Алматы маңындағы Үлкен Алматы сайында қазіргі заман өнері көрмесі ашылды. Теңіз деңгейінен 2300 метр биікте ашылған, үш апта бойы өтетін көрмеге қазақстандық тоғыз суретшінің туындылары қойылған. Көрмені ЮНЕСКО-ның «Адам мен биосфера» бағдарламасының қазақстандық ұлттық комитеті ұйымдастырған, оған «Сорос – Қазақстан» қоры қаржылай көмек көрсеткен.
Қазіргі заман өнері көрмесі
![Көрменің ашылуында ЮНЕСКО-ның «Адам мен биосфера» бағдарламасының қазақстандық ұлттық комитеті төрағасы, билогия ғылымдарының докторы Роман Ященко сөз сөйледі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fa577d30-bc1c-47f4-a002-e6cbfb3b0958_cx0_cy4_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
Көрменің ашылуында ЮНЕСКО-ның «Адам мен биосфера» бағдарламасының қазақстандық ұлттық комитеті төрағасы, билогия ғылымдарының докторы Роман Ященко сөз сөйледі.
![Көрмеге келушілердің арасында "Жер - ортақ үйіміз" білім бағдарламасына қатысып жүрген балалар да болды. Елдің әр түкпірінен келген 45 дарынды баланы ересектер ертіп жүрді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/00f9eb85-5b6d-4d6b-ab1a-f73a643cb1f4_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Көрмеге келушілердің арасында "Жер - ортақ үйіміз" білім бағдарламасына қатысып жүрген балалар да болды. Елдің әр түкпірінен келген 45 дарынды баланы ересектер ертіп жүрді.
![Көрмені жүргізген куратор Яна Малиновская (Мәскеу).](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ff314344-f5d4-415c-9e84-d8c4c318d76d_cx0_cy0_cw99_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Көрмені жүргізген куратор Яна Малиновская (Мәскеу).
![Зоя Фалькованың «Күдікті симбиоз» туындысы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bb81ab93-5fd8-41b8-8ffe-9697028abb72_cx0_cy1_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Зоя Фалькованың «Күдікті симбиоз» туындысы.
![Сырлыбек Бекботаевтың «Ескерткіш (Ел)» мүсіні.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/74ae6091-ab96-4805-98df-18963873b3c0_cx0_cy3_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Сырлыбек Бекботаевтың «Ескерткіш (Ел)» мүсіні.
![Екатерина Никонорованың «Табиғатқа еліктеу» инсталляциясы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bf64c6d5-ff26-4408-a8ea-702196b52098_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
Екатерина Никонорованың «Табиғатқа еліктеу» инсталляциясы.
![Автор туындылардың артқы бетін айнамен қаптағанын табиғат пен адамның жарасымдылығы белгісі ретінде түсіндірді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a0a26adb-4655-476d-8aeb-98ba072bbcfc_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
7
Автор туындылардың артқы бетін айнамен қаптағанын табиғат пен адамның жарасымдылығы белгісі ретінде түсіндірді.
![Деректі фильм режиссер-операторы Сүйінбике Сүлейменованың «Қорық кинотеатры» инсталляциясы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ba8f72a9-5b00-49dc-a7a3-089fd126bb87_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
Деректі фильм режиссер-операторы Сүйінбике Сүлейменованың «Қорық кинотеатры» инсталляциясы.
![Алексей Шиндиннің «Заман дариясы» туындысы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/80890039-a3f5-4704-8906-aa6a759e9c16_w1024_q10_s.jpg)
9
Алексей Шиндиннің «Заман дариясы» туындысы.
![Көрермендер Эльдар Таги мен Лена Позднякованың «Сандық сандар бағында» жоғалып бара жатқан не сирек құстардың үндерін тыңдап жүр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/55a6b0d4-a8ee-4db8-9bae-b45ba0c22c59_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
Көрермендер Эльдар Таги мен Лена Позднякованың «Сандық сандар бағында» жоғалып бара жатқан не сирек құстардың үндерін тыңдап жүр.
![Әсел Қадырханованың «Өзге әріптер» туындысында Абайдың «Сен де - бір кірпіш дүниеге» деген сөзі бейнеленген.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9d6ba0f2-53a5-4d0c-a7f8-1c2da7dbe636_w1024_q10_s.jpg)
11
Әсел Қадырханованың «Өзге әріптер» туындысында Абайдың «Сен де - бір кірпіш дүниеге» деген сөзі бейнеленген.
![Бақыт Бүбіханованың «Жеңіс аркасы» туындысы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/52146e45-cc4d-4f53-8f17-6b502c8bf126_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
12
Бақыт Бүбіханованың «Жеңіс аркасы» туындысы.
![Александр Угайдың «Ең беткі қабат» туындысы.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/804b2bd4-987c-47f5-a732-d05a20556434_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
13
Александр Угайдың «Ең беткі қабат» туындысы.