Қамаудағы белсенді Жанболат Мамайдың жақтастары сенбі күні Алматы орталығында митингіге шықты. Бірнеше адам ұсталды, арасында Мамайдың әйелі Инга Иманбай да бар. Белсенділерді ұстау кезінде Ғылым академиясы маңындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған концерт өтіп жатты.
"Оркестр сүйемелдеуімен" белсенділерді ұстау. Мамай жақтастарының митингісі қалай өтті?
![Полиция қызметкерлері белсенді Әсем Жәпішеваны ұстап жатыр. Алматы, 7 мамыр 2022 жыл.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03170000-0aff-0242-161e-08da300b6322_w1024_q10_s.jpg)
1
Полиция қызметкерлері белсенді Әсем Жәпішеваны ұстап жатыр. Алматы, 7 мамыр 2022 жыл.
![Жанболат Мамай мен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, бейбіт митинг өткізетінін Мамайдың әйелі Инга Иманбай әлеуметтік желіде осыған дейін хабарлаған. Тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай қазір өзіне қозғалған екі қылмыстық іс бойынша ( “билік өкілін қорлау” және “жалған ақпарат тарату”) қамауда отыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-e891-08da300b5d62_w1024_q10_s.jpg)
2
Жанболат Мамай мен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, бейбіт митинг өткізетінін Мамайдың әйелі Инга Иманбай әлеуметтік желіде осыған дейін хабарлаған. Тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай қазір өзіне қозғалған екі қылмыстық іс бойынша ( “билік өкілін қорлау” және “жалған ақпарат тарату”) қамауда отыр.
![Алайда 7 мамырда белсенділер Шоқан Уәлиханов алаңына келгенде ол жерде Отан қорғаушылар күніне арналған концерт өтіп жатты. Қатты әуен ойнап, әртістер өнер көрсетті, ҰҚК Шекара қызметі академиясының үздік курсанттары марапатталды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-1f47-08da300b569b_w1024_q10_s.jpg)
3
Алайда 7 мамырда белсенділер Шоқан Уәлиханов алаңына келгенде ол жерде Отан қорғаушылар күніне арналған концерт өтіп жатты. Қатты әуен ойнап, әртістер өнер көрсетті, ҰҚК Шекара қызметі академиясының үздік курсанттары марапатталды.
![Курсанттар және көрермендерді қоса алғанда алаңда кемінде 500 адам болды. Полиция Шевченко көшесінің – батысында Қонаев пен шығысында Пушкинге дейінгі аралығын қоршап тұрды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-96d7-08da300b5755_w1024_q10_s.jpg)
4
Курсанттар және көрермендерді қоса алғанда алаңда кемінде 500 адам болды. Полиция Шевченко көшесінің – батысында Қонаев пен шығысында Пушкинге дейінгі аралығын қоршап тұрды.
![Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысып жатқан ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03160000-0aff-0242-e2e3-08da300b51f1_w1024_q10_s.jpg)
5
Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысып жатқан ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары.
![Сахна маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі совет солдаттарының формасын елестететін жасөспірімдер жүрді. Олар қандай да бір қойылым қоюды жоспарлаған тәрізді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-6f47-08da300b5205_w1024_q10_s.jpg)
6
Сахна маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі совет солдаттарының формасын елестететін жасөспірімдер жүрді. Олар қандай да бір қойылым қоюды жоспарлаған тәрізді.
![Солдат тамағынан дәм татқысы келетіндер үшін "майдан асханасы" жұмыс істеп тұрды. Қарақұмықтан жасалған ботқа таратылды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03170000-0aff-0242-4183-08da300b51ed_w1024_q10_s.jpg)
7
Солдат тамағынан дәм татқысы келетіндер үшін "майдан асханасы" жұмыс істеп тұрды. Қарақұмықтан жасалған ботқа таратылды.
![Ал алаңнан небәрі 200 метр жерде белсенділер Жанболат Мамай мен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Олар ойларын ойдағыдай айтып та үлгерген жоқ: арнайы жасақ жүгіріп келіп, наразыларды автозакқа сүйреп әкетті. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-de1b-08da300b59ed_w1024_q10_s.jpg)
8
Ал алаңнан небәрі 200 метр жерде белсенділер Жанболат Мамай мен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Олар ойларын ойдағыдай айтып та үлгерген жоқ: арнайы жасақ жүгіріп келіп, наразыларды автозакқа сүйреп әкетті.
![Күштік құрылымдар қоғам белсендісі Төлеген Жүкеевті де автозакқа отырғызуға талпынған. Бірнеше минуттан соң оны босатты. Белсенділердің бірі "Жанболатқа бостандық!" деген жазуы бар футболка кигендерді ғана ұстап жатқанын байқады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-26b4-08da300b58f7_w1024_q10_s.jpg)
9
Күштік құрылымдар қоғам белсендісі Төлеген Жүкеевті де автозакқа отырғызуға талпынған. Бірнеше минуттан соң оны босатты. Белсенділердің бірі "Жанболатқа бостандық!" деген жазуы бар футболка кигендерді ғана ұстап жатқанын байқады.
![Арнайы жасақ Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбайды ұстап жатыр. Бұл уақытта сахнада қандай да бір бишілер өнер көрсетіп жатқан және күштік құрылымдар Иманбайды "Катюша" әнінің "сүйемелдеуімен" автозакқа сүйреп әкетті. Бұл олардың әрекетіне сюрреалистік сипат бергендей болды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03160000-0aff-0242-2849-08da300b5c6c_w1024_q10_s.jpg)
10
Арнайы жасақ Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбайды ұстап жатыр. Бұл уақытта сахнада қандай да бір бишілер өнер көрсетіп жатқан және күштік құрылымдар Иманбайды "Катюша" әнінің "сүйемелдеуімен" автозакқа сүйреп әкетті. Бұл олардың әрекетіне сюрреалистік сипат бергендей болды.
![Плакат ұстаған белсенділер Жанель Шахан мен Әсем Жәпішева концерт өтіп жатқан алаңға кетіп барады. Олар қаңтар оқиғасын әділ тергеуді талап етті. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03170000-0aff-0242-ba96-08da301cae75_w1024_q10_s.jpg)
11
Плакат ұстаған белсенділер Жанель Шахан мен Әсем Жәпішева концерт өтіп жатқан алаңға кетіп барады. Олар қаңтар оқиғасын әділ тергеуді талап етті.
![Әсем мен Жанельді көрген күштік құрылым өкілдері жалма-жан жүгіріп барып, плакаттарын тартып ала бастады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-fbc3-08da300b5fb1_w1024_q10_s.jpg)
12
Әсем мен Жанельді көрген күштік құрылым өкілдері жалма-жан жүгіріп барып, плакаттарын тартып ала бастады.
![Полиция қызметкері Әсем Жәпішеваны ұстап бара жатыр. Әсем мен Жанель Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Хаттамада Әсем қаңтар оқиғасын әділ тергеуді талап ететінін атап көрсеткен. Бірнеше сағаттан соң қыздар босатылды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03040000-0aff-0242-6bbe-08da300b60f0_w1024_q10_s.jpg)
13
Полиция қызметкері Әсем Жәпішеваны ұстап бара жатыр. Әсем мен Жанель Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Хаттамада Әсем қаңтар оқиғасын әділ тергеуді талап ететінін атап көрсеткен. Бірнеше сағаттан соң қыздар босатылды.