_w1024_q10_s.jpg)
1
Тұрғындардың айтуынша, 2 мамырға қараған түнде дабыл қағылып, ауылды су басатыны туралы айтылған. Көбі тек құжаттарын алып үлгерген. Тіпті дәрі-дәрмек ала алмай қалған адамдар да болған. Дабыл қағып жүріп, су басқан елді мекендер арасында төтенше жағдай департаментінің екі маманы қалып қалған. Мына суретте сол мамандардың бірін құтқарып жатқаны көрінеді.
![Оқиға орнында әкімдік қызметкерлері, төтенше жағдай мамандары және әскерилер жұмыс істеп жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/522f8cf9-9dcd-47e6-90ed-a99b3c867e2c_w1024_q10_s.jpg)
2
Оқиға орнында әкімдік қызметкерлері, төтенше жағдай мамандары және әскерилер жұмыс істеп жатыр.
![Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Мақтарал ауданындағы бірнеше ауыл: Жаңа тұрмыс, Жеңіс және Нұрлы жолдан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын хабарлады. 2 мамыр 2020 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ec9084d9-9a41-444f-b87c-265dacad113c_w1024_q10_s.jpg)
3
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Мақтарал ауданындағы бірнеше ауыл: Жаңа тұрмыс, Жеңіс және Нұрлы жолдан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын хабарлады. 2 мамыр 2020 жыл.
![Су басқан аумақ. Мақтарал ауданы, 2 мамыр 2020 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/08077dec-09f3-4aa3-bd27-44ad2829fb5c_cx31_cy7_cw68_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Су басқан аумақ. Мақтарал ауданы, 2 мамыр 2020 жыл.
![Тұрғындар Өзбекстан су басуды тоқтаттық деп айтқаннан кейін төтенше жағдайға дайын болмадық дейді. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a8f3b4de-9158-4441-ad0d-b0f98c849cd4_w1024_q10_s.jpg)
5
Тұрғындар Өзбекстан су басуды тоқтаттық деп айтқаннан кейін төтенше жағдайға дайын болмадық дейді.
![Кейбір тұрғындар малдарын қорадағы малын босатып үлгергенін айтады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6a7ac502-cc74-4161-9aa5-cbfc8bcbb031_w1024_q10_s.jpg)
6
Кейбір тұрғындар малдарын қорадағы малын босатып үлгергенін айтады.
![Түндегі қарбалас. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4648e46d-03e8-44be-8e6c-058bf86f3450_w1024_q10_s.jpg)
7
Түндегі қарбалас.
![Жеңіс ауылының тұрғындары және төтенше жағдай мамандары. Тұрғындардың айтуынша, Жеңіс ауылы маңына да су келген. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/0287af83-affb-441c-8d1b-45acf7043b95_w1024_q10_s.jpg)
8
Жеңіс ауылының тұрғындары және төтенше жағдай мамандары. Тұрғындардың айтуынша, Жеңіс ауылы маңына да су келген.
![Бастапқыда эвакуацияланған тұрғындар көрші Мырзакент ауылындағы мектепке жайғастырылған. Алайда, 2 мамырда таңғы сағат бес-алты шамасында Мырзакентті де су алу қаупі төнген. Эвакуацияланған тұрғындар Атакент ауылына орналасқан. Суретте: Атакент ауылындағы мектепке орналастырылған тұрғындар. Мақтаарал ауданы, Түркістан облысы. 2 мамыр 2020 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ee0a0af4-3d9f-4950-bbf7-9f39c9fc08b2_w1024_q10_s.jpg)
9
Бастапқыда эвакуацияланған тұрғындар көрші Мырзакент ауылындағы мектепке жайғастырылған. Алайда, 2 мамырда таңғы сағат бес-алты шамасында Мырзакентті де су алу қаупі төнген. Эвакуацияланған тұрғындар Атакент ауылына орналасқан. Суретте: Атакент ауылындағы мектепке орналастырылған тұрғындар. Мақтаарал ауданы, Түркістан облысы. 2 мамыр 2020 жыл.
![2 мамырда таңертең Азаттық тілшісі су басу қаупі төнген ауылдарға барған кезде жолда әр жерде топтасып тұрған адамдарды көрді. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/14bc1ae3-c1e0-4efc-9cb9-19d4bbd37819_cx16_cy21_cw71_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
2 мамырда таңертең Азаттық тілшісі су басу қаупі төнген ауылдарға барған кезде жолда әр жерде топтасып тұрған адамдарды көрді.
![Мына отбасының жолда көлігі тоқтап қалғанға ұқсайды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/655ea5fa-ff5b-4e5b-85e1-d46e7a0945c5_cx14_cy9_cw73_w1024_q10_r1_s.jpg)
11
Мына отбасының жолда көлігі тоқтап қалғанға ұқсайды.
![Су басқан аумақ. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/128a1a10-58ab-4125-b695-b0781b925d59_w1024_q10_s.jpg)
12
Су басқан аумақ.
![Анадайда жүзіп бара жатқан жылқылар көрінеді. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c621c4fc-942f-45e1-8690-529d483e5116_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
13
Анадайда жүзіп бара жатқан жылқылар көрінеді.
![Қырда қарап тұрған тұрғындар. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1f1140ca-8db2-4e84-93a7-44ac28cc8d88_w1024_q10_s.jpg)
14
Қырда қарап тұрған тұрғындар.
![Су басу қаупі төнген ауылдардан қашып шыққан тұрғындар. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d04b9085-d97e-4f4a-9f34-3637577bfd15_w1024_q10_s.jpg)
15
Су басу қаупі төнген ауылдардан қашып шыққан тұрғындар.
![Су басқан ауылдар. 2 мамыр 2020 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/22b55d31-4fd3-4ad8-a909-e1b8f0e8d56d_w1024_q10_s.jpg)
16
Су басқан ауылдар. 2 мамыр 2020 жыл.
![Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, су алған бірнеше елді мекенде ондаған үй жарамсыз болып қалған. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6686d313-b4df-455e-8823-e1ecbab47203_w1024_q10_s.jpg)
17
Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, су алған бірнеше елді мекенде ондаған үй жарамсыз болып қалған.
![Су астында қалған жолдар. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/79d7f1e7-1e4a-4d2b-aad3-43b79bd4f62d_w1024_q10_s.jpg)
18
Су астында қалған жолдар.
![Ресми мәлімет бойынша, 3 мың гектар егістік алқабын су шайып кеткен. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f415268e-92b7-4101-b767-6dbf588d3c1f_w1024_q10_s.jpg)
19
Ресми мәлімет бойынша, 3 мың гектар егістік алқабын су шайып кеткен.
![Өліп жатқан мал. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/644ce432-c22c-49c5-9251-074813e1491a_w1024_q10_s.jpg)
20
Өліп жатқан мал.
![Тұрғындардың көбі үйлерінен тек құжаттарын алып үлгерген. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/77503700-63c7-4a3a-a94c-673d4142f40a_w1024_q10_s.jpg)
21
Тұрғындардың көбі үйлерінен тек құжаттарын алып үлгерген.
![Су басқан ауыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/83add1e5-1f8a-4f0a-a9e6-792047cfda94_w1024_q10_s.jpg)
22
Су басқан ауыл.
![Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/73b284d2-5cb4-4158-9c20-fd1b453c8fd4_w1024_q10_s.jpg)
23
Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл.
ПІКІРЛЕР