Аяз Ата болып киінген екі мыңға жуық адам 27 желтоқсан күні Алматы көшелерімен жүріп өтіп, жол-жөнекей кезіккен тұрғындар мен қала қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аяз Аталар шеруі күндізгі сағат 12-де Абай даңғылы бойындағы мемлекеттік цирк ғимараты жанынан басталды. Бұл шеруге әркім қатысуға мүмкіндік алды, олар Аяз Ата киімін өздерімен бірге ала келді, ал ондай киімі жоқтарға Аяз Ата костюмі осы жерде берілді.
Аяз Аталар шеруі
![Алматыдағы Аяз Аталар шеруін баласымен бірге қызықтап тұрған әйел.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/29d8bc56-06e8-4be0-ac25-89f28e588a76_w1024_q10_s.jpg)
1
Алматыдағы Аяз Аталар шеруін баласымен бірге қызықтап тұрған әйел.
![Алматыда шеруге шыққан Аяз Аталар жол-жөнекей кезіккен барша жұртты алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/7dc98094-5e5c-4987-9ac0-d18a0b121414_w1024_q10_s.jpg)
2
Алматыда шеруге шыққан Аяз Аталар жол-жөнекей кезіккен барша жұртты алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
![Аяз Аталар шеруіне қатысушылардың кейбірі велосипед мініп шықты.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/20beb4bb-a814-41eb-97df-bd32534d6123_cx0_cy6_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Аяз Аталар шеруіне қатысушылардың кейбірі велосипед мініп шықты.
![Аяз Аталар шеруіне қатысушылар.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/03e36cb3-7e95-4586-8f94-8c98ec5bb37e_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Аяз Аталар шеруіне қатысушылар.
![Аяз Аталар шеруіне қатысушылар өткен-кеткен жұртпен амандасып, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5e2c2dbf-ee3f-40b7-80e3-60a3c30d10e4_w1024_q10_s.jpg)
5
Аяз Аталар шеруіне қатысушылар өткен-кеткен жұртпен амандасып, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
![Аяз Аталар Абай даңғылымен жүріп өткен кезде жол бойындағы бағдаршамдарда жасыл белгі жанып тұрды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/afe6e2cc-f798-412f-816a-5ed779205f94_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
Аяз Аталар Абай даңғылымен жүріп өткен кезде жол бойындағы бағдаршамдарда жасыл белгі жанып тұрды.
![Жексенбі күні Аяз Аталар шеруіне қатысушылардың барлығының жүзінде күлкі болды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c84da268-749e-4ef4-abf8-964423a2ee1f_w1024_q10_s.jpg)
7
Жексенбі күні Аяз Аталар шеруіне қатысушылардың барлығының жүзінде күлкі болды.
![Алматыдағы Аяз Аталар шеруіне бірнеше Ақшақар да қатысты.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b4198d7d-bd31-4628-b8f4-c870eeee24ab_w1024_q10_s.jpg)
8
Алматыдағы Аяз Аталар шеруіне бірнеше Ақшақар да қатысты.
![Аяз Аталар шеруінің бас-аяғы бірнеше ондаған метрге созылды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e7deb208-e365-471e-9a97-dab01a37fb80_w1024_q10_s.jpg)
9
Аяз Аталар шеруінің бас-аяғы бірнеше ондаған метрге созылды.
![Алматыдағы Аяз Аталар шеруіне үлкендер де, балалар да қатысты.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ca739fe8-a6f3-4218-9319-8b094e1b41c9_w1024_q10_s.jpg)
10
Алматыдағы Аяз Аталар шеруіне үлкендер де, балалар да қатысты.