Әскери қоймадағы жарылыстан кейін үй-жайын тастап, Арыстан кетуге мәжбүр болған адамдар Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті қасындағы көшені жапты. Дүйсенбіден бері мешітті уақытша паналап отырған адамдар "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлап, өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Арыс тұрғындарының наразылығы
![Маусымның 27-і күні таңертеңгі сағат 11 шамасында Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2f8df24b-381e-422e-91e6-414da0d420f5_w1024_q10_s.jpg)
1
Маусымның 27-і күні таңертеңгі сағат 11 шамасында Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты.
![Маусымның 24-і күні әскери қоймадағы жарылыстан кейін үй-жайын тастап, Арыстан кетуге мәжбүр болған адамдар Шымкентте "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап жатқан еді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6e44b5f1-250d-428b-bbd2-6654fb33f471_w1024_q10_s.jpg)
2
Маусымның 24-і күні әскери қоймадағы жарылыстан кейін үй-жайын тастап, Арыстан кетуге мәжбүр болған адамдар Шымкентте "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап жатқан еді.
![Жылап-сықтаған тұрғындар "жарылыстан бері тыныш ұйықтай жүрмегенін", Арыста ендігәрі қала алмайтындықтарын айтып, "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/09f97b0a-53a8-4d39-8f9a-d6daa44c7af8_w1024_q10_s.jpg)
3
Жылап-сықтаған тұрғындар "жарылыстан бері тыныш ұйықтай жүрмегенін", Арыста ендігәрі қала алмайтындықтарын айтып, "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлады.
![Наразы жұрт әскери қоймада жарылыс болған сәтте қатты шошып, бала-шағамен қайда барарын білмей абдырағанын айтады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bed06208-c820-449b-b1e9-0378c9ad6462_w1024_q10_s.jpg)
4
Наразы жұрт әскери қоймада жарылыс болған сәтте қатты шошып, бала-шағамен қайда барарын білмей абдырағанын айтады.
![Наразылар өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/324663db-815c-4603-982f-4dba138ff35e_w1024_q10_s.jpg)
5
Наразылар өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
![Шымкент қалалық әкімдігі шенеунігі наразыларды мешітке баруға шақырғанымен, жиналған жұрт оған бағынудан бас тартты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b1566dc1-15b4-43ed-aecf-b6c96d101dde_w1024_q10_s.jpg)
6
Шымкент қалалық әкімдігі шенеунігі наразыларды мешітке баруға шақырғанымен, жиналған жұрт оған бағынудан бас тартты.
![Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, үш мыңдай адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/515ac284-fa7d-43d9-9acb-2b40a193a7b5_w1024_q10_s.jpg)
7
Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, үш мыңдай адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен.
![Түркістан облысы әкімдігінің дерегінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3cc20719-3845-4390-af6f-956b87420287_w1024_q10_s.jpg)
8
Түркістан облысы әкімдігінің дерегінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр.
![Наразылар жиналған жерге келген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұртты көше жолын босатып, мешітке кіріп сөйлесуге шақырды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9e65a148-5afb-4aba-b7b0-468d22442397_w1024_q10_s.jpg)
9
Наразылар жиналған жерге келген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұртты көше жолын босатып, мешітке кіріп сөйлесуге шақырды.
![Жиналғандардың бір бөлігі Шымкент әкімінің сөзіне құлақ асып, онымен бірге мешітке кірді, енді бір бөлігі көшеде қалды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c6ac6a00-4100-4773-9fdc-70a9247189da_w1024_q10_s.jpg)
10
Жиналғандардың бір бөлігі Шымкент әкімінің сөзіне құлақ асып, онымен бірге мешітке кірді, енді бір бөлігі көшеде қалды.
![Мешіт ішінде әкім Ғабидолла Әбдірахымов жұртты "қызбалыққа салынбай, сабыр сақтауға" шақырды. "130 мың адам баспана кезегінде тұрған Шымкенттен сіздерге үй беруге мүмкіндік жоқ" деді ол. Әкім сөзіне наразы болған тұрғындар "Шөкеев қайда?" деп Түркістан облысы әкімінің келуін талап етті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/dec9cb4f-3256-46a7-9059-1eb2678c2a91_w1024_q10_s.jpg)
11
Мешіт ішінде әкім Ғабидолла Әбдірахымов жұртты "қызбалыққа салынбай, сабыр сақтауға" шақырды. "130 мың адам баспана кезегінде тұрған Шымкенттен сіздерге үй беруге мүмкіндік жоқ" деді ол. Әкім сөзіне наразы болған тұрғындар "Шөкеев қайда?" деп Түркістан облысы әкімінің келуін талап етті.
![Мешіт іші айғай-шуға ұласқан соң имамдардың бірі құран сүрелерін оқи бастады. Тек осыдан соң наразы тұрғындар тізе бүгіп, тынышталғандай болды. Бірақ уағыз-насихат аяқталған соң айғай-шу қайта жалғасқан.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4543d6e0-ac01-47c4-8860-490a3fb71dc5_w1024_q10_s.jpg)
12
Мешіт іші айғай-шуға ұласқан соң имамдардың бірі құран сүрелерін оқи бастады. Тек осыдан соң наразы тұрғындар тізе бүгіп, тынышталғандай болды. Бірақ уағыз-насихат аяқталған соң айғай-шу қайта жалғасқан.
![Маусымның 24-і күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен. Суретте: Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті сыртында қол жайып отырған адамдар. 27 маусым 2019 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b9c9552e-4571-4786-a470-1046a440384d_w1024_q10_s.jpg)
13
Маусымның 24-і күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.
Суретте: Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті сыртында қол жайып отырған адамдар. 27 маусым 2019 жыл.
Суретте: Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті сыртында қол жайып отырған адамдар. 27 маусым 2019 жыл.
![Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fc310a46-7ad2-467e-b9d8-552a45575fb9_w1024_q10_s.jpg)
14
Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр.
![Арыстағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялаған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/53e455b8-799e-4b32-a257-f4279bf80757_w1024_q10_s.jpg)
15
Арыстағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялаған.
![Шымкенттегі эвакуациялық орындарды паналап жатқан Арыс тұрғындары "билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз" деп шағынды. Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ae93cf3a-9677-49dd-87e1-76b1194a2277_w1024_q10_s.jpg)
16
Шымкенттегі эвакуациялық орындарды паналап жатқан Арыс тұрғындары "билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз" деп шағынды. Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады.
!["Ақмешіт" мешітіндегі намаз. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/091df325-0b19-4624-8197-661034c01905_w1024_q10_s.jpg)
17
"Ақмешіт" мешітіндегі намаз.
!["Ақмешіт" мешітін паналап жатқан Арыс тұрғындарының арасында балалар да көп.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a3fe04d6-3d8e-429e-a71d-11669f00f55c_w1024_q10_s.jpg)
18
"Ақмешіт" мешітін паналап жатқан Арыс тұрғындарының арасында балалар да көп.
![Наразылар жиналған жерде жүрген полиция қызметкерлері.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/363a5a1e-f3a5-4d0a-ab4d-626b54dc858b_w1024_q10_s.jpg)
19
Наразылар жиналған жерде жүрген полиция қызметкерлері.
![Шамамен екі сағатқа жуық уақыт өткеннен кейін оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келді. Тұрғындардың бір бөлігімен мешіт ішінде кездескен әкім Арыс тұрғындарының ешқайсысы көмексіз қалмайтынын айтып, халықты тыныштандыруға тырысты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bcd86e33-e6ef-414d-8052-b08d4d6abb63_w1024_q10_s.jpg)
20
Шамамен екі сағатқа жуық уақыт өткеннен кейін оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келді. Тұрғындардың бір бөлігімен мешіт ішінде кездескен әкім Арыс тұрғындарының ешқайсысы көмексіз қалмайтынын айтып, халықты тыныштандыруға тырысты.
![Кейбір тұрғындар сыртта да наразылар көп екенін айтып, әкімді ғимарат сыртына шығуға шақырды. Бірақ әкім бұл ұсынысқа жауап бермеді. Кездесудің арты дау-дамайға ұласып бара жатқан соң мешіт ішінде азан шақырыла бастады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2f50536e-963e-4100-8b81-49c974789a8c_w1024_q10_s.jpg)
21
Кейбір тұрғындар сыртта да наразылар көп екенін айтып, әкімді ғимарат сыртына шығуға шақырды. Бірақ әкім бұл ұсынысқа жауап бермеді. Кездесудің арты дау-дамайға ұласып бара жатқан соң мешіт ішінде азан шақырыла бастады.
![Арыс тұрғындары Түркістан не Шымкенттен үй беруді сұрайды. Наразылар өз баспанасы "тұруға жарамай қалғанын", Арысқа қайтпайтынын айтады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b55f6332-44dc-41fa-8fd5-4214eca4da64_w1024_q10_s.jpg)
22
Арыс тұрғындары Түркістан не Шымкенттен үй беруді сұрайды. Наразылар өз баспанасы "тұруға жарамай қалғанын", Арысқа қайтпайтынын айтады.
![Наразылар жиналған "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшеде көліктер бөгелді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3f74f42f-6240-4e2b-812a-efdc389b0672_w1024_q10_s.jpg)
23
Наразылар жиналған "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшеде көліктер бөгелді.
![Мешіт алдындағы наразылықты бақылап тұрған полиция қызметкерлері. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/72418990-c23f-4482-94e4-69d91299361b_w1024_q10_s.jpg)
24
Мешіт алдындағы наразылықты бақылап тұрған полиция қызметкерлері.
!["Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшедегі полиция көлігі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7cdef88a-1974-4e90-98fe-45a9f32d826d_w1024_q10_s.jpg)
25
"Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшедегі полиция көлігі.
ПІКІРЛЕР