Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинге ресми сапармен барып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Си Цзиньпин "Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін" Назарбаевпен бірге басқаруға дайын екенін айтты. 7 маусым 2018 жыл.
Назарбаевтың Қытайға сапары қалай басталды?
![Си Цзиньпиннің Назарбаевты қарсы алған сәт. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/55fe22f7-f7a7-4f7f-8c1b-c019b49b1e8c_w1024_q10_s.jpg)
1
Си Цзиньпиннің Назарбаевты қарсы алған сәт.
![Назарбаев Си Цзиньпинді Компартия төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қытай арманын" жүзеге асыру ісінде Компартия рөлінің артқанын айтты.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/0dbec9d2-383a-48a2-a6af-15de52f066bb_w1024_q10_s.jpg)
2
Назарбаев Си Цзиньпинді Компартия төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қытай арманын" жүзеге асыру ісінде Компартия рөлінің артқанын айтты.
![Назарбаевтың айтуынша, екі ел басшылары 2012 жылдан бері 18 кездесу өткізіп, 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойған.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/744cb688-06cb-4aca-ab6a-84a36300a5f7_w1024_q10_s.jpg)
3
Назарбаевтың айтуынша, екі ел басшылары 2012 жылдан бері 18 кездесу өткізіп, 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойған.
![Си Цзиньпин Назарбаевқа "Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін" деді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e78dd4cb-3129-41ff-9750-68f4d9da166a_w1024_q10_s.jpg)
4
Си Цзиньпин Назарбаевқа "Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін" деді.
![Назарбаевтың сөзінше, 2017 жылы Астана мен Пекиннің өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтаған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/21f8d110-ef2d-4c7a-811e-d9c7f63791ce_w1024_q10_s.jpg)
5
Назарбаевтың сөзінше, 2017 жылы Астана мен Пекиннің өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтаған.
![Назарбаев 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне де қатыспақ.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e53333bd-5fc9-495b-9ca5-93d8c69439c9_w1024_q10_s.jpg)
6
Назарбаев 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне де қатыспақ.
![Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/b451a6c9-7a6c-40df-a1f6-6989cd6d20f1_w1024_q10_s.jpg)
7
Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойды.
![Назарбаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановпен бірге отыр. Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қысым туралы сөйлескен я сөйлеспегені белгісіз. Бұл туралы Ақорда сайтындағы хабарламада айтылмаған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fa4a6d52-08a7-4868-889a-7f4dd0637809_w1024_q10_s.jpg)
8
Назарбаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановпен бірге отыр. Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қысым туралы сөйлескен я сөйлеспегені белгісіз. Бұл туралы Ақорда сайтындағы хабарламада айтылмаған.
![Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен де кездесті. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/c48a9de1-719e-45fa-8bed-d84d30e888e8_w1024_q10_s.jpg)
9
Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен де кездесті.
ПІКІРЛЕР