Азаттық Бразилияда өтіп жатқан паралимпиада ойындарынан фотогалерея ұсынады. Рио паралимпиадасы қыркүйектің 18-іне дейін жалғасады.
Рио паралимпиадасы
![5000 метрлік қашықтыққа жарысу.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ba9e4e52-84e2-48db-91f3-8d8751950654_w1024_q10_s.jpg)
1
5000 метрлік қашықтыққа жарысу.
![Екі аяғынан айырылған 38 жастағы ирандық Алиреза Мохтари Хемамидің тас лақтыруға дайындалып отырған сәті.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/9afa29b0-c137-4ad4-81ad-8477ab43a7bc_w1024_q10_s.jpg)
2
Екі аяғынан айырылған 38 жастағы ирандық Алиреза Мохтари Хемамидің тас лақтыруға дайындалып отырған сәті.
![Австралиялық Дулан Алкотт пен Хэд Дэвидсон жұбы теннистен алтын жүлдені жеңіп алды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/76f0c968-4f0e-4d19-b5be-7056e2210a70_w1024_q10_s.jpg)
3
Австралиялық Дулан Алкотт пен Хэд Дэвидсон жұбы теннистен алтын жүлдені жеңіп алды.
![Қытайлық 20 жастағы Янг Кианг үстел теннисінен Рио паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2b96e5d1-fe33-4f67-94df-e0fb82f15625_w1024_q10_s.jpg)
4
Қытайлық 20 жастағы Янг Кианг үстел теннисінен Рио паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
![Қос қолы жоқ қытайлық Тао Женг 100 метрге шалқалап жүзуден алтын алды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/39d24170-cbc0-4d96-8339-86227cc3c623_w1024_q10_s.jpg)
5
Қос қолы жоқ қытайлық Тао Женг 100 метрге шалқалап жүзуден алтын алды.
![Зағип жандар арасында жеңіл атлетикадан 4х100 метрлік қашықтыққа өткен эстафета жарысында Өзбекстан спортшылары қола медаль иеленді.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c1a44138-3c00-4ea9-892c-02043f9567a6_w1024_q10_s.jpg)
6
Зағип жандар арасында жеңіл атлетикадан 4х100 метрлік қашықтыққа өткен эстафета жарысында Өзбекстан спортшылары қола медаль иеленді.
![Сегіз жасында тоққа түсіп, оң қолын шынтақтан төмен жоғалтқан үндістандық Девендра найза лақтырудан паралимпиада чемпионы атанды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/33749d4e-7d6d-417d-9248-af476bb64931_w1024_q10_s.jpg)
7
Сегіз жасында тоққа түсіп, оң қолын шынтақтан төмен жоғалтқан үндістандық Девендра найза лақтырудан паралимпиада чемпионы атанды.
![Көзі көрмейтіндер арасында өткен жүзу жарысына қатысушыларға бассейннің қай тұсына жеткенін білдіру үшін бапкерлері олардың денесіне арнайы таяқшалар тигізіп, белгі беріп отырады.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/454c3d97-62d0-4b79-8097-92878c10e082_w1024_q10_s.jpg)
8
Көзі көрмейтіндер арасында өткен жүзу жарысына қатысушыларға бассейннің қай тұсына жеткенін білдіру үшін бапкерлері олардың денесіне арнайы таяқшалар тигізіп, белгі беріп отырады.
![Қолы жоқ ерлер арасында 200 метрлік қашықтыққа жүзу жарысы.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/393583cc-da0a-428f-a0c8-3d21af7af92e_w1024_q10_s.jpg)
9
Қолы жоқ ерлер арасында 200 метрлік қашықтыққа жүзу жарысы.
![Жаңа зеландиялық Лиам Малони қос аяғынан айырылған спортшылар арасында 200 метрге жүгіруде паралимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/8cc749cc-2e4a-47dd-a15f-6aa126dd784d_w1024_q10_s.jpg)
10
Жаңа зеландиялық Лиам Малони қос аяғынан айырылған спортшылар арасында 200 метрге жүгіруде паралимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.
![Бір қол және бір аяғы жоқ қытайлық Ли Лу әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде паралимпиаданың алтын жүлдесіне ие болды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/00549c37-7d5a-42a8-a445-bce16ada4294_w1024_q10_s.jpg)
11
Бір қол және бір аяғы жоқ қытайлық Ли Лу әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде паралимпиаданың алтын жүлдесіне ие болды.
![Мүгедектер арбасына таңылған 36 жастағы египеттік Хани Абделхади пауэрлифтингтен ерлер арасында 88 килограмда жарысқа қатысты. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2df896ec-15df-4e69-8bf8-4aad52b7947d_w1024_q10_s.jpg)
12
Мүгедектер арбасына таңылған 36 жастағы египеттік Хани Абделхади пауэрлифтингтен ерлер арасында 88 килограмда жарысқа қатысты.
![Мүгедектер арбасында отырып семсерлесу жарысы.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c7865665-8175-4700-8346-bf7f97aa725d_w1024_q10_s.jpg)
13
Мүгедектер арбасында отырып семсерлесу жарысы.
![Қос қолынан айырылған египеттік Ибрахим Хамадтоу үстел теннисі жарысына қатысты. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5f470a6d-fabe-472c-acb0-1ae9d0a33de9_w1024_q10_s.jpg)
14
Қос қолынан айырылған египеттік Ибрахим Хамадтоу үстел теннисі жарысына қатысты.
![Зағип спортшылар арасында өтетін голбол ойынына қатысушылар.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/6dd767bc-8091-458d-98f8-5357b5fbafb9_w1024_q10_s.jpg)
15
Зағип спортшылар арасында өтетін голбол ойынына қатысушылар.
![Көзі көрмейтін спортшылар арасындағы футбол ойыны.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3ee9794d-26be-461f-a13f-c8515c44c34d_w1024_q10_s.jpg)
16
Көзі көрмейтін спортшылар арасындағы футбол ойыны.
![Қос аяғынан айырылған даниялық Стинна Кааструп ат спорты жарысынан паралимпиаданың қола жүлдесіне ие болды.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/25fe11be-09c6-4ebe-9814-86a8cb2773b5_w1024_q10_s.jpg)
17
Қос аяғынан айырылған даниялық Стинна Кааструп ат спорты жарысынан паралимпиаданың қола жүлдесіне ие болды.