1990 жылы 24 сәуірде Қазақстан президенттігіне сайланған Нұрсұлтан Назарбаев елді сол уақыттан бері үзбей басқарып келеді. АҚШ-та бұл кезеңде бес президент ауысты әрі Билл Клинтон, Джордж Буш және Барак Обама екі мерзім президент болды.
Назарбаев және АҚШ-тың бес президенті
16-18 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.
![Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевт АҚШ-қа алғашқы рет 1992 жылы мамырда сапарлап барды. Ол Ақ үйде үлкен Джордж Бушпен кездесді. Вашингтонда екі ел басшылары сауда қарым-қатынасы, капитал құю келісімдері мен АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық меморандумына қол қойды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e99364f5-adcb-4216-8292-75cd02c1b927_w1024_q10_s.jpg)
1
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевт АҚШ-қа алғашқы рет 1992 жылы мамырда сапарлап барды. Ол Ақ үйде үлкен Джордж Бушпен кездесді. Вашингтонда екі ел басшылары сауда қарым-қатынасы, капитал құю келісімдері мен АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық меморандумына қол қойды.
![Үлкен Джордж Буш пен Нұрсұлтан Назарбаев құжаттарға қол қойғаннан кейінгі сәт. 20 мамыр 1992 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cda971d9-294c-4229-9d6c-32c1836a9406_w1024_q10_s.jpg)
2
Үлкен Джордж Буш пен Нұрсұлтан Назарбаев құжаттарға қол қойғаннан кейінгі сәт. 20 мамыр 1992 жыл.
![АҚШ президенті Билл Клинтон мен Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау келісіміне қол қойғаннан кейінгі қол алысу сәті. 14 ақпан 1994 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/74d15705-0406-4da7-8670-4e2a23a8d27c_w1024_q10_s.jpg)
3
АҚШ президенті Билл Клинтон мен Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау келісіміне қол қойғаннан кейінгі қол алысу сәті. 14 ақпан 1994 жыл.
![АҚШ президенті Билл Клинтон мен Назарбаевтың қол алысу сәті. Ортада - Әзірбайжанның сол кездегі президенті Гейдар Алиев. Сурет Каспий теңізінен әлемдік нарыққа Түркия арқылы көмірсутек тасу келісіміне қол қою рәсімінде түсірілген. Стамбул, Түркия, 18 қараша 1999 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ffe402d7-6fa8-4fd2-9ea5-d4bb806490ea_w1024_q10_s.jpg)
4
АҚШ президенті Билл Клинтон мен Назарбаевтың қол алысу сәті. Ортада - Әзірбайжанның сол кездегі президенті Гейдар Алиев. Сурет Каспий теңізінен әлемдік нарыққа Түркия арқылы көмірсутек тасу келісіміне қол қою рәсімінде түсірілген. Стамбул, Түркия, 18 қараша 1999 жыл.
![АҚШ президенті кіші Джордж Буш Ақ үйдегі кабинетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдап отыр. 29 қыркүйек 2006 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6848e50a-0b01-4e47-a529-d088aa985e79_w1024_q10_s.jpg)
5
АҚШ президенті кіші Джордж Буш Ақ үйдегі кабинетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдап отыр. 29 қыркүйек 2006 жыл.
![БҰҰ сол кездегі төрағасы Кофи Аннан (бірінші планда), сол кездегі Қазақстанның сыртқы істер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта), АҚШ президенті Джордж Буш және Қазақстан президенті Назарбаев "Үлкен сегіздік" жиынында. Санкт-Петербург, 17 шілде 2006 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f22f005c-8e3f-4937-bac1-613e9efffc7e_w1024_q10_s.jpg)
6
БҰҰ сол кездегі төрағасы Кофи Аннан (бірінші планда), сол кездегі Қазақстанның сыртқы істер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта), АҚШ президенті Джордж Буш және Қазақстан президенті Назарбаев "Үлкен сегіздік" жиынында. Санкт-Петербург, 17 шілде 2006 жыл.
![АҚШ-тың 44-і президенті Барак Обама мен Назарбаев Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммиті кезінде. 11 сәуір 2010 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c320d177-f198-4c90-86de-e8c649679d33_w1024_q10_s.jpg)
7
АҚШ-тың 44-і президенті Барак Обама мен Назарбаев Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммиті кезінде. 11 сәуір 2010 жыл.
![Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында кездескен сәті. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2015 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/76677b94-4dde-4215-8c9a-26be500c46d2_w1024_q10_s.jpg)
8
Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында кездескен сәті. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2015 жыл.
![АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы Сауд Арабиясындағы араб елдерінің саммитінде кездесті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d2db56ba-d961-4a74-ba3a-2b92a32dc675_w1024_q10_s.jpg)
9
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы Сауд Арабиясындағы араб елдерінің саммитінде кездесті.