Наурыз мейрамы қарсаңында Алматыда ашылған Иранның дәстүрлі мәдениеті мен өнеріне арналған көрмеге иран халқының "Шахнама" ұлттық эпосы кейіпкерлерін бейнелейтін көрсем суреттер мен қолөнер бұйымдары қойылды. Наурыз – парсы мен түркі халықтарына ортақ мереке. Иранда бұл мейрамды Новруз деп атайды. "Шахнама" дастанында Наурыздың қалай пайда болғаны туралы аңыз жан-жақты баяндалған. Шығармада басты кейіпкерлерінің бірі Сияуыштың жерленген күні Наурыз деп аталған, жыл сайын оны мереке ретінде атап өтетін болған.
Иран мәдениеті мен өнеріндегі Наурыз бейнесі
![Көрме Алматыдағы орталық мемлекеттік музей залдарының бірінде өтіп жатыр. Иран қалаларының сәулеті жайлы фотосуреттер көрмеге келушілердің көзіне бірден шалынады](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cb48188e-b0cd-4676-beea-e048a10685b9_w1024_q10_s.jpg)
1
Көрме Алматыдағы орталық мемлекеттік музей залдарының бірінде өтіп жатыр. Иран қалаларының сәулеті жайлы фотосуреттер көрмеге келушілердің көзіне бірден шалынады
![Көрмені ұйымдастырушылар арасында Иранның Алматыдағы бас консулдығы мен оның мәдени өкілдігі де бар. Көрменің ашылу салтанатында Иран бас консулы Хамид Реза Аршади сөйледі](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f29f2d4f-2516-4e15-98b0-308ed00235f5_w1024_q10_s.jpg)
2
Көрмені ұйымдастырушылар арасында Иранның Алматыдағы бас консулдығы мен оның мәдени өкілдігі де бар. Көрменің ашылу салтанатында Иран бас консулы Хамид Реза Аршади сөйледі
![Көрмені тамашалауға келген Қазақстан мен Иран азаматтары](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2829d8b2-5de1-476a-9fbf-fdad7c72dc7f_w1024_q10_s.jpg)
3
Көрмені тамашалауға келген Қазақстан мен Иран азаматтары
![Шараның мәдени бөлімінде Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Иран азаматтарының дуэті өнер көрсетті: бірі иран халқының ұлттық саз аспабы дафеде (дабыл) ойнап, екіншісі туған елі туралы ән шырқады. Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4d9fd149-b271-4572-9599-49da88c686f2_w1024_q10_s.jpg)
4
Шараның мәдени бөлімінде Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Иран азаматтарының дуэті өнер көрсетті: бірі иран халқының ұлттық саз аспабы дафеде (дабыл) ойнап, екіншісі туған елі туралы ән шырқады.
Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады
Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады
![Көрме эскпонаттарының көбі – "Шахнама" дастаны қолжазбасының парақтарынан көшіріп салынған көркем суреттер](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5e44f141-88ba-4a78-957a-9cdf33ccf758_w1024_q10_s.jpg)
5
Көрме эскпонаттарының көбі – "Шахнама" дастаны қолжазбасының парақтарынан көшіріп салынған көркем суреттер
![Бұл жерге парсылардың ежелден келе жатқан "Хатам" әдісімен ағаштан жасалған жазбаша заттар қойылған. Мұндағы бұйымдарға жұп-жұқа ағаштан, сүйектен немесе металдан істелген түрлі заттар жапсырып, өте күрделі геометриялық ою-өрнек түрінде безендірген](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/937482a9-2c5a-4a92-876c-7b61d873a19b_w1024_q10_s.jpg)
6
Бұл жерге парсылардың ежелден келе жатқан "Хатам" әдісімен ағаштан жасалған жазбаша заттар қойылған. Мұндағы бұйымдарға жұп-жұқа ағаштан, сүйектен немесе металдан істелген түрлі заттар жапсырып, өте күрделі геометриялық ою-өрнек түрінде безендірген
![Құран қоюға арналған мына сүйемел ағаш та "Хатам" әдісімен ою-өрнекпен безендірілген](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/38891abf-9f52-4509-8294-696db40aa397_w1024_q10_s.jpg)
7
Құран қоюға арналған мына сүйемел ағаш та "Хатам" әдісімен ою-өрнекпен безендірілген
![Қабырғаға ілінетін мына ағаш сағат та "Хатам" әдісімен жасалған](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bbf3092b-fbc1-4797-8c26-a10a80467668_w1024_q10_s.jpg)
8
Қабырғаға ілінетін мына ағаш сағат та "Хатам" әдісімен жасалған
![Көрмеге "Минакари" әдісімен жылтыр сырмен безендірілген металдан жасалған сәндік бұйымдар да қойылған](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/daa527fc-38c4-44f5-a826-0d9fac9add7c_w1024_q10_s.jpg)
9
Көрмеге "Минакари" әдісімен жылтыр сырмен безендірілген металдан жасалған сәндік бұйымдар да қойылған
!["Шахнама" кейіпкерлері Рүстем мен Сухрабты бейнелейтін мүсін](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bbdf4284-33d8-4f81-9d48-8950913330a4_w1024_q10_s.jpg)
10
"Шахнама" кейіпкерлері Рүстем мен Сухрабты бейнелейтін мүсін
![Көрмеде абыздар мен Заратуштра, сондай-ақ Шығыс шайырлары Рудаки, Фирдоуси, Омар Хайям, музыкант Барбад, "Шахнама" дастанындағы бас кейіпкерлердің бірі Рүстем мен әйелі Тахмина, олардың ұлы Сухрабты бейнелейтін шағын мүсіндер қойылған. Суретте: "Шахнама" авторы Фирдоусидің мүсіні](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e228fb14-f52d-4aac-9044-cb58afacf117_w1024_q10_s.jpg)
11
Көрмеде абыздар мен Заратуштра, сондай-ақ Шығыс шайырлары Рудаки, Фирдоуси, Омар Хайям, музыкант Барбад, "Шахнама" дастанындағы бас кейіпкерлердің бірі Рүстем мен әйелі Тахмина, олардың ұлы Сухрабты бейнелейтін шағын мүсіндер қойылған.
Суретте: "Шахнама" авторы Фирдоусидің мүсіні
Суретте: "Шахнама" авторы Фирдоусидің мүсіні
![Құран аяттарын ағашқа ойып жазған қолөнер бұйымы](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0e938ad2-b0ff-49c5-a9ea-c069a200a464_w1024_q10_s.jpg)
12
Құран аяттарын ағашқа ойып жазған қолөнер бұйымы
![Құран аяттары металға да жазылған](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e766034c-df3b-4fda-99c6-41c1bb03e833_w1024_q10_s.jpg)
13
Құран аяттары металға да жазылған