Ашғабаттың орталығындағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарына баратын жолдарға бетон бөгеттер қойылған. Азаттықтың Түркімен қызметі дереккөздерінің хабарлауынша, 5-Азиада ойындары өтетін Олимпиада қалашығы маңындағы аудандарда тұрғындардың автокөлікпен жүріп-тұруы қиындаған. Жергілікті билік қыркүйектің 17-і мен 27-і аралығында Түркіменстан астанасында өтетін Азиада ойындарына дайындалып жатыр.
Азиада қарсаңындағы Ашғабат
![Ашғабаттағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарындағы жолдарда бетон қоршаулар пайда болып, автокөлік қозғалысы шектелген.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a2428135-1acf-4886-aa42-6d4edce4eee9_w1024_q10_s.jpg)
1
Ашғабаттағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарындағы жолдарда бетон қоршаулар пайда болып, автокөлік қозғалысы шектелген.
![Түркіменстан астанасындағы жолы жабылған көшелердің бірі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2ce38750-c627-40b4-8490-4eecb2f90358_w1024_q10_s.jpg)
2
Түркіменстан астанасындағы жолы жабылған көшелердің бірі.
![Шағын ауданда көшедегі жолға қойылған бетон бөгеттердің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/52f0977b-a61a-48b6-b5e8-74e4d8901ca2_w1024_q10_s.jpg)
3
Шағын ауданда көшедегі жолға қойылған бетон бөгеттердің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар.
![Халық тығыз қоныстанған шағын аудандағы көшеге қойылған бөгеттер.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/16d28647-3add-44ce-a344-6ac50fff389f_w1024_q10_s.jpg)
4
Халық тығыз қоныстанған шағын аудандағы көшеге қойылған бөгеттер.
![](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d0d8f252-91ff-4251-8c82-d332ab87b5e4_w1024_q10_s.jpg)
5
![Көшедегі жолда тұрған полиция көлігі.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a5e54809-c758-4586-b865-b9aa730f7f9a_w1024_q10_s.jpg)
6
Көшедегі жолда тұрған полиция көлігі.
![Түркіменстан билігі жабық алаңдарда өтетін Азиада ойындарына қаржыны аямай жұмсаған. Азиада ойындарына дайындыққа байланысты Ашғабаттағы орта, арнайы орты және жоғары білім беретін оқу орындарының оқытушыларын биыл жазғы демалысқа жіберген жоқ.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/db4057a5-0ff2-4f8e-be9b-615bcc6df466_w1024_q10_s.jpg)
7
Түркіменстан билігі жабық алаңдарда өтетін Азиада ойындарына қаржыны аямай жұмсаған. Азиада ойындарына дайындыққа байланысты Ашғабаттағы орта, арнайы орты және жоғары білім беретін оқу орындарының оқытушыларын биыл жазғы демалысқа жіберген жоқ.
![Хабарларға қарағанда, мамыр айынан бастап Ашғабатта бұрын сотталған адамдарды полицияға шақыртып, оларға Азиада ойындары аясында өтетін кез-келген шараға қатысуға тыйым салынатындығын айтып ескерткен.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/88b29c7a-0816-4985-a484-14bdbe4f9ee3_w1024_q10_s.jpg)
8
Хабарларға қарағанда, мамыр айынан бастап Ашғабатта бұрын сотталған адамдарды полицияға шақыртып, оларға Азиада ойындары аясында өтетін кез-келген шараға қатысуға тыйым салынатындығын айтып ескерткен.
![Ашғабатта Азиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық жалғасып жатыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3cad58d9-b0ba-42ad-b828-d3914d12fb1b_w1024_q10_s.jpg)
9
Ашғабатта Азиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық жалғасып жатыр.
![Азиада ойындарының ашылу рәсіміне дайындыққа қатысушылар.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/72e6893d-045b-4dfb-b418-f86b2828039a_w1024_q10_s.jpg)
10
Азиада ойындарының ашылу рәсіміне дайындыққа қатысушылар.
![Ашғабатқа өзге өңірлерден келетін көліктерді кіргізбеу үшін Түркіменстан билігі қаланың шетінен оларға арнайы автотұрақ салған.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4abd2454-f977-4ee7-bb81-2ae69d76502d_w1024_q10_s.jpg)
11
Ашғабатқа өзге өңірлерден келетін көліктерді кіргізбеу үшін Түркіменстан билігі қаланың шетінен оларға арнайы автотұрақ салған.