Балалар үйінен алған екі баланы тәрбиелеп отырған Алматы тұрғыны Валентина Шитикова патронат анаға айналды.
Патронат отбасы
![42 жасар Валентина Шитикова балалар үйіне қыз асырап алуға барғанын, бірақ алдымен Артем есімді ұл баланы жолықтырғанын, кейін Кристинаны да бауырына басқанын айтады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3f2279b1-d07b-4c7f-b4c7-c719efebc958_w1024_q10_s.jpg)
1
42 жасар Валентина Шитикова балалар үйіне қыз асырап алуға барғанын, бірақ алдымен Артем есімді ұл баланы жолықтырғанын, кейін Кристинаны да бауырына басқанын айтады.
![Валентина күйеуі ұшқыш болғанын, әлемнің түрлі елдеріне ұшқанын айтады. Соңғы жылдары Африкада жұмыс істеп жүріп, емделмейтін сырқатқа ұшырайды, содан дүние салады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/22b0dd68-24a2-49d9-94d0-bab87ebda24d_w1024_q10_s.jpg)
2
Валентина күйеуі ұшқыш болғанын, әлемнің түрлі елдеріне ұшқанын айтады. Соңғы жылдары Африкада жұмыс істеп жүріп, емделмейтін сырқатқа ұшырайды, содан дүние салады.
!["Ұзақ уақыт өмірдің мәні туралы ойлана келе балалар үйінен бала асырап алуды ұйғардым" дейді Валентина Шитикова. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1d5442a9-20ea-44ec-95d4-787e745fa715_w1024_q10_s.jpg)
3
"Ұзақ уақыт өмірдің мәні туралы ойлана келе балалар үйінен бала асырап алуды ұйғардым" дейді Валентина Шитикова.
![Валентина күйеуімен 15 жыл тұрған. Жұбайлардың балалары болмаған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/eae8726a-6b60-4ade-b15b-564299f9227d_w1024_q10_s.jpg)
4
Валентина күйеуімен 15 жыл тұрған. Жұбайлардың балалары болмаған.
![Оның айтуынша, балалар үйіне ұзақ уақыт барған, оларды бақылап жүрген, солайша 2011 жылдың соңында патронат ана болу туралы шешім қабылдаған. Кристина ол кезде - бесте, Артем он жаста болған. Олардың ағалы-сіңлілі екенін ол кейін білген. .](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8dd8a15d-1b4f-466b-a3f4-bb9a426fa92f_w1024_q10_s.jpg)
5
Оның айтуынша, балалар үйіне ұзақ уақыт барған, оларды бақылап жүрген, солайша 2011 жылдың соңында патронат ана болу туралы шешім қабылдаған. Кристина ол кезде - бесте, Артем он жаста болған. Олардың ағалы-сіңлілі екенін ол кейін білген. .
![Балалар мен «жаңа ананың» бір-біріне үйренісуіне біраз уақыт кетті, шиеленісті жағдайлар да болды, кейде тіпті мүлдем түсінісе алмаған кездер де бастан өтті. Бірақ бәрі тез қайтатын: бөлмелеріне тарап кетіп, сәлден соң татуласатын дейді Валентина. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9c46452c-f007-4aa8-a988-dd55a0f33913_w1024_q10_s.jpg)
6
Балалар мен «жаңа ананың» бір-біріне үйренісуіне біраз уақыт кетті, шиеленісті жағдайлар да болды, кейде тіпті мүлдем түсінісе алмаған кездер де бастан өтті. Бірақ бәрі тез қайтатын: бөлмелеріне тарап кетіп, сәлден соң татуласатын дейді Валентина.
![Биыл Кристина - үшінші, ал Артем сегізінші сыныпты бітірді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7507a165-aee7-408a-bbbb-bffb5714ddf5_w1024_q10_s.jpg)
7
Биыл Кристина - үшінші, ал Артем сегізінші сыныпты бітірді.
![Кристина Валентинаны мама деп атайды, ал Артем атын айтады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/39c905c1-6950-4f8c-b1da-a158626a9c97_w1024_q10_s.jpg)
8
Кристина Валентинаны мама деп атайды, ал Артем атын айтады.
![Туыстары басында Валентинаның таңдауын құптамайды, тек біраз уақыт өткен соң ғана ержүрек әйелге көмектесе бастайды.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/504ced1e-e653-492e-848d-be49d37444d8_w1024_q10_s.jpg)
9
Туыстары басында Валентинаның таңдауын құптамайды, тек біраз уақыт өткен соң ғана ержүрек әйелге көмектесе бастайды.
![Бос уақытында отбасы тауға шығып, саябақтар мен желекжолдарды аралағанды ұнатады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c0080564-4c1f-4fe2-ac4e-e705d3806863_w1024_q10_s.jpg)
10
Бос уақытында отбасы тауға шығып, саябақтар мен желекжолдарды аралағанды ұнатады.