Соңғы жарты ғасырдан астам ұдайы құрғап келген Арал теңізінің солтүстік бөлігі біртіндеп қалпына келе бастады. Арал қаласынан 70 километрдей қашықтап кеткен теңіз қазір қалаға 20 километрге жуық жақындаған. Солтүстік жағасы - Қазақстанмен, оңтүстігі Өзбекстанмен шектесетін Арал теңізі өткен ғасырда өзінің бастапқы көлемінен төрте есеге дерлік тартылды. Бұдан 75 жыл бұрын Арал әлемдегі төртінші ірі тұзды көл болатын. Қазір Арал тартылып, судың 10 пайыздайы ғана қалған. Сарқылудың бір себебі – Арал теңізіне құятын өзен суының шектен тыс пайдаланылуы. Көлдің орнында сілтілі топырақ пен тұз аралас бетпақ дала қалды. Теңіздің тартылғаны жайлы ақпарат совет кезеңінің соңғы жылдары ғана пайда болды. 1990 жылдардан бастап Арал өңірі «экологиялық апат аймағы» болып жарияланды. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Аралдың Қазақстан жағындағы шағын бөлігіне қайтадан су тола бастады. Бөгетте балықтардың кері қайту жолы қарастырылмағандықтан, қазір бөгетті көтеру қажеттігі туындаған. Арал теңізінің Қазақстан жақ бөлігі қазір "Кіші Арал" деп аталады. Алайда теңіздің құрғаған бөлігінен ауық-ауық тұзды дауыл көтеріліп, төңірекке тарап жатыр. Мәселен, биылғы көктемде теңіздің орнынан бораған шаң мен тұз Түркіменстанның солтүстігі мен шығысын, Өзбекстанның Бұхара, Хорезм, Науаи аймақтарын және Қарақалпақстан автономиялық республикасын басып қалды.
Теңіз жағалауындағы Орталық Азия мемлекеттері Арал теңізін құтқаруда жұмыла әрекет етеміз деп уәде берумен келеді.
Азаттық тілшісі таяуда Қызылорда облысы Арал ауданына сапарлап, Кіші Аралдағы жағдаймен танысып қайтты.
Теңіздің тамшысындай Кіші Арал
![Кіші Арал теңізі жағасындағы балықшы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ce97dcfb-7677-430a-8bbd-807fd719502e_w1024_q10_s.jpg)
1
Кіші Арал теңізі жағасындағы балықшы.
![Кіші Аралдағы Қамбаш жағажайына апаратын көлік жолдарының бірі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/021121f8-8a2d-43a2-a8f2-86157f302ddf_w1024_q10_s.jpg)
2
Кіші Аралдағы Қамбаш жағажайына апаратын көлік жолдарының бірі.
![Кіші Арал жағасы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1c43a0df-c636-40f2-9772-287bc23c5fd8_w1024_q10_s.jpg)
3
Кіші Арал жағасы.
![Жайынға арналған жұтпа-қармақ ұстаған Кіші Арал жағасындағы Бөген ауылының балықшысы. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9ee07ac7-b173-4304-8b0f-40dda4c105bc_w1024_q10_s.jpg)
4
Жайынға арналған жұтпа-қармақ ұстаған Кіші Арал жағасындағы Бөген ауылының балықшысы.
![Кіші Арал жағасындағы қайық.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a46d0ea5-3bd7-465a-a4f8-8166b26dc50c_w1024_q10_s.jpg)
5
Кіші Арал жағасындағы қайық.
![Кіші Арал қайырындағы қайықтар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/337d0b54-ca0b-46b5-bac5-66852f69123c_w1024_q10_s.jpg)
6
Кіші Арал қайырындағы қайықтар.
![Қосжар ауылындағы балық өсіруге арналған тоғандар.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9eccd67f-9d9f-47cb-a932-03baec65e6ed_w1024_q10_s.jpg)
7
Қосжар ауылындағы балық өсіруге арналған тоғандар.
![Кіші Арал теңізіндегі Көкарал бөгеті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/eb151e5e-f37e-4b43-8797-a48bace72c79_w1024_q10_s.jpg)
8
Кіші Арал теңізіндегі Көкарал бөгеті.
![Бөген ауылындағы балықшының үйі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c06cf8c9-349c-4b0b-8364-d4a876f1488e_w1024_q10_s.jpg)
9
Бөген ауылындағы балықшының үйі.
![Бөген ауылындағы мешіт.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a1ee017d-4b6e-4edf-8025-dc1e76fe9992_w1024_q10_s.jpg)
10
Бөген ауылындағы мешіт.
![Арал қаласындағы сағат.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6af3dc77-dd22-4d71-ac29-636aab34eb01_w1024_q10_s.jpg)
11
Арал қаласындағы сағат.
![Арал қаласының орталығындағы таксистер.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8b71e53e-1c56-4eff-8c3c-c16fbda02eeb_w1024_q10_s.jpg)
12
Арал қаласының орталығындағы таксистер.
![Арал қаласындағы Әбілқайыр хан көшесі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/86b1e019-497c-4635-b863-75a88627b41f_w1024_q10_s.jpg)
13
Арал қаласындағы Әбілқайыр хан көшесі.
![Арал қаласы көшесіндегі гүлзарды баптайтын ерікті студент.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/21534c30-0927-46d0-8b0d-bb5aa74ba0af_w1024_q10_s.jpg)
14
Арал қаласы көшесіндегі гүлзарды баптайтын ерікті студент.
![Арал қаласындағы балық зауыты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/230f7079-a5a1-4794-9a33-933c833d95d2_w1024_q10_s.jpg)
15
Арал қаласындағы балық зауыты.
![Арал балықшылары мұражайындағы балықшы құралы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f87d681e-0162-4edd-9cca-cf97febc3fc1_w1024_q10_s.jpg)
16
Арал балықшылары мұражайындағы балықшы құралы.
![Арал қаласындағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жазылған баннер.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6ac017bc-870a-4819-9ea8-1780a795d1bf_w1024_q10_s.jpg)
17
Арал қаласындағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жазылған баннер.
![Арал қаласынан Түркістанға шыққан автобуста отырған жолаушылар. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/86ff78b3-1d4e-4275-99d0-ac715d2e427b_w1024_q10_s.jpg)
18
Арал қаласынан Түркістанға шыққан автобуста отырған жолаушылар.
ПІКІРЛЕР