Қарағанды облысында әдеттегіден өзгеше мұражай ашылды. Жер бетінен 15 метр тереңдіктегі оқу шахтасы әрі мұражайға келген туристер тау-кен комбайнын басқарып, шахтердің ауыр еңбегі қалай атқарылатынын сезінеді. Мұражайға келушілер аймақтағы көмір өнеркәсібінің даму тарихымен де танысады.
Жер астындағы мұражай
![Шахта-мұражай ғимараты Қарағанды индустриалдық колледжі студенттері үшін оқу шахтасы ретінде пайдаланылады, мұнда келетін қазақстандық және шетелдік туристерге ол "тірі экспозиция" іспеттес.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e1135cdb-e57f-4b4b-a7c7-68e2385c8eb8_w1024_q10_s.jpg)
1
Шахта-мұражай ғимараты Қарағанды индустриалдық колледжі студенттері үшін оқу шахтасы ретінде пайдаланылады, мұнда келетін қазақстандық және шетелдік туристерге ол "тірі экспозиция" іспеттес.
![Ерекше мұражай Қарағанды тау-кен – индустриалдық колледжі базасында ашылған. Оқу орны директоры Геннадий Ивченконың сөзінше, алғашқы екі аптада жер астындағы музеймен танысуға 250-ге жуық адам келген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1b198fd9-b17d-446c-a3d3-3092c67a4587_w1024_q10_s.jpg)
2
Ерекше мұражай Қарағанды тау-кен – индустриалдық колледжі базасында ашылған. Оқу орны директоры Геннадий Ивченконың сөзінше, алғашқы екі аптада жер астындағы музеймен танысуға 250-ге жуық адам келген.
![Шахтаны көргісі келетіндер әуелі шағын ережемен танысады. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертіледі. Туристің қалауы бойынша, гид тау-кен қопарғыш комбайынның қалай жұмыс істейтінін көрсетеді, тіпті, туристке оны басқарып көруіне де рұқсат етуі мүмкін.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/0b351559-0f6f-4a37-8821-414e40c3becb_w1024_q10_s.jpg)
3
Шахтаны көргісі келетіндер әуелі шағын ережемен танысады. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертіледі. Туристің қалауы бойынша, гид тау-кен қопарғыш комбайынның қалай жұмыс істейтінін көрсетеді, тіпті, туристке оны басқарып көруіне де рұқсат етуі мүмкін.
![Шахтаның іші тас қараңғы. Онда тіпті шахтер қол шамының жарығы да әлсіздеу сезіледі. Жерасты тоннелімен аяғыңыздың астына, жан-жағыңызға және жоғарыға абайлап қарап жүрген ләзім. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/8c056850-cb07-4c71-8d63-4c15051af229_w1024_q10_s.jpg)
4
Шахтаның іші тас қараңғы. Онда тіпті шахтер қол шамының жарығы да әлсіздеу сезіледі. Жерасты тоннелімен аяғыңыздың астына, жан-жағыңызға және жоғарыға абайлап қарап жүрген ләзім.
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4ed58050-e8b9-4c0c-a88c-8142e5924836_w1024_q10_s.jpg)
5
![Шахтадағы желдеткіш жүйесінің дыбысы өте қатты болғандықтан ол жердегі дауыс дұрыс естілмейді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/963660fa-53fc-4a14-ac25-9561a6d83ffe_w1024_q10_s.jpg)
6
Шахтадағы желдеткіш жүйесінің дыбысы өте қатты болғандықтан ол жердегі дауыс дұрыс естілмейді.
![Шахтадағы кенжар қабырғасы, оның төменгі жағында көмір шашылып жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/818243c1-bf7e-4a22-a265-95b65d7c9eed_w1024_q10_s.jpg)
7
Шахтадағы кенжар қабырғасы, оның төменгі жағында көмір шашылып жатыр.
![Шахтадағы метан газының мөлшерін анықтайтын аспап.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/f5ca6194-c4fa-4aaa-83c5-e106c39d0111_w1024_q10_s.jpg)
8
Шахтадағы метан газының мөлшерін анықтайтын аспап.
![- Шахтадағы метан мен көмірқышқыл газын өлшеуге арналған аспаптар бар. Бірақ алдын ала болжау қиын түрлі тау-кен – геологиялық табиғи жағдайлар да болып тұрады. Газдың аты газ, сыртқа өтіп кетуі мүмкін. Оның үстіне үнемі адам факторы да бар. Кенші жұмысы - өте қауіпті еңбек, - дейді байырғы шахтер Владимир Лендо.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/536e1c4f-a5c5-4c2c-a418-177c88343ea3_w1024_q10_s.jpg)
9
- Шахтадағы метан мен көмірқышқыл газын өлшеуге арналған аспаптар бар. Бірақ алдын ала болжау қиын түрлі тау-кен – геологиялық табиғи жағдайлар да болып тұрады. Газдың аты газ, сыртқа өтіп кетуі мүмкін. Оның үстіне үнемі адам факторы да бар. Кенші жұмысы - өте қауіпті еңбек, - дейді байырғы шахтер Владимир Лендо.
![Шахтадағы телефон.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/8e76b223-4005-4be6-80bf-be58d3814822_w1024_q10_s.jpg)
10
Шахтадағы телефон.
![Мұражайда Қарағанды көмір бассейнінде өндірілетін көмір түрлері қойылған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/426a4ac8-752b-4ab3-9f84-092d32c4d2f4_w1024_q10_s.jpg)
11
Мұражайда Қарағанды көмір бассейнінде өндірілетін көмір түрлері қойылған.
![Шахтада көмір қазуға арналған "Қарағанды 7-15" комбайнының кішірейтілген жұмысшы макеті.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/569cc110-52c7-408c-9a80-798dce80d9c7_w1024_q10_s.jpg)
12
Шахтада көмір қазуға арналған "Қарағанды 7-15" комбайнының кішірейтілген жұмысшы макеті.
![Мұражайға қойылған осындай макеттер арқылы Қарағанды облысындағы көмір өнеркәсібінің даму тарихымен танысуға болады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/bb295466-89a2-4f1b-acc9-2f46b6d71003_w1024_q10_s.jpg)
13
Мұражайға қойылған осындай макеттер арқылы Қарағанды облысындағы көмір өнеркәсібінің даму тарихымен танысуға болады.
![Мұражайға кейін көпшілікке танымал болған Қарағанды тау-кен - индустриалдық колледжі түлектерінің суреттері ілінген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e5a96ba2-6e7b-4fe5-a16a-3f8b248fbbfb_w1024_q10_s.jpg)
14
Мұражайға кейін көпшілікке танымал болған Қарағанды тау-кен - индустриалдық колледжі түлектерінің суреттері ілінген.
![Шахтада 30 жылға жуық еңбек еткен Владимир Лендо қаһарман мамандық иелері шахтерлердің жұмысы өте қауіпті екенін айтады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/aadc30a9-1786-465e-b0f2-d6bdf48162a3_w1024_q10_s.jpg)
15
Шахтада 30 жылға жуық еңбек еткен Владимир Лендо қаһарман мамандық иелері шахтерлердің жұмысы өте қауіпті екенін айтады.
![Көмір өнеркәсібінің мұражайы Қарағандының өнеркәсіптік ауданы – Майқұдықтың көрнекі орнына айналды. Майқұдыққа келген туристер мұнда сақталған көптеген ескі ғимараттармен танысып, қаланың тарихы туралы мағлұмат алады. Майқұдықта барак типтес үйлер әлі де кездеседі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/032bdbdf-87e5-43c0-a7a5-a570844b6af5_w1024_q10_s.jpg)
16
Көмір өнеркәсібінің мұражайы Қарағандының өнеркәсіптік ауданы – Майқұдықтың көрнекі орнына айналды. Майқұдыққа келген туристер мұнда сақталған көптеген ескі ғимараттармен танысып, қаланың тарихы туралы мағлұмат алады. Майқұдықта барак типтес үйлер әлі де кездеседі.