Сүндет той Өзбекстан астанасы Ташкенттен 80 километр жердегі Жамбай ауылында, қазақ отбасында өтті. Сүндетке отырған ұлдар - Досжан мен Халиданың балалары, яғни Қадырбай ақсақалдың немерелері. Ұлдарды біршама уақыт бұрын сүндетке отырғызған, бірақ той жасаудың сәті енді түсті.
Өзбекстан қазақтарының сүндет тойы
Азаттық Өзбекстан қазақтарының отбасындағы сүндет тойдан фотогалерея ұсынады.
![Сүндетке отырған ұлдар - Андос пен Жандос.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/3154903d-ac41-4855-8e2d-b1edb2a1b9c5_cx7_cy11_cw87_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
Сүндетке отырған ұлдар - Андос пен Жандос.
![Таңғы палауға әзірлік. Ауыл жастары, дос-жаран мен ұлдардың әкесінің сыныптастары тойға көмектесіп жатыр. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/a0a8ea59-042a-4934-98d9-b41c30a9004d_w1024_q10_s.jpg)
2
Таңғы палауға әзірлік. Ауыл жастары, дос-жаран мен ұлдардың әкесінің сыныптастары тойға көмектесіп жатыр.
![Палау. Дәстүр бойынша қонақтарға таңғы палау беріледі. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/e0ddd76d-6980-48f6-843a-d19f4cbbadfe_w1024_q10_s.jpg)
3
Палау. Дәстүр бойынша қонақтарға таңғы палау беріледі.
![Ұлдардың әжелері Анардың туыстары бауырсақ пісіріп жатыр. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c0191394-31e0-4fff-ba68-0c12a4fcccab_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Ұлдардың әжелері Анардың туыстары бауырсақ пісіріп жатыр.
![Таңғы палауға отырар алдында, яғни той басталар тұста музыканттар керней тартады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/1a3d03f6-6912-4e05-b938-90bf7e5e30e0_w1024_q10_s.jpg)
5
Таңғы палауға отырар алдында, яғни той басталар тұста музыканттар керней тартады.
![Тойға шақыру қағаздары. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/96fc0f32-37f4-435f-97a1-889b5eedce53_w1024_q10_s.jpg)
6
Тойға шақыру қағаздары.
![Балалардың атасы Қадырбай (Анардың күйеуі) шақыру қағаздарын толтырып отыр.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c2a39821-a567-4cfc-ab8d-e6cbc0d31362_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
7
Балалардың атасы Қадырбай (Анардың күйеуі) шақыру қағаздарын толтырып отыр.
![Жамбай ауылының ақсақалдары. Әдетте аулаға дастархан жайылып, той иелері қонақтарды күтіп алады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/85f0a4fc-6c4b-4762-847f-135946a1623d_w1024_q10_s.jpg)
8
Жамбай ауылының ақсақалдары. Әдетте аулаға дастархан жайылып, той иелері қонақтарды күтіп алады.
![Жас келін ас қамдауға көмектесіп жүр. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ae3738a6-0c88-4c3a-850e-9a4a8b79cee0_w1024_q10_s.jpg)
9
Жас келін ас қамдауға көмектесіп жүр.
![Балаларға тай мінгізді. Мұндай сыйлықтардың саны әдетте 10-ға дейін барады. Бұл тайды балалардың әкесі - Досжанның сыныптастары атады. Тайды Досжанның достарының әйелдері айдап келеді. Олар той иелеріне бірнеше күн көмектесті. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/5f2108ec-37bd-41be-981e-b9beac95a93e_w1024_q10_s.jpg)
10
Балаларға тай мінгізді. Мұндай сыйлықтардың саны әдетте 10-ға дейін барады. Бұл тайды балалардың әкесі - Досжанның сыныптастары атады. Тайды Досжанның достарының әйелдері айдап келеді. Олар той иелеріне бірнеше күн көмектесті.
![Палауды әйелдер отырған дастарханға апара жатыр. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/17a5400b-fcab-4844-98d9-e4a53abf8184_w1024_q10_s.jpg)
11
Палауды әйелдер отырған дастарханға апара жатыр.
![Немересі Жандостың бетінен сүйіп жатқан апасы Анар.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ea5d7362-9da8-4cc3-956b-3f07629fee96_w1024_q10_s.jpg)
12
Немересі Жандостың бетінен сүйіп жатқан апасы Анар.
![Күні бойы, қонақтарды қарсы алған сайын әйелдер биге шығып отырды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b396b8d5-d48b-4c80-8c05-fcc92841f4c0_w1024_q10_s.jpg)
13
Күні бойы, қонақтарды қарсы алған сайын әйелдер биге шығып отырды.
![Ақсақалдар да халық әндері айтылғанда билеп кетті. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/ccc8cf9f-bb2b-4c71-9115-f71980591ba7_w1024_q10_s.jpg)
14
Ақсақалдар да халық әндері айтылғанда билеп кетті.
![Ұлдарға атаған жылқылар жайылып жүр. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d1375f8d-df39-4126-bf93-c2f941999624_w1024_q10_s.jpg)
15
Ұлдарға атаған жылқылар жайылып жүр.