Ташкенттен 60 км жердегі Паркент қаласы маңында Бала әулие деп аталатын жайлау зиярат орнына айналған. Мұнда ғасырлар бойы қазақтар тіршілік етіп келеді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Алайда олардың көбі совет дәуірінде колхоз орталығына көшіп алған. Алайда жайлауда бірнеше отбасы тұрады. Олар қыс түсіп қыстауға көшкенге дейін осында тұрады.
Өзбекстандағы Бала әулие жайлауы
![Кезінде бұл жерде ауыл болған деседі. Ауылда мешіт пен мектеп те болса керек. 1958 жылы Никита Хрущев дәуірінде шағын ауылдар "болашағы жоқ" деп есептеліп, жойылғаны белгілі. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/688c5d07-679b-4b22-a920-e4722f23b461_w1024_q10_s.jpg)
1
Кезінде бұл жерде ауыл болған деседі. Ауылда мешіт пен мектеп те болса керек. 1958 жылы Никита Хрущев дәуірінде шағын ауылдар "болашағы жоқ" деп есептеліп, жойылғаны белгілі.
![Бала әулиеде тұратындардың көбі колхозға көшіп, мұнда малшылар ғана қалған. . ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/86bbd314-f31f-405d-998e-ae0ec5b67ffe_w1024_q10_s.jpg)
2
Бала әулиеде тұратындардың көбі колхозға көшіп, мұнда малшылар ғана қалған.
.
.
![Ата-анасымен бірге тұратын Қожахан уақытының көбін жайлауда өткізеді.Ол өзге ағайындарына қарағанда жайлауды көбірек ұнататынын айтады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/d0358cff-24da-40b4-8b5d-5a4cc43ccabe_w1024_q10_s.jpg)
3
Ата-анасымен бірге тұратын Қожахан уақытының көбін жайлауда өткізеді.Ол өзге ағайындарына қарағанда жайлауды көбірек ұнататынын айтады.
![Қожаханнның анасы Инабат бие сауып отыр. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/b3d59a68-6b3c-476b-910d-1c79a9490091_w1024_q10_s.jpg)
4
Қожаханнның анасы Инабат бие сауып отыр.
![Қожаханның әкесі Иман Юсупходжаев Бала әулиеге немерелерін де жиі әкеліп отырады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/44e18bd4-ace8-4e41-88fa-ff6e5052d3c0_w1024_q10_s.jpg)
5
Қожаханның әкесі Иман Юсупходжаев Бала әулиеге немерелерін де жиі әкеліп отырады.
![Қожаханның айтуынша, ертеде керуенмен келген бір бала бұлақ басында қалып, осында тірлік еткен екен. Өзін іздеп келген ағайындары да осында қалып қояды. Бала әулие өскен кезде Түркістанға зиярат ете барып, қайтыс болған екен. Оның өзі тұрған мекен де кейін зиярат орнына айналған. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/11ca37d8-4ab7-485e-b272-5638d6458bf6_w1024_q10_s.jpg)
6
Қожаханның айтуынша, ертеде керуенмен келген бір бала бұлақ басында қалып, осында тірлік еткен екен. Өзін іздеп келген ағайындары да осында қалып қояды. Бала әулие өскен кезде Түркістанға зиярат ете барып, қайтыс болған екен. Оның өзі тұрған мекен де кейін зиярат орнына айналған.
![Иман – осы мекеннің шырақшысы. Ол зиярат орнын тазалап, келгендерді қарсы алып, құран оқып береді. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/76c0ae21-e10b-4907-ad69-663c034b588b_w1024_q10_s.jpg)
7
Иман – осы мекеннің шырақшысы. Ол зиярат орнын тазалап, келгендерді қарсы алып, құран оқып береді.
![Қожаханның анасы Инабаттың палау пісіріп, қазанға күріш салып жатқан сәті. Бұл жерге Өзбекстанның түкпір-түкпірінен зиярат етіп келетіндер көп. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/2f06f2f9-6172-4284-b844-5f92fd0de785_w1024_q10_s.jpg)
8
Қожаханның анасы Инабаттың палау пісіріп, қазанға күріш салып жатқан сәті. Бұл жерге Өзбекстанның түкпір-түкпірінен зиярат етіп келетіндер көп.
![Қожахан егіншілікпен айналысады, арсасында көршілерінің де малын бағады. Ол бұл жерге жаңғақ ағашын отырғызуды армандайды. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/26eaa945-4ec4-4e42-89e3-71f0a2519536_w1024_q10_s.jpg)
9
Қожахан егіншілікпен айналысады, арсасында көршілерінің де малын бағады. Ол бұл жерге жаңғақ ағашын отырғызуды армандайды.
![Қожахан жайлаудан жалықпайтынын айтады. Ол ұялы телефоны арқылы жаңалықтардан хабардар болып отырады. ](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/4975a047-9b96-47dc-9bbb-22020bdabf4e_w1024_q10_s.jpg)
10
Қожахан жайлаудан жалықпайтынын айтады. Ол ұялы телефоны арқылы жаңалықтардан хабардар болып отырады.
![Жайылған құрт.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/c48208bd-5e68-42fc-a560-535a49a53fab_w1024_q10_s.jpg)
11
Жайылған құрт.
![Қожахан Юсупходжаев.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/918aaa54-84a9-4df9-9b22-5c1186ae7aff_w1024_q10_s.jpg)
12
Қожахан Юсупходжаев.
![Бала әулие жайлауы.](https://d3m1qx2mq2w942.cloudfront.net/98ebe4bd-43c5-4da9-bf9c-44efc484323f_w1024_q10_s.jpg)
13
Бала әулие жайлауы.
ПІКІРЛЕР