Азаттықтың карикатурашылары 2015 жылдың басты оқиғаларын шолып шықты.
2015 жыл - карикатурада
![Еуропа Одағына Кремль арқылы созылған Қазақстанның "жақын әріптес" қолы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9ec89ee9-89f7-4e2b-884b-bcf2a9f4241d_w1024_q10_s.jpg)
1
Еуропа Одағына Кремль арқылы созылған Қазақстанның "жақын әріптес" қолы.
!["Дала демократиясының дауысы" ретінде сипатталатын айтыс өнері ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мұралар тізіміне енсе де, айтыскерлер сайысы билік партиясының ықпалынан шыға алмай қалды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ef62de11-0547-49dc-8876-cf2b1b5db05e_w1024_q10_s.jpg)
2
"Дала демократиясының дауысы" ретінде сипатталатын айтыс өнері ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мұралар тізіміне енсе де, айтыскерлер сайысы билік партиясының ықпалынан шыға алмай қалды.
![Билік оппозициялық БАҚ-ты түрлі сылтаумен тінтуді және жабуды жалғастыра берді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1dd990f4-e2f1-498c-accd-1fdeb46c9b6a_w1024_q10_s.jpg)
3
Билік оппозициялық БАҚ-ты түрлі сылтаумен тінтуді және жабуды жалғастыра берді.
![Қазақстан 2015 жылы тағы да валюта дағдарысын бастан кешті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/041c4c00-084d-4231-8179-5fc4c25fcfa0_w1024_q10_s.jpg)
4
Қазақстан 2015 жылы тағы да валюта дағдарысын бастан кешті.
![Қазақстанның ғарышкері, ғарышта нақты қандай бағдарлама не зерттеумен шұғылданғаны белгісіз күйі қалған Айдын Айымбетов.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5bbf4973-5816-41e5-a52f-3859b52e97c5_w1024_q10_s.jpg)
5
Қазақстанның ғарышкері, ғарышта нақты қандай бағдарлама не зерттеумен шұғылданғаны белгісіз күйі қалған Айдын Айымбетов.
![Экономикалық дағдарыспен қатар келген мереке - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде жоспарланған телесериал түсіру туралы уәделердің өзі телесериал құсап созылып кетті.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b31c40b2-4b80-47ad-bb71-f516215c243b_w1024_q10_s.jpg)
6
Экономикалық дағдарыспен қатар келген мереке - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде жоспарланған телесериал түсіру туралы уәделердің өзі телесериал құсап созылып кетті.
![Биліктің әрбір интернет қолданушыға "қауіпсіздік сертификатын" жүктеуді міндеттеуі азаматтық қоғамда алаң тудырды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2f73e3eb-41df-4141-ba66-5d96e99cb3cc_w1024_q10_s.jpg)
7
Биліктің әрбір интернет қолданушыға "қауіпсіздік сертификатын" жүктеуді міндеттеуі азаматтық қоғамда алаң тудырды.
![2015 жылы жиілеген өзін-өзі өртеу акциясын көбіне билік орындарынан әділет пен араша тілеген адамдар жасады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9dbb94ff-806c-4e56-b1a7-6a75d698621b_w1024_q10_s.jpg)
8
2015 жылы жиілеген өзін-өзі өртеу акциясын көбіне билік орындарынан әділет пен араша тілеген адамдар жасады.
![Қазақстанда өткен президентті ерте сайлау науқаны кезінде ресми тіркелген "бәсекелес" кандидаттар үгіт-насихат жүргізу кезінде "негізгі кандидатты" мадақтаумен болды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/900dca18-671a-412c-957d-46c547741302_w1024_q10_s.jpg)
9
Қазақстанда өткен президентті ерте сайлау науқаны кезінде ресми тіркелген "бәсекелес" кандидаттар үгіт-насихат жүргізу кезінде "негізгі кандидатты" мадақтаумен болды.