21 маусымға қараған түні Грузия астанасы Тбилисидегі парламент ғимараты алдында он мыңға жуық адам қатысқан наразылық шарасы өтті. Ресейлік депутат Сергей Гавриловтың Тбилисиде өткен парламентаралық православ ассамблеясының сессиясында парламент спикерінің орындығына отырып алуы наразылықтың туындауына себеп болды. Грузияға ресми сапармен келген Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Ресей коммунистік партиясының мүшесі Сергей Гаврилов әлемнің бірқатар елінің өкілдерін біріктіретін парламентаралық православ ассамблеясының жиынына төрағалық еткен еді. Оның парламент спикері орнына отырып алуы әуелі отырысқа қатысқан депутаттардың наразылығын туғызды. Гавриловты Ресей президенті Владимир Путиннің серігі деп санайтын грузиялық азаматтар ол Грузияның сепаратистік аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау білдірген Мәскеудің іс-әрекетін құптайды деп есептейді. Парламент отырысында басталған наразылық кейін көшеге ауысты. Наразы азаматтар парламент төрағасы мен ішкі істер министрінің отставкасын талап етті. 21 маусымда парламент спикері Ираклий Кобахидзенің отставкаға кететіні белгілі болды. Полиция наразыларға көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ қолданды. "Настоящее время" арнасының сурет топтамасы.
Грузиядағы наразылық
![Беларусьте жүрген Грузия президенті Саломе Зурабишвили акцияда күш қолдануды айыптады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/237aa79b-04e4-4c92-a3a9-61e671f9aaf1_w1024_q10_s.jpg)
1
Беларусьте жүрген Грузия президенті Саломе Зурабишвили акцияда күш қолдануды айыптады.
![Полиция наразыларды бір жаққа тықсыруға тырысты. Олардың кейбірінің қорғандары қарапайым азаматтардың қолына тиді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/99af0be2-d08a-49e5-8a4d-53152279ec70_w1024_q10_s.jpg)
2
Полиция наразыларды бір жаққа тықсыруға тырысты. Олардың кейбірінің қорғандары қарапайым азаматтардың қолына тиді.
![Украинада жүрген саясаткер Михаил Саакашвили наразыларды қолдап, полицияны халық жағына шығуға шақырды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/efadb206-92e4-46ff-92a5-52922e833b9b_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Украинада жүрген саясаткер Михаил Саакашвили наразыларды қолдап, полицияны халық жағына шығуға шақырды.
![Полиция көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ қолданды, наразыларға су шашты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9ae9d0a8-d580-4704-b43f-f53e597cc552_w1024_q10_s.jpg)
4
Полиция көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ қолданды, наразыларға су шашты.
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d5a88f8a-a091-4dff-9576-9c24fe3a7e4a_w1024_q10_s.jpg)
5
![Кейбір наразылар полицейлерден қорғанын тартып алды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8ade4897-17a1-4769-b1f9-3f23019f3152_w1024_q10_s.jpg)
6
Кейбір наразылар полицейлерден қорғанын тартып алды.
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8fdb212b-acc7-41bd-a784-b101801628d2_w1024_q10_s.jpg)
7
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9c4313ef-ff24-4a00-aef7-c5bb6aeeaa2d_w1024_q10_s.jpg)
8
!["Рустави 2" телеарнасының хабарлауынша, полиция наразыларға резеңке оқ атқан. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b253df9a-1f10-4549-8d1c-ff41c75f7c42_w1024_q10_s.jpg)
9
"Рустави 2" телеарнасының хабарлауынша, полиция наразыларға резеңке оқ атқан.
![Ондаған адам жараланды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/73258b39-e9c1-4e55-8eb3-f553a84026a5_w1024_q10_s.jpg)
10
Ондаған адам жараланды.
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/20b30c71-fa47-4c01-8a00-c03f332ca97a_w1024_q10_s.jpg)
11
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bfcf44af-0007-4aae-b89f-9e0ad0a9b374_w1024_q10_s.jpg)
12
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/db89afa2-386e-4496-b63d-30922aa3a958_w1024_q10_s.jpg)
13
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0906c7bd-85fc-4367-a6ef-18869a23ed20_w1024_q10_s.jpg)
14
![Елдің денсаулық сақтау министрлігі 21 маусымда наразылықтан 240 адам зардап шеккенін хабарлады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/954e93ba-0d11-4742-80b6-c88aa6c2f47f_w1024_q10_s.jpg)
15
Елдің денсаулық сақтау министрлігі 21 маусымда наразылықтан 240 адам зардап шеккенін хабарлады.