Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмелерінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары. 26 қазан 2019 жыл.
Тар қапас. ДАИШ содырлары қамалған түрме
![AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әл-Хасака қаласындағы мына түрмеде ДАИШ (Ислам мемлекеті) террорлық ұйымының бес мыңға жуық содыры қамауда отыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2f502804-35a2-4c6c-9143-cda112e39b4f_w1024_q10_s.jpg)
1
AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әл-Хасака қаласындағы мына түрмеде ДАИШ (Ислам мемлекеті) террорлық ұйымының бес мыңға жуық содыры қамауда отыр.
![Қамалғандар арасында жастар да бар. Олар ұзақ уақыттан бері сыртқа шығып, күн көзін көрмеген. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2cde3244-a65c-4700-878e-46291b9fe673_w1024_q10_s.jpg)
2
Қамалғандар арасында жастар да бар. Олар ұзақ уақыттан бері сыртқа шығып, күн көзін көрмеген.
![Түрмеде төсек жоқ. Барлығы еденде ұйықтайды. Түрме бөлмесінің бұрышында жалғыз дәретхана тұр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/007aa8fa-72ad-400b-8d78-7fa4d07604cb_w1024_q10_s.jpg)
3
Түрмеде төсек жоқ. Барлығы еденде ұйықтайды. Түрме бөлмесінің бұрышында жалғыз дәретхана тұр.
![Қамалғандар сыртта не болып жатқанынан хабарсыз. Олардың күні бес уақыт намазбен өлшенеді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/3cd1b54c-320e-4724-8ed3-d27a5830d570_w1024_q10_s.jpg)
4
Қамалғандар сыртта не болып жатқанынан хабарсыз. Олардың күні бес уақыт намазбен өлшенеді.
![Қамалғандардың көбі жараланған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2a8a8006-db3d-45ab-b165-95126b4812f5_w1024_q10_s.jpg)
5
Қамалғандардың көбі жараланған.
![Түрмеде отырғандардың көбі елдеріне оралғысы келеді. Бірақ Батыс елдері ДАИШ сапына қосылған азаматтарынан қауіптенеді және оларды алып кетуге құлықсыз. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5cde0674-cda4-4d48-b070-decf119267a8_w1024_q10_s.jpg)
6
Түрмеде отырғандардың көбі елдеріне оралғысы келеді. Бірақ Батыс елдері ДАИШ сапына қосылған азаматтарынан қауіптенеді және оларды алып кетуге құлықсыз.
![Түрмедегі жағымсыз иіс қолқаны қабады.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/91772959-2fb0-4f9e-9ac4-2824098ca390_w1024_q10_s.jpg)
7
Түрмедегі жағымсыз иіс қолқаны қабады.
![Түрме қызметкерлерінің сөзінше, қамауда отырғандар бірнеше рет бүлік шығаруға талпынған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bba19025-61dc-4e27-baba-a07a43d47204_w1024_q10_s.jpg)
8
Түрме қызметкерлерінің сөзінше, қамауда отырғандар бірнеше рет бүлік шығаруға талпынған.
![Түрме күзетшілері қамалғандарды сыртқа шығаруға қорқады. Қарауылдың бірі "олар өте қауіпті" деп қысқа қайырды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bf534e96-dca0-4e31-9ab6-e264bd00d1ba_w1024_q10_s.jpg)
9
Түрме күзетшілері қамалғандарды сыртқа шығаруға қорқады. Қарауылдың бірі "олар өте қауіпті" деп қысқа қайырды.
![AFP дерегінше, түрмеде отырғандар арасында Орталық Азия елдерінің азаматтары да бар. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/34058cb1-6c68-45f4-8028-244e0a9c40a1_w1024_q10_s.jpg)
10
AFP дерегінше, түрмеде отырғандар арасында Орталық Азия елдерінің азаматтары да бар.
ПІКІРЛЕР