5 наурыздағы дерек бойынша, әлемде Covid-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 96 мыңнан асып кетті. 3310 адам көз жұмды. 54 мың адам дерттен айыққан. Олардың көбі Қытайда. мұнда 80400 жұқтырып, 3013 адам қаза болды. Орталық Азия елдерінде вирус жұқтырғандар жоқ. Қазақстанда вирус табылған елдерден келген мыңға жуық адам карантинде жатыр. Әлемнің біраз елінде маскі киген жұрт көбейді.
Маскадағы әлем
![Маскі киген Токио тұрғыны Незу храмының тории қақпасынан өтіп бара жатыр. Жапониядағы вирус жұқтырғандар саны мың адамнан асып кетті. 5 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a10b3102-1167-4ab4-b58d-3344e47184d9_w1024_q10_s.jpg)
1
Маскі киген Токио тұрғыны Незу храмының тории қақпасынан өтіп бара жатыр. Жапониядағы вирус жұқтырғандар саны мың адамнан асып кетті. 5 наурыз 2020 жыл.
![Ирактың Күрдістан аймағынан Сирияға келген жолаушылар. 1 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fcb11613-e377-4d18-8601-06bb4cda903a_w1024_q10_s.jpg)
2
Ирактың Күрдістан аймағынан Сирияға келген жолаушылар. 1 наурыз 2020 жыл.
![Сеул көшесін дезинфекциялап жүрген әскерилер мен маскі киген тұрғын. Бұл елде дертке шалдыққандар саны алты мыңнан асып кетті. 40 адам қаза тапты. 5 наурыз 2020 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/eba00c59-9ea0-4435-b760-b9605f2ba594_w1024_q10_s.jpg)
3
Сеул көшесін дезинфекциялап жүрген әскерилер мен маскі киген тұрғын. Бұл елде дертке шалдыққандар саны алты мыңнан асып кетті. 40 адам қаза тапты. 5 наурыз 2020 жыл.
![Маскі киіп, көзілдірік таққан адам компьютерден Covid-19 вирусы жайлы жаңалық оқып отыр. Бангалор, Үндістан. 4 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b71fdfcc-8d9e-4b5d-96ec-f79bb82819da_w1024_q10_s.jpg)
4
Маскі киіп, көзілдірік таққан адам компьютерден Covid-19 вирусы жайлы жаңалық оқып отыр. Бангалор, Үндістан. 4 наурыз 2020 жыл.
![Ирактағы билікке қарсы наразылыққа коронавирусқа қарсы маскімен келгендердің бірі. Бұл елде 35 адам дертке шалдығып, екеуі бақилық болды. Басра қаласы, Ирак. 5 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cefbab35-684f-45cb-b363-a39daacc24bb_w1024_q10_s.jpg)
5
Ирактағы билікке қарсы наразылыққа коронавирусқа қарсы маскімен келгендердің бірі. Бұл елде 35 адам дертке шалдығып, екеуі бақилық болды. Басра қаласы, Ирак. 5 наурыз 2020 жыл.
![Бағдадтағы Тахрир алаңында билікке қарсы наразылық білдіріп отырғандарға шай құйып жатқан әйелдер. 4 наурыз 2020 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a6d5c532-be47-4b0d-af6e-f0139a74a7ab_w1024_q10_s.jpg)
6
Бағдадтағы Тахрир алаңында билікке қарсы наразылық білдіріп отырғандарға шай құйып жатқан әйелдер. 4 наурыз 2020 жыл.
![Маскі киген медицина қызметкерлері елдегі билікке қарсы митинг алдында полицейлердің дене қызуын тексеріп жатыр. Таиланда 40-тан аса адамға вирус жұғып, бір адам қайтыс болды. Бангкок, 1 наурыз 2020 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/37bdb9ad-0a22-418f-98e5-7972f95d3b98_w1024_q10_s.jpg)
7
Маскі киген медицина қызметкерлері елдегі билікке қарсы митинг алдында полицейлердің дене қызуын тексеріп жатыр. Таиланда 40-тан аса адамға вирус жұғып, бір адам қайтыс болды. Бангкок, 1 наурыз 2020 жыл.
![Франциядағы маскі шығаратын шағын зауытта отырған жұмысшы. Елде 288 адамға вирус жұққан соң маскіге сұраныс артып, бұл зауыттағы жұмысшылардың саны 20-дан 60-қа артты. Мабли қаласы, Франция. 28 ақпан 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/30bfce8a-88fe-483b-bf66-d3ec7fab5c83_w1024_q10_s.jpg)
8
Франциядағы маскі шығаратын шағын зауытта отырған жұмысшы. Елде 288 адамға вирус жұққан соң маскіге сұраныс артып, бұл зауыттағы жұмысшылардың саны 20-дан 60-қа артты. Мабли қаласы, Франция. 28 ақпан 2020 жыл.
![Кувейт қаласында маскі киген жұрт автобус күтіп отыр. Бұл елде вирус 58 адамға жұққан. 2 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4db395c4-e641-4011-94dc-25a268b79695_w1024_q10_s.jpg)
9
Кувейт қаласында маскі киген жұрт автобус күтіп отыр. Бұл елде вирус 58 адамға жұққан. 2 наурыз 2020 жыл.
![Кувейт көшесінде жүрген жұрт. 2 наурыз 2020 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f998c280-d221-4e47-8141-8f0918a7a4a5_w1024_q10_s.jpg)
10
Кувейт көшесінде жүрген жұрт. 2 наурыз 2020 жыл.
![Маска киген футбол жанкүйерлері Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы матчының басталуын күтіп отыр. 1 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2a806cd2-cee4-434a-9ab8-dd50dc4c3862_w1024_q10_s.jpg)
11
Маска киген футбол жанкүйерлері Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы матчының басталуын күтіп отыр. 1 наурыз 2020 жыл.
![Парламентке сайланған әскерилер кезекті сессиядан шығып келеді. Бұл елде әскерилер парламенттегі ширек бөлігін алып, биліктің бір тармағын ұстап отыр. Үш әскери – елде министр. Мьянмада коронавирус тіркелген жоқ. 4 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/177f5e3a-3aec-4945-8ec6-5b5cb3ee1979_w1024_q10_s.jpg)
12
Парламентке сайланған әскерилер кезекті сессиядан шығып келеді. Бұл елде әскерилер парламенттегі ширек бөлігін алып, биліктің бір тармағын ұстап отыр. Үш әскери – елде министр. Мьянмада коронавирус тіркелген жоқ. 4 наурыз 2020 жыл.
![Гонконг әуежайында маскі киген ұшқыштар. Бұл елде вирус жүзден астам адамда табылып, екі адам көз жұмды. 5 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/464243f9-de3f-4cca-b90f-50dc5ee9e23d_w1024_q10_s.jpg)
13
Гонконг әуежайында маскі киген ұшқыштар. Бұл елде вирус жүзден астам адамда табылып, екі адам көз жұмды. 5 наурыз 2020 жыл.
![ Ирандық дәрігер Гома қаласындағы ИмамРеза ауруханасында Covid-19 вирусын жұқтырған науқасты емдеп жатыр. Иранда 3500-ден астам адамға вирус жұқты. 107 адам опат болды. 4 наурыз 2020 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/73aa9ef1-d66f-4c61-9ce9-4707da41ba5a_w1024_q10_s.jpg)
14
Ирандық дәрігер Гома қаласындағы ИмамРеза ауруханасында Covid-19 вирусын жұқтырған науқасты емдеп жатыр. Иранда 3500-ден астам адамға вирус жұқты. 107 адам опат болды. 4 наурыз 2020 жыл.
ПІКІРЛЕР