Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ және Бостандық ауылдарына барып қайтты. Қазақтар мен тәжіктер тұратын бұл ауылдарда адамдар ақпанның 5-і мен 6-сы күндері бірнеше көлік пен үйді өртеген еді. Ол оқиғаға 1985 жылы туған Бақытжан Артықовтың кісі қолынан өлгені себеп болғаны айтылған. 11 ақпан 2015 жыл.
Жанжалдан кейінгі Сарыағаш
![Жартытөбе ауылдық округіне барар жолдағы полиция қызметкерлері.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/204e1583-c92a-496b-a073-e410d32ea245_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
Жартытөбе ауылдық округіне барар жолдағы полиция қызметкерлері.
![Ынтымақ ауылындағы Майлықожа атындағы орта мектеп ауласында ақпанның 5-інде келген арнайы жасақ қызметкерлері қосыны әлі тұр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d29454d9-6fe6-4710-a612-149a5f3dc5db_cx0_cy2_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Ынтымақ ауылындағы Майлықожа атындағы орта мектеп ауласында ақпанның 5-інде келген арнайы жасақ қызметкерлері қосыны әлі тұр.
![Ақпанның 5-і күнгі оқиға орнына келген жедел жәрдем әлі күнге Ынтымақ ауылында кезекшілік етеді. Ауылдық аурухананың бас дәрігерінің Азаттық тілшісіне айтуынша, оқиға кезінде жарақаттанғандар болмаған. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/dd610d9d-e1d8-44ba-b459-6d0bae77d7b0_cx0_cy18_cw70_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Ақпанның 5-і күнгі оқиға орнына келген жедел жәрдем әлі күнге Ынтымақ ауылында кезекшілік етеді. Ауылдық аурухананың бас дәрігерінің Азаттық тілшісіне айтуынша, оқиға кезінде жарақаттанғандар болмаған.
![Ынтымақ ауылының әкімдігі полиция штабына айналған. Ауыл әкімдігі ауылдық ауруханаға көшірілген. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2803f3ba-38e7-4d98-b2ce-fb3201f97557_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Ынтымақ ауылының әкімдігі полиция штабына айналған. Ауыл әкімдігі ауылдық ауруханаға көшірілген.
![Ақпанның 5-і күнгі оқиға кезінде терезесі сынған көлік. Көлік иесі Архам Абдураимов көшеде кетіп бара жатқанда жиналған жастар төрт терезесін таспен ұрып сындырғанын айтады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5022e957-9313-4d6c-bb80-192d121c79ed_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Ақпанның 5-і күнгі оқиға кезінде терезесі сынған көлік. Көлік иесі Архам Абдураимов көшеде кетіп бара жатқанда жиналған жастар төрт терезесін таспен ұрып сындырғанын айтады.
![Ынтымақ ауылының тұрғыны Жәмшид Сейфоллаевтың өртенген көлігі. Ол бау-бақшадан жиналған өнімді басқа өңірлерге таситын көлігінің жөнделуі қиын екенін айтады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/728c8b62-449e-4890-8d1d-25ac4fa8232f_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
Ынтымақ ауылының тұрғыны Жәмшид Сейфоллаевтың өртенген көлігі. Ол бау-бақшадан жиналған өнімді басқа өңірлерге таситын көлігінің жөнделуі қиын екенін айтады.
![Ынтымақ ауылының орталық көшесі](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/325bec91-e616-4145-a8c3-d4ac7ec438e2_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
7
Ынтымақ ауылының орталық көшесі
![Ынтымақ ауылындағы бұл үйдің иесі "өрт жастар жаппай көшеге шыққан күннің ертеңінде, ақпанның 6-сы күні кешке болғанын" айтады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/481a5fa4-d0b8-4227-9e74-8daa039dbeeb_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
Ынтымақ ауылындағы бұл үйдің иесі "өрт жастар жаппай көшеге шыққан күннің ертеңінде, ақпанның 6-сы күні кешке болғанын" айтады.
![Ынтымақ ауылының тұрғыны Әділжан Хасановтың өртенген үйі мен екі көлігі. Әділхан Хасанов өзі мен балалары тұратын бұл үй ең алғашқылардың бірі болып өртенгенін айтады. Оның сөзінше, ауладағы көлікті бір топ адам сыртқа шығарып алып өртеген, содан соң жүк көлігі мен үйді өртеген. Бұл оқиға кезінде үй иелері сыртқа шықпай отырған. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d2db39fb-3925-4cee-9ab8-176ee8c36efc_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
9
Ынтымақ ауылының тұрғыны Әділжан Хасановтың өртенген үйі мен екі көлігі. Әділхан Хасанов өзі мен балалары тұратын бұл үй ең алғашқылардың бірі болып өртенгенін айтады. Оның сөзінше, ауладағы көлікті бір топ адам сыртқа шығарып алып өртеген, содан соң жүк көлігі мен үйді өртеген. Бұл оқиға кезінде үй иелері сыртқа шықпай отырған.
![Ынтымақ ауылының тұрғыны Әділжан Хасановтың әйелі өртенген үйінің жанында отыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/26967f72-ca35-4f35-90d4-6852a3e4523b_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
Ынтымақ ауылының тұрғыны Әділжан Хасановтың әйелі өртенген үйінің жанында отыр.
![Ынтымақ ауылының тұрғыны Әділжан Хасановтың өртенген үйінің іші.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/87881b02-d73b-4442-8967-fcc746173155_cx0_cy4_cw91_w1024_q10_r1_s.jpg)
11
Ынтымақ ауылының тұрғыны Әділжан Хасановтың өртенген үйінің іші.
![Ынтымақ ауылындағы өртенген үйге қарап тұрған адам.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/0631c713-f0ed-4c2a-a791-be8152dc56a2_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
12
Ынтымақ ауылындағы өртенген үйге қарап тұрған адам.
![Бостандық ауылының тұрғыны Мария Қалжігітованың өртенген көлігі мен терезелері сынған үйі. Оның айтуынша, бір топ жас әуелі көлікті өртеген, одан соң үйдің терезелерін сындырып, от тастаған. Үй иелері өртті өздері өшіргенін айтады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/0e30d379-7da1-44c8-a9d8-5a9a05b2de80_cx0_cy6_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
13
Бостандық ауылының тұрғыны Мария Қалжігітованың өртенген көлігі мен терезелері сынған үйі. Оның айтуынша, бір топ жас әуелі көлікті өртеген, одан соң үйдің терезелерін сындырып, от тастаған. Үй иелері өртті өздері өшіргенін айтады.
![Бостандық ауылының тұрғыны Дусер Абдураимовтың өртенген үйі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/115b5e87-86cd-41ab-a914-1ca205c75b15_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
14
Бостандық ауылының тұрғыны Дусер Абдураимовтың өртенген үйі.
![Бостандық ауылының тұрғыны Дусер Абдураимовтың өртенген үйінің іші.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/333c3273-72cb-4922-a4dc-456271003487_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
15
Бостандық ауылының тұрғыны Дусер Абдураимовтың өртенген үйінің іші.
![Бостандық ауылындағы бүлінген көліктердің бірі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c52c472c-5df3-4f95-bc0d-1b0ba0227a27_w1024_q10_s.jpg)
16
Бостандық ауылындағы бүлінген көліктердің бірі.