Түркиядағы қазақтардың кейбірі ана тілдерін білмейді, балаларының аттарын түрікше қояды, Қазақстанға көшуге аса құмартпайды. Қытай, Тибет, Ауғанстан және Пәкістан арқылы Алтайдан ұзақ әрі қауіпті сапар шеккен қазақтар Түркияға 1951 жылы жеткен. Түрік билігі оларға жер бөлген. Қазақтар Стамбул, Анкара, Измир сияқты халқы тығыз қалаларды мекендегісі келмеген. Олар Торос тауының етегіндегі мал жаюға қолайлы даланы таңдаған.
Түркияда тұратын Алтай қазақтары
![Алтай ауылында тұратын қазақтардың түрік халқынан үйренгені де көп. Үнемшіл әрі ұқыпты. Үйлену тойына несие алмайды, біреуді қызықтыру үшін ақша шашпайды. Түріктер сияқты жастар алдымен қалыңдық пен күйеу болып жүреді, содан соң ғана үйлену тойын жасайды. Кейбір үйлену тойы түріктердегідей шай-тамақсыз өтуі мүмкін. Дегенмен, мұндағы қазақтардың көбі қонақтарға палау басып, шайға тәтті тағамдар беруге тырысады. Түріктер мен қазақтардың той мен ас берудегі мәзірлері бірдей деуге болады. Жас отбасылар пәтер жалдап, ата-анасынан бөлек тұрады. Білім алмай, табысты жұмысқа тұрмай отбасын құруға асықпайды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/8b12f293-79a6-43ed-972d-0b81cf9b5bac_w1024_q10_s.jpg)
26
Алтай ауылында тұратын қазақтардың түрік халқынан үйренгені де көп. Үнемшіл әрі ұқыпты. Үйлену тойына несие алмайды, біреуді қызықтыру үшін ақша шашпайды. Түріктер сияқты жастар алдымен қалыңдық пен күйеу болып жүреді, содан соң ғана үйлену тойын жасайды. Кейбір үйлену тойы түріктердегідей шай-тамақсыз өтуі мүмкін. Дегенмен, мұндағы қазақтардың көбі қонақтарға палау басып, шайға тәтті тағамдар беруге тырысады. Түріктер мен қазақтардың той мен ас берудегі мәзірлері бірдей деуге болады. Жас отбасылар пәтер жалдап, ата-анасынан бөлек тұрады. Білім алмай, табысты жұмысқа тұрмай отбасын құруға асықпайды.
![Алтай жастары Қазақстанға көшуге асықпайды. Олар әкелері сияқты Еуропаға да қызықпайтындай көрінді. Мұндағы қазақтар арасында Қытай тілін үйреніп, Америкада тұруды армандайтындары бар. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4d209005-2777-4714-af4f-864ded122bd1_w1024_q10_s.jpg)
27
Алтай жастары Қазақстанға көшуге асықпайды. Олар әкелері сияқты Еуропаға да қызықпайтындай көрінді. Мұндағы қазақтар арасында Қытай тілін үйреніп, Америкада тұруды армандайтындары бар.