27 ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Екі күн бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсендімен қоштасуға, қатты боранға қарамастан, мыңнан астам адам келді. Бұл күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент пен Таразда марқұмды еске алуға жиналғандар белсендінің қазасына билікті айыптады.
Белсенді Дулат Ағаділмен қоштасу
![Дулат Ағаділдің жаназасы өзі тұрған Талапкер ауылындағы мешітте шығарылды. Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c79ab4e1-70f5-4f29-95d8-f552f56fa76a_w1024_q10_s.jpg)
1
Дулат Ағаділдің жаназасы өзі тұрған Талапкер ауылындағы мешітте шығарылды. Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
![43 жастағы белсенді Дулат Ағаділді 24 ақпанда кешке Ақмола облысы Талапкер ауылындағы үйінен полиция күштеп алып кеткен. Ертеңіне таңертең билік белсендінің Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болғаны туралы хабарлады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f93eebf2-5cd4-464c-8241-c362279e669a_w1024_q10_s.jpg)
2
43 жастағы белсенді Дулат Ағаділді 24 ақпанда кешке Ақмола облысы Талапкер ауылындағы үйінен полиция күштеп алып кеткен. Ертеңіне таңертең билік белсендінің Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болғаны туралы хабарлады.
![Қатты боран мен аязға қарамастан, белсендімен қоштасуға мыңнан аса адам келді. Суретте: Дулат Ағаділдің жаназасында намазға тұрған ер адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a682ce2d-07e1-4408-b944-0366db594e6d_w1024_q10_s.jpg)
3
Қатты боран мен аязға қарамастан, белсендімен қоштасуға мыңнан аса адам келді.
Суретте: Дулат Ағаділдің жаназасында намазға тұрған ер адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
Суретте: Дулат Ағаділдің жаназасында намазға тұрған ер адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
![Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында белгісіз жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің жаназасына келген адам жылап отыр. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/82b18007-61d6-4c3f-b392-a9f1cfaa6a07_w1024_q10_s.jpg)
4
Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында белгісіз жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің жаназасына келген адам жылап отыр. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
![Дулат Ағаділді өзі тұрған Талапкер ауылының шетіндегі зиратқа жерледі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cf603623-30e7-4b57-b2bd-55daa1496bed_w1024_q10_s.jpg)
5
Дулат Ағаділді өзі тұрған Талапкер ауылының шетіндегі зиратқа жерледі.
![Белсенді Дулат Ағаділдің қабірінің басында. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fef27f51-bd1a-4d15-93c5-d47e1571106d_w1024_q10_s.jpg)
6
Белсенді Дулат Ағаділдің қабірінің басында. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
![Дулат Ағаділді жер қойнауына тапсырғаннан кейін құран оқып отырған адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f9357315-9eaa-4328-ae93-7d452d2a435e_w1024_q10_s.jpg)
7
Дулат Ағаділді жер қойнауына тапсырғаннан кейін құран оқып отырған адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
![Белсенді Дулат Ағаділдің қабірінің басындағы уақытша белгі. Талапкер ауылы, Ақмола облысы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/df60cc13-2df9-4a78-ae09-a5746026c115_w1024_q10_s.jpg)
8
Белсенді Дулат Ағаділдің қабірінің басындағы уақытша белгі. Талапкер ауылы, Ақмола облысы.
![Дулат Ағаділдің туыстары марқұмның жаназа асында отыр. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b7fd452e-ffb2-466e-9e4e-be01884d619b_w1024_q10_s.jpg)
9
Дулат Ағаділдің туыстары марқұмның жаназа асында отыр. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
![Дулат Ағаділді жерлеген күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент пен Таразда марқұмды еске алуға белсенділер жиналды. Олар Дулат Ағаділдің өліміне билікті айыптады. Суретте: Тәуелсіздік ескерткіші алдына Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0cc188af-f8a6-4354-b663-05645011ae61_w1024_q10_s.jpg)
10
Дулат Ағаділді жерлеген күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент пен Таразда марқұмды еске алуға белсенділер жиналды. Олар Дулат Ағаділдің өліміне билікті айыптады.
Суретте: Тәуелсіздік ескерткіші алдына Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2020 жыл.
Суретте: Тәуелсіздік ескерткіші алдына Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2020 жыл.
![Алматыда еске алу акциясына жиналғандар Дулат Ағаділ "жүрек талмасынан қайтыс болды" деген ресми ақпаратқа күмән келтірді. Олар белсендінің өліміне қазіргі билік жауапты деп мәлімдеді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/40494ea1-bf3b-464d-be8c-4d025a32a779_w1024_q10_s.jpg)
11
Алматыда еске алу акциясына жиналғандар Дулат Ағаділ "жүрек талмасынан қайтыс болды" деген ресми ақпаратқа күмән келтірді. Олар белсендінің өліміне қазіргі билік жауапты деп мәлімдеді.
![Акцияда сөйлегендер елде отыз жылдан бері адам құқықтары таптап, азаматтардың бостандығын шектеп, халықтың байлығы мен билікті иемендіп алды деп Қазақстанның бұрынғы президенті, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрcұлтан Назарбаевты сынап, оның өзі мен үлкен қызы, парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін және үкіметтің тарауын талап етті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b48f82b5-43d1-4748-8252-97b2182945ab_w1024_q10_s.jpg)
12
Акцияда сөйлегендер елде отыз жылдан бері адам құқықтары таптап, азаматтардың бостандығын шектеп, халықтың байлығы мен билікті иемендіп алды деп Қазақстанның бұрынғы президенті, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрcұлтан Назарбаевты сынап, оның өзі мен үлкен қызы, парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін және үкіметтің тарауын талап етті.
![Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналған адамдар марқұм Дулат Ағаділге бағыштап құран оқыды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6dc5181a-904e-4088-b59f-821be254cc9d_w1024_q10_s.jpg)
13
Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналған адамдар марқұм Дулат Ағаділге бағыштап құран оқыды.
![Тәуелсіздік ескерткіші алдында марқұм Дулат Ағаділге құран бағыштап отырған адамдар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/78d56641-41fb-404f-818d-53a320faad44_w1024_q10_s.jpg)
14
Тәуелсіздік ескерткіші алдында марқұм Дулат Ағаділге құран бағыштап отырған адамдар.
![Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткіші алдында белсенді Дулат Ағаділдің суреттерін ұстап тұрған азаматтар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e8883d6d-bc3b-48d0-84e6-f2c05c90b706_w1024_q10_s.jpg)
15
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткіші алдында белсенді Дулат Ағаділдің суреттерін ұстап тұрған азаматтар.
![Тәуелсіздік ескерткіші алдында өтіп жатқан акцияны полиция сыртай бақылап тұрды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5dd51704-c863-49c0-b55f-c85eaa3d3f99_w1024_q10_s.jpg)
16
Тәуелсіздік ескерткіші алдында өтіп жатқан акцияны полиция сыртай бақылап тұрды.
![Тәуелсіздік ескерткіші алдындағы акциядан кейін жиналғандардың бір бөлігі Алматы қалалық прокуратурасына барып, өткен аптада билік әкімшілік қамауға алған белсенділерді босатуды талап етуді ұйғарды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/473dd153-c85a-495e-b709-fe336ebee783_w1024_q10_s.jpg)
17
Тәуелсіздік ескерткіші алдындағы акциядан кейін жиналғандардың бір бөлігі Алматы қалалық прокуратурасына барып, өткен аптада билік әкімшілік қамауға алған белсенділерді босатуды талап етуді ұйғарды.
![Шымкентте марқұм белсендіні еске алуға жиналғандар "Дулат Ағаділ қош бол!", "Біз Қазақ елі сені ұмытпаймыз" деген жазуы бар плакаттар, Ағаділдің суреттер ұстап тұрды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5351eea8-20df-4c97-9c74-25177644f541_w1024_q10_s.jpg)
18
Шымкентте марқұм белсендіні еске алуға жиналғандар "Дулат Ағаділ қош бол!", "Біз Қазақ елі сені ұмытпаймыз" деген жазуы бар плакаттар, Ағаділдің суреттер ұстап тұрды.
![- Дулат Ағаділдің қазасы бізге өте ауыр тиді. Бұл Тоқаев президент болғалы бері демократия үшін, әділдік үшін, шындық үшін күресіп, қаза болған бірінші азамат. Мұны біз ешуақытта ұмыта алмаймыз. Ел мүддесі үшін азаматтарды қудалауды доғарыңдар! - деді сөзін билікке үндеу жасап аяқтаған белсенді Жарқынбек Сейтінбек. Шымкент, 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f7f75bf2-2269-4df9-ba42-6fa7ddc48bca_w1024_q10_s.jpg)
19
- Дулат Ағаділдің қазасы бізге өте ауыр тиді. Бұл Тоқаев президент болғалы бері демократия үшін, әділдік үшін, шындық үшін күресіп, қаза болған бірінші азамат. Мұны біз ешуақытта ұмыта алмаймыз. Ел мүддесі үшін азаматтарды қудалауды доғарыңдар! - деді сөзін билікке үндеу жасап аяқтаған белсенді Жарқынбек Сейтінбек. Шымкент, 27 ақпан 2020 жыл.
![Еске алу акциясын қарапайым киім киген он шақты полиция қызметкері сырттай бақылап жүрді. Құран оқып жатқан кезде бір полицей суретке түсіре бастап еді, белсенділер оны қуып жіберді. Шымкент, 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5e16b7cd-9701-4f3b-8b37-38b32bb40eb2_w1024_q10_s.jpg)
20
Еске алу акциясын қарапайым киім киген он шақты полиция қызметкері сырттай бақылап жүрді. Құран оқып жатқан кезде бір полицей суретке түсіре бастап еді, белсенділер оны қуып жіберді. Шымкент, 27 ақпан 2020 жыл.
![Ақтөбеде белсенділер "Нұрдәулет" мешітіне жиналып, Дулат Ағаділге құран бағыштады. Олар белсендінің мезгілсіз қазасына билікті кінәлап, белсенділерді қуғындауды тоқтатуды талап етті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0ade00da-56f3-46ee-a117-8db057de796e_w1024_q10_s.jpg)
21
Ақтөбеде белсенділер "Нұрдәулет" мешітіне жиналып, Дулат Ағаділге құран бағыштады. Олар белсендінің мезгілсіз қазасына билікті кінәлап, белсенділерді қуғындауды тоқтатуды талап етті.
![Жиналғандар Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті айыптады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6ac25cca-bdd8-4f69-b52e-737801e93f4c_w1024_q10_s.jpg)
22
Жиналғандар Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті айыптады.
![Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдарды видеоға түсіріп тұрған полиция қызметкері. Ақтөбе, 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/838a0e5d-81cd-4955-af8e-64c7521cd576_w1024_q10_s.jpg)
23
Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдарды видеоға түсіріп тұрған полиция қызметкері. Ақтөбе, 27 ақпан 2020 жыл.
![Таразда бір топ белсенді жергілікті Һибатулла Тарази мешітінде марқұм Дулат Ағаділге құран бағыштады. 27 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0d01181c-6ddd-4e4c-ac71-b811636d2e4e_w1024_q10_s.jpg)
24
Таразда бір топ белсенді жергілікті Һибатулла Тарази мешітінде марқұм Дулат Ағаділге құран бағыштады. 27 ақпан 2020 жыл.
ПІКІРЛЕР